Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Осымша әдебиеттер



  1. Корреспонденция счетов по МСФО //Библиотека бухгалтера и предпринимателя – БИКО:2006»
  2. Палий В.Ф. Международные стандарты финансовой отчетности. – Москва: ИНФРА-М, 2002 г.
  3. Терехова В.А. Международные и национальные стандарты учета и финансовой отчетности. – Москва: «Питер», 2003 г.

4. ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар, Алматы 2009ж.

5. ҚР қаржы министрлігінің 23.05.2007 ж. № 184 «Жария мүдделі ұйымдардың жариялауына арналған жылдық қаржылық есептілік нысандарын және тізімін бекіту туралы» бұйрығы

6. ҚР қаржы министрлігінің 06.06.2007 ж. № 197 «Қаржылық есептілікті депозитарийге ұсыну ережелерін бекіту туралы» бұйрығ

7. Kieso D.E., Weygandt I. I. Inter-mediate Accounting 7-th ed. 1992

Курс саясаты

Курс саясатынстуденттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар АЛМУ студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.

Ұсынылатын ережелер мен талаптар қатары төменде көрсетілген:

«Қаржылық есеп 2»пәнін игеру сабаққа, практикалық және зертханалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ-на міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өздік жұмыс лекция сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды теориялық оқу, немесе лекция сабақтарының теориялық курсына кірмей қалған яғни қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттермен терең іздену болып табылады. Оқытушының басқаруымен студенттің өздік жұмысы дәріс(леция) сабақтарындағы тақырыптарды тереңдете оқып, бойына сіңіруді қарастырады.

Студент ОБСӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Студент сабаққа белгілі себептермен(анықтама қағазымен растау) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау өткен материалдарды сұрау, билет бойынша(сұрақ,тест) өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады(Аралық бақылау қалай өткізілетінін көрсету керек).

Емтихан тест түрінде өткізіледі.

Курсты меңгеру шарты:

- міндетті түрде сабаққа қатысу;

- практикалық(зертханалық) сабақтарда белсенділік;

- сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ және т.б орындау;

- тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру;

- төзімді, ашықжарқын және мейірімді болу;

- жауапкершілікті және нақтылы болу.

Рұқсат етілмейді:

- Себепсіз сабақтан қалу;

- Сабаққа кешігу және кету (кешіккен студент сабаққа жіберілмейді, себебі ол сабақ өту тәртібін бұзады). Сонымен қатар сабақта тәртіп бұзған студент аудиториядан(дәрісханадан) шығарылады да 0 балл қойылады;

- Сабақ үстінде ұялы телефон қолдану;

- Белгіленген уақыттан тыс тапсырмаларды тапсыру және т.т.(белгіленген уақытта тапсырылмаған тапсырмалар қабылданбайды және оларға баға қойылмайды);

- Емтихан кезінде көшіру. Емтихан кезінде көшірген жағдайда студент аудиториядан шығарылады да оған 0 балл қойылады. Бақылау шаралары өткен кезде белгілі себептермен қатыса алмасаңыз, оқытушының белгілеген уақытымен қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі (Аб және Қб деканның рұқсатымен тапсырылады), қарсы болған жағдайда 0 балы қойылады.

Академиялық әрекет пен этика саясаты Корпоративті мәдениет кодексін, Студенттің этика кодексі мен АЛМУ-ның ішкі тәртіп ережелерін негізге алады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 254 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...