Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Прокариоттағы гендер экспрессиясын реттейтін молекулалық механизмдер. Оперон теориясы



Генетикалық ақпарат – экспрессияланады, яғни әрі қарай жүзеге асады.

ДНҚ молекуласының бойында орналасқан гендердің бәрі бірдей, бір мезгілде экспрессияланбайды. Ол 1-ден – жасуша тіршілігінің белсенділігіне ж/е даму кезеңіне, 2-ден – гендердің экспрессиялануының реттелу механизмдеріне байланысты болады. Сонд, бір мезгілде әр түрлі жасушаларда түрліше гендер экспрессияланады ж/е ағза дамуының әр түрлі кезеңдерінде бір жасушаның түрліше гендері эскпрессияланады.

Сонымен қатар қатар, жасуша гендерін 2топқа бөледі: 1) конститтутивті н/е «тұрмыстық» гендер -бұл гендер кез келген жасушалардың тіршілігі үшін қажет ақуыздарды(ферменттерді) анықтайды. Бактериялар үшін бұл – глюкоза метаболизімінің ферменттері.

2) «молшылық» гендер. Осы гендердің экспрессиялануы нәтижесінде әртүрлі жасушаларда әр түрлі ақуыздар синтезделінеді. Мыс.: эпителий жасушаларындағы мелонин, бұлшық ет жасушаларында миозин, көздің тор қабаты жасушаларында опсин, родопсин, т.б.

Кластерлі гендер – бір белгіні дамытуға қажет ақуыздарды анықтайтын бірнеше гендер ДНҚ бойына қатар орналасып, бірге транскрипцияланатын гендер. Кластерлі гендердің бәрі бірдей транскрипцияланып ортақ полицистронды а-РНҚ түзіледі.

Оперон – генетикалық ақпараттың транскрипциялану бірлігі. Оперонның құрамына аталған гендермен қатар промотор ж/е оператор д/а-н ерекше құрылымдарда кіреді.

Оперон теориясы – Бактериялардың бірнеше алмасу реакцияларын катализдейтін ферменттірдің гендері оперон д/а-н құрылымдық-қызметтік бірлікке біріктірілген.

Оперонның 2 түрі белгілі: индукцияланатын;репрессияланатын оперон.

34) Индукция ж/е репрессия механизмдерін реттейтін оперондардың қызметі:

Оперонның 2 түрі белгілі: индукцияланатын;репрессияланатын оперон. (Көк кітапта 77-78 бетте)

35) Эукариоттардағы гендер экспрессиясының реттелуі:

Эукариоттарда гендер активтілігі реттелуінің 2 типін ажыратады.

1) Қысқа мерзімде н/е қайтымды реттелу бактериялар/ғы реттелуге сәйкес ортадағы өзгерістерге жасушаның жауап қайтаруы болып табылады.

Реттелудің бұл типі жасушадағы субстрат деңгейінің жоғары н/е төмен болуына байл-ты ферменттер активтілігінің өзгеруімен сипатталады. Осы реттелу типіне сонымен қатар митоздық түрлі кезеңдерінде байқалатын ДНҚ, РНҚ ж/е белоктардың синтезделу жылдамдығының өзгерістерін де жатқызады.

2) Ұзаққа созылған н/е қайтымсыз реттелу – дамудың ұрықтану ж/е зигота түзілу кезеңінен бастап көп жасушалы ағза түзілуге дейінгі аралықта жүретін детерминация, дифференция (эукариоттарда гендер),т.б. процестерінде жүреді.

Эукариоттарда гендер активтілігі реттелудің осы 2 типі тұқымқуалаушылық ақпараттың жүзеге асырылуының мына кезеңдерінде байқалады:

1) Геномдық деңгейде (ДНҚ) реттелу

2) Транскрипциялық деңгейде реттелу

3) Трансляциялық деңгейде реттелуі

4) Посттранскрипциялық деңгейде реттелу





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4765 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...