Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық нормасы



Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 қарашада өткен «Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөйлеген сөзінен.

1. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.

2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекеттік игілігіне жұмыс істеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.

3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресін?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.

4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.

5. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.

6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.

7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек.

8. Егер мемлекеттік мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.


Қорытынды

Мемлекеттік жұмыс атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы» Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.

Практиканы өту кезеңінде мен «Ақтоғай ауданы әкімі аппараты» ММ кадр және қызметкерлермен жұмыс бөлімінде кадр жұмысымен таныстым. Заңдарын, сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарымен, мемлекеттік қызметті өткізу ережесімен, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережесімен, Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану ережесімен таныстым.

Практика өту кезеңінде практикалық және кадр және қызметкерлермен жұмыс бөлімінің бас маманы – Құдашбаев Ж.З. тапсырмаларын орындадым.

Практика жұмысын қорытындылай келгенде мемлекеттік қызметке қатысты көптеген жағдайлардың мән-жайымен танысқанымды, мемлекеттік бос лауазымға қалай конкурс бойынша орналасуға болатындығы туралы және ауысу тәртібімен қалай ауысуға болатындығын білдім, таныстым.

Қазақстан Республикасы Президенті 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін орындауда аудан әкімі аппаратының және ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының ғимараттарында барлығы көретін орындарда мемлекеттік және орыс тілдерінде Ар-намыс Кодексінің мәтіні орналастырылған.

Тәжірибе барысында, теориялық білімді пайдалана отырып, болашақтағы мамандыққа қатысты бағалы мәліметтер жинақтадым. Өткен өндірістік тәжірибе есеп жазу үшін арнайы мәліметтерді алуда айрықша маңызды болды.

Теориялық білімді іс жүзінде бекіту- болашақ маман үшін аса пайдалы. Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бүгінде үлкен сұранысқа ие, қажетті мамандық екеніне осы тәжірибе барысында көз жеткіздім.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конститутциясындағы бекітілген негізгі ережелер;

2. Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001ж №148 – ІІ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті басқару туралы» Заңы өзгертулер мен толықтырулар 25.04.01ж №179-ІІ; 24.12.01ж №276 – ІІ; 21.05.02ж №324-ІІ;

3. Қазақстан Республикасының «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

4. Қазақстан Республикасының нормативтік және заңнамалық актілері;

5. «Ақтоғай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

6. http://aktogay.gov.kz/


Қосымша 1.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 706 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...