Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндіріс шығындарының классификациясы



1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

2. Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:

3. Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

3.1. Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелді:

- орташа тұрақты шығындар АҒС;

- орташа өзгермелі шығындар АҮС;

- орташа жалпы шығындар АТС =АҒС+АҮС

Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.

2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.

3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нөльге шығады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.

3.2. Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар

МС есептеледі – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.

Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (ҮС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

1. , TC – жалпы шығындар.

2. – мұнда: МС-шекті шығындар, Q - өндірілген өнім саны.

3. мұнда: AТC – орташа жалпы шығындар.

4. , мұнда: AFC – орташа тұрақты шығындар.

5. , мұнда: AVC – – орташа өзгермелі шығындар.

6. , мұнда: АТС – орташа жалпы шығындар.

5 кесте.

Тапсырма. Кестені толтырыңыз, қысқа мерзімдегі шығындарды есептеп шығару керек.

Q FC VC TC MC AFC AVC ATC
        - - - -
        (100-50)/1-0=50      
        120-100/2-1=20      
               
               
               
               
               

Фирма тұрақты шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады. Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.

Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім.

Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

1. Жалпы табыс –

2.Орташа табыс –

Q

3. Шекті табыс –

Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім.

Жалпы өнім (Q) – өзгермелі факторлардың белгілі бір көлемін қолданғандағы өндірілген өнімнің саны.

Орташа өнім (АР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімді (Q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:

,

мұнда Ғ1-өзгермелі фактор.

Шекті өнім (МР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін өзгермелі фактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады:

.

Масштаб эффектісі ұзақ мерзім кезеңінде фирманың іс-әрекет процесінде пайда болады. Бұл процесте орташа шығындар мен өндірістің қарқыны өзара байланыста болады. Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб эффектісі дегеніміз - өндіріс қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық факторлар іске кіргенде өнімнің саны өсе бастайды да шығындардың азаюына төмендегі себептер әсерін тигізеді:

1. Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделіленген сайын, жоғары деңгейлі кәсіби жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.

2. Басқару аппаратының мамандандырылуы.

3. Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал-саймандарды сатып алу мүмкіншілігі туады.

4. Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізуді қаржыландырудың артықшылығы.

5. Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.

6. Тауар өткізуді (сатуды) қаржыландырудың артықшылығы.

Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ та, өндіріс қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс қарқыны баяулайды да, шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шығатын шығындар өсе бастайды, себебі кәсіпорын өзінің тиімді күш-қуатының ең жоғары деңгейіне жеткеннен кейін, келесі кезеңде өндірістің өсуі шығынға әкеледі де, өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.

Фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі: қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша: кәсіпорын пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі) шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).

Қысқа мерзім кезеңіндегі фирманың тепе-теңдігін 4 типке бөлуге болады:

1. Өзінің орташа өзгермелі шығындарын ғана (АҮС=Р) жаба алатын фирманы шектеулі деп атайды. Мұндай фирма аз ғана уақытта ғана шаруашылығын жүргізеді.

2. Баға төмендеген жағдайда фирма бәсекеге түсуге қабілетсіз болады, яғни ағымдағы шығындарын жаба алмаған соң саладан кетуге мәжбүр болады. (АҮС >Р) Бұл пайдасыз фирма деп аталады.

3. Егерде баға жалпы орташа шығындардан артық болса (АТС>Р), онда фирма әдеттегіден тыс артық пайда алады. Бұл артық пайда алатын фирма деп аталады.

4. Баға өскен жағдайда фирма ағымдағы шығындармен қатар барлық шығындарын жауып, орташа шамада пайда алатын болса, бұл әдеттегі пайда алатын фирма деп аталады.

Ұзақ мерзім кезіңінде фирма орташа шығындарын азайту арқылы өндірісін кеңейтуге ұмтылады. Өнімділіктің өсуімен орташа жалпы шығындар азаяды, керісінше өнімділіктің азаюымен орташа шығындар өседі.





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 1156 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...