Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Химиялық кинетика және электрохимия” курсы бойыншы лабораториялық тәжірибе сабақтардың тематикалық жоспары



Семестр аптасы Тәжірибелік сабақтар сұрақтары Тексеру түрлері, сағат саны
  Кіріспе сабақ. Пән бойынша оқу процесінің ұйымдастыру сұрақтары: дәріс сабақтарының графигі, тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру және өткізу, пән бойынша силлабус ұсыну, қауіпсіздік техникасы және кредиттік технология бойынша сабақтарды өткізу ережесіне қойылатын жалпы талаптар. Эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу. Орташа квадратты қателік, сенімділік интервалы және сенімділік ықтималдылығы. Стьюдент коэффициенті. Графикті тұрғызу ережесі. Интерполяция және экстрополяция. Сызықты теңдеу, графикті сызықты түрге келтіру. Кіші квадраттар әдісі. 4 сағат
  Химиялық реакцияның жылдамдығы, орташа және лезде реакция жылдамдығы. Химиялық кинетиканың негізгі постулаты. Элементарлы және әртүрлі ретті біржақты формалды жай гомогенді реакциялардың кинетикалық талдауы. СӨЖ сұрақтары: 1. Химиялық реакцияның механизмі, тепе-теңдік сатылар және химиялық реакцияның элементарлы актілері. 2. n-ретті реакцияның кинетикалық талдауы (әрекеттесуші заттардың концентрациясы тең болған жағдайда) 2 сағат Есептер шығару.
  Жабық жүйеде формалды жай және элементарлы реакциялар үшін константа жылдамдығы мен реакция ретін анықтау әдістері: орнына қою әдісі, графикалық әдіс, Нойес-Оствальд-Раковский әдісі, Оствальдтің қанық әдісі, Вант-Гофф әдісі. СӨЖ сұрақтары: 1. Әрекеттесуші заттардың концентрациялары тепе-тең кезіндегі реттілігі әртүрлі (0, 1, 2, 3, n) реакциялар үшін жартылай түрлену (жартылай ыдырау) периодының жылдамдық константадан тәуелділігін жаз. 2. Концентрациялық және уақытша реакция реті, олардың ерекшелігі және анықтау әдістері. 2 сағат Есептер шығару.
  Химиялық реакциялар жылдамдығына температураның әсері. Вант-Гофф ережесі, Вант-Гоффтың температуралық коэффициенті. Реакция жылдамдығынеа температураның әсері туралы Аррениустың заңы, активтену энергиясының жуықтаулары және теңдеуі, физикалық мағынасы. Активтену энергиясының анықтау әдістері. СӨЖ сұрақтары: 1. Молекуланың активтелінуі қалай жүреді, мүмкін болатын әдістерді көрсет. 2. Теріс активтену рэнергиясы. Теріс активтену реакциясы қандай реакциялар үшін байқалады және неге? 2 сағат Есептер шығару.  
  №1 рубежді бақылау Тақырып бойынша тестілік сұрақтар, есептер шығару. №1 рубежді бақылау
  Күшті электролиттер ерітінділерінің термодинамикалық теориясы. Активтілік және активтілік коэффициенті. Ерітінділердің иондық күші. Льюис-Рендель ережесі. Дебай-Гюккельдің күшті электролиттер теориясы. Негізгі ұғымдар, бірінші, екінші және үшінші жуықтауларындағы активтілік коэффициенттер үшін теңдеулер, оларды талдау. СӨЖ сұрақтары: 1. Аррениустың электролиттер диссоциациялану теориясының оң және теріс жағы. 2. Идеал, шексіз сұйытылған және идеал емес ерітінділер. 2 сағат Есептер шығару.
  Электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігі. Меншікті және молярлы электрөткізгіштік, олардың концентрациядан тәуелділігі. Кольрауш, Дебай-Онзагер заңдары. Электрофоретикалық және релаксациялық эффектілер. Вин және Фолькенштейн эффектілері. СӨЖ сұрақтары: 1. Сусыз ортада электрөткізгіштік. 2. Қозғалғыштық, иондардың абсолютті қозғалғыштығы. Кондуктометрия. 2 сағат Есептер шығару.
  Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің ЭҚК. Нернст теңдеуі. Гальваникалық элементтің термодинамикасы, термодинамикалық функцияны және ЭҚК әдісімен электрохимиялық реакцияның тепе-теңдік константасын анықтау. Электродтар типі, осы электродтарға қолданылатын Нернст теңдеуі. СӨЖ сұрақтары: 1. Электрохимиялық жүйелерге қолданылатын Гибс-Гельмгольц теңдеуі. Потенциометрия, теориялық негіздері және қолданбалы аспектілер. 2 сағат Есептер шығару.
  №2 рубежді бақылау: барлық курс бойынша комплексті тест немесе теориялық сұрақ. 2 сағат

Барлығы: 15 сағат

Тәжірибелік сабақтар (6 жұмыс) – 44 сағат

Тәжірибелік практикумның жалпы сағат саны – 60 сағат




Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 1542 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...