Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәннің мазмұны



2.1.Лекциялық материалдың мазмұны (15 сағат)

Модуль аты Лекция мазмұны Сағаттар саны
Модуль №1 Формалді кинетика. Қарапайым және формалді қарапайым гомогенді бірбағыттағы реакциялар Химиялық кинетиканың негізгі түсініктері. Химиялық реакцияның жылдамдығы, жылдамдыққа әсер ететін әртүрлі факторлар. Химиялық кинетиканың негізгі постулаты. Орташа және лезде жылдамдық. Химиялық реакцияның жылдамдық константасы, физикалық мәні. Химиялық реакция механизмі, қарапайым сатылар, қарапайым акті. Реакцияның молекулалығы мен реттілігі. Бірінші, екінші және нөлінші ретті қарапайым қайтымсыз реакцияларды кинетикалық талдау. Жартылай ыдырау периоды. Әртүрлі ретті реакциялардың жылдамдық константасының өлшемі. Жабық жүйелерде қарапайым және формалді қарапайым реакциялар үшін жылдамдық константасы мен ретін анықтау әдістері: орнына қою әдісі, графикалық әдіс, Оствальд-Нойес-Раховский әдісі, Оствальдтің қанық әдісі, Вант-Гофф әдісі. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі. Вант-Гофф ережесі. Вант-Гоффтың температуралық коэффициенті. Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері туралы Аррениус заңы, теңдеулері мен енгізулері. Активтену энергиясы, физикалық мәні, тәжірибелік және шын активтену энергиясы. Активтену энергиясын анықтау әдістері. 5 сағат (1-5 лекция)
Модуль №2 Катализ. Гомогенді және гетерогенді катализдің негізгі түсініктері. Гомогенді катализ. Каталитикалық активтілік және селективтілік. Гомогенді каталитикалық реакциялардың кинетикасы. Қышқылды-негізді катализ. Ферментативті катализ. Гетерогенді катализ. Катализатордың бетіндегі адсорбция. Гетерогенді каталитикалық реакцияның негізгі сатылары. Гетерогенді каталитикалық реакцияның кинетикасы, Лэнгмюрдің адсорбциялық теориясы. 2 сағат (6-7 лекция)
Модуль №3 Электрохимия. Электролиттер ерітінділері. Электролиттер ерітінділерінің термодинамикалық және электростаатикалық теориялары. Электролиттер ерітінділерінің электр өткізгіштігі. Электрохимиялық реакциялардың негізгі сипаттамалары. Электростатикалық диссоциация себебі. Электростатикалық диссоциацияның жағымды және жағымсыз жақтары. Аррениустың электростатикалық диссоциация теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі сольватация мен гидратация. Электролиттер ерітінділерінің термодинамикалық теориясы. Активтілік және активтену коэффициенті. Ерітіндінің иондық күші. Льюис-Рендаль ережесі. Дебай-Гюккельдің күшті электролиттер теориясы. Электролиттер ерітінділерінің электростатикалық теориясының негізгі түсініктері.   4 сағат (8-11 лекция)
  Бірінші, екінші және үшінші жуықтауларындағы активтік коэффициенттерге арналған теңдеулер. Оларды қолданудың қанық облыстары. Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі. Меншікті және молярлы электр өткізгіштік. Әлсіз және күшті электролиттердің электр өткізгіштігінің концентрацияға тәуелділігі. Кольрауш, Дебай-Онзагер заңдары. Электрофоретикалық және релаксациялық эффектілер. Вин және Фолькенгаген эффектілері. Қозғалмалылық және тасымал сандары, Тасымал сандарын анықтау әдістері.  
Модуль №4 Электрод-электролит ерітіндісі шекарасындағы қос электрлік қабат. Электрохимиялық процестердің термодинамикасы. ЭҚК және электродтық потенциалдар. Фазалар шекарасында потенциалдың күрт өзгеруі. Қос электрлік қабаттың құрылысы. Гельмгольцтің, Гуи-Чапменнің, Штерн және Грэмнің теориялары. Гальваникалық потенциал, беттік, сыртқы потенциал, олардың табиғаты. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші (ЭҚК). Нернст теңдеуі. Тепе-теңдік және стандарттық электродтық потенциалдар. Электрохимиялық элементтің термодинамикасы. Стандартты термодинамикалық функцияларды және электрохимиялық реакциялардың тепе-теңдік константасын ЭҚК әдісімен анықтау. Электродтар түрлері. І және ІІ текті электродтар. Тотығу-тотықсыздану электроды. Лютер ережесі. Амальгамды және газды электродтар. Электрохимиялық элементтер түрлері. Химиялық гальваникалық тізбектер. Тасымалданатын және тасымалданбайтын концентрлі тізбектер. Диффузді потенциал.   4 сағат (12-15 лекция)

Барлығы: 15 сағат (лекция)




Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1155 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...