Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақтоғай ауданының соңғы бес жылдық хронологиялық кестесі



  22 қаңтарда Омаров Қабдырахман ауданға әкім болып тағайындалды.
2010 жылы «Отау» телеарнасы қосылып, аудан жұртшылығы 38 каналды тамашалауға қол жеткізді
2010 жылы Нүркен селолық округінің Көпбейіт деген елді мекенінде Машақ болысқа арналып ас беріліп, ескерткіш тақта орнатылды. Ауылға Машақ болыстың аты берілді.
2010 жылы Ақтоғай селосындағы жазғы стадион мен археологиялық-этнографиялық мұражай ғимараты жол картасы бағдарламасы қаржысымен күрделі жөндеуден өткізілді.
2010 жылы 9 мамырында Ұлы Жеңістің -65 жылдығына орай Қазбек Нұржанов есімі саябаққа берілді сонымен қатар қос қапталына майдан даласынан елге оралып, бейбіт өмірде еңбек жасап қайтыс болған жауынгерлер есімі жазылған тақта қойылған болатын солардың ашылуы өтті.
2010 жылы 16 маусымында «Арқаның ақтаңгер Асылмұраты» атты Бүкіл одақтық және республикалық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты «Тоқырауын толқыны» халықтық ән-би ансамбілінің белді мүшесі марқұм Асылмұрат Аханов атындағы аймақтық ән байқауы өтті.
2010 жылы 16 қараша айында Қараменде би ауылына қарасты Қуаныш ауылында жаңа мешіт тұрғызылды.
2010 жылы 2 желтоқсанында «Тәуелсіздік және Нарманбет Орманбетұлының шығармашылығы» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Оған Астана мен Алматы қалаларынан жазушылар келіп қатысып, баяндамалар жасады.
2011 жылы 21 қазанда Тілеубергенов Қайыржан әкім болып тағайындалды.
2011 жылы Ақтоғай селосы мен Жидебай селолық округінде балаларға арналған спорт алаңдары ашылды.
2011 жылы Ә.Бөкейхановтың ата-бабалары жерленген Талды бейіт зиратына қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
2011 жылы О.Жәутіковтің туғанына 100 жыл толуына арналған Республикалық ғылыми конференция өтті. Оған академик Н.Қ.Білиев бастаған 11 ғалымдар Астана мен Алматыдан келіп қатысты.О.Жәутіковтің баласы Болат Орынбекұлы әкесінің ата-мекенінде болды.
2011 жылы сәуір-маусым айларында Нұр Отан ХДП-ның хатшысы, саясаттанушы Ерлан Карин ауданымызда болып Түркі әлемінің ескерткіштерімен ең бастысы Ә.Бөкейхановтың туған жерімен ата-бабалары жерленген Талды бейіттегі «Төретам» зиратымен танысты
2011 жылы Алаш көсемдері Ә.Бөкейхановтың туғанына 145 жыл, Ж.Ақбайдың туғанына 135 жыл, Ә.Ермековтің туғанына 120 жыл толуына арналған танымдық конференция өтті.
2011 жылы даңқты күйші Дина Нұрпейісованың 1951 жылы ауданға келіп концерт қойғанда сахнада төсенетін кілемшесін ата-аналары 60 жыл бойы сақтаған Алтын Балтабаева көненің көзіндей болған қастерлі мұра ретінде мұражайға тапсырды.
2012 жылы 28 тамызда Әбеуова Салтанат ауданға әкім болып тағайындалды.
2012 жылы Күләш Байсейітованың туғанына 100 жыл толу мерекесі Ақтоғай ауданында облыстық деңгейдегі шара ретінде салтанатпен аталып өтті. Республиканың әр облыстырынан келіп қатысқан ақындар айтысында бас жүлде автомашинаны ақын Мақсат Аханов жеңіп алды. Туған жері әркімнің бір таласында жүрген Күләштің ата-бабаларының тұрағы болған мекеніне сілтеме-анықтаушы белгі ретінде ескерткіш тақта орнатылды.
2012 жылы Сақ дәуірінің археологиялық ескерткішіне жататын Көрпетай тауындағы 37 батыр кешеніне арнаулы экспедициялық жұмыс тобы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
2012 жылы Ақтоғай селосындағы Ә.Бөкейхан даңғылы бойынан жаңа алаңның құрылысы басталды
2013 жылы 29 маусымда Омарханов Ниқанбай ауданға әкім болып тағайындалды.
2013 жылы Имек елді мекеніне жоғарғы кернеулі электр желісі тартылып бітті.
2013 жылы Нарманбет ақынның мазарына қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
2013 жылы Аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартылып, безендірілді.
2013 жылы Алтынбеков Қомардың рухына арнап баласы Қомарұлы Бегзат ас беріп, қатым-құран түсіртіп, құранды жатқа айтатын қарилердің Республикалық деңгейдегі жарысын өткізді.2013 жылы Шашубай кентінде Кеңестік кезеңнен иессіздікте бұзылып қалған 5 қабатты тұрғын үй кешені қайыра жөндеуден өткізіліп, 70 тұрғын пәтер алып, қоныс тойын тойлады.
2014 жылы Ақтоғай селосындағы орталық алаңға тарихи «Алаш» қозғалысының басталғанына 100 жыл толуының қарсаңында «Алаш алаңы» атауы берілді.
2014 жылы Ақтоғай селосынан тәуелсіздік жылдарындағы тұрғызылған алғашқы күрделі құрылыс ретінде жаңа типті денешынықтыру сауықтыру кешенін салу басталды.
2014 жылы қолөнер шебері Шабанбай би ауылының тұрғыны Төлеубаева Қамаш Қазақстан Республикасы қолөнер шеберлерінің атынан Тибеттің Неопал қаласында өткен халықаралық қолөнер шеберлерінің көрмесіне қатысып, арнаулы сертификат алды.
2014 жылы аудан орталығынан жаңадан балалар алаңының құрылысы жасалып пайдалануға берілді.
2014 жылы Ақтоғай ауылындағы Куләш Байсейтова көшесіне күрделі жөндеу жүргізіліп, селоның барлық басты көшелеріне жаңадан электр шамдарын орнату жұмысы қолға алынды.
2014 жылы Ақтоғай қонысын таза ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырларын су ұңғымаларынан бастап су жинайтын мұнараға дейін қайыра тарту және «Ақбұлақ» бағдарламасымен Айыртас, Сарытерек ауылдық округтерінің орталықтарына жаңадан су құбырларын тартып, орнату жұмыстары жүргізілді.
2014 жылы бұрыңғы №14 Кәсіптік техникалық училищенің 5 қабатты жатақхана ғимараты коммуналдық меншікке алынып, жас жанұяларға тұрғын үй жасау үшін және аудандық мекемелер кеңсесі мен өнер мектебін орналастыру мақсатында күрделі жөндеу бағдарламасына енгізілді.
2014 жылы ауылшаруашылығының өрісін кеңейтіп, азық-түлік базасын құс өсіру арқылы молайту мақсатында 5000-ға тарта қаз балапандары Ақмола облысынан алдырылып, нәсібін кәсібінен табамын деген отбасыларына арзан бағамен үлестіріліп берілді.

Қосымша 2.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің туралы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 544 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...