Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Күнтізбелік - тақырыптық жоспар

Тәжірибе тақырыптарының аты Апталар
Тақырып 1. Тәжірибе базасымен танысу. Жергілікті мемлекеттік басқару жөніндегі заңдылықты зерттеу.  
Тақырып 2. Жергілікті өкілеттік немесе атқарушы органның іс-әрекетінің экономикалық және қаржылық негіздері.  
Тақырып3. Мәслихаттар қызметінің құрылуы, компетенциясын, қызметін ұйымдастыру. Акимат қызметін зерттеу.  
Тақырып 4.Мемлекеттік билік және жергілікті басқару органдарының қызметін жоспарлау.  
Тақырып 5. Басқару шешімдерін қабылдауда жергілікті мемлекеттік басқару органдардың іс-әрекеттерінің анализі.  
Барлығы 5 апта

Мазмұны

Кіріспе    
1. Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы Заңы»  
1.1. Мәслихаттарды құру, олардың құзыреті және қызметін ұйымдастыру  
2. Ақтоғай кеше және бүгін  
2.1. «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы Ережесі. «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.  
2.2. «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің құрылымы  
2.3. Кадр және қызметкерлермен жұмыс бөлімінің мақсаттары мен міндеттері  
Қорытынды  
Пайдаланылған әдебиеттер  
Қосымшалар  

Кіріспе

Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді.

Жергілікті басқару – демократиялық қоғамның маңызды институттарының бірі. Студенттердің өндірістік тәжірибесі – бұл оқу жоспарымен сәйкес жүргізілетін оқу барысының ажырамас бөлігі және студенттерге мамандық бойынща тәжірибелік білім, жұмыстың дағдыларын алып, теориялық білімдерді бекітіп, студенттің қажетті ұйымдар мен кәсіпорындармен іскер байланысуларды орнатуға мүмкіндік береді.

Қабылданған Заңға сәйкес жер­гілік­ті мемлекеттік басқару – заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi;

Мәслихаттар мен әкiмияттар өз қызметiнде:

1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;

2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан

Республикасының мүдделерiн сақтауға;

3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы

мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;

4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.


1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ «ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ»

бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

ОсыЗаңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әкім жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі;

2) әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;

3) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасы - тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі;

3.1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасы – мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою бойынша құзыреті шегінде жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені;

4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;

6) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

6-1) жергілікті қоғамдастық жиналысы – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

6-2) жергілікті қоғамдастық жиыны – тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысуы;

7) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі осы заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік –аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;

8)жергілікті басқару осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі;

9) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

10) жергілікті өзін-өзі басқару органдары — осы Заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;

11) жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;

12) мәслихат аппараты - тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;

13) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны;

14) мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету функцияларын жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;

15) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі - тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 414 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...