Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны және бақылау әдісі



L

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы Менеджмент Университетi» КЕББМ

БАҒАЛАУ, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ

Оқу-әдістемелік Кеңес отырысында бекітілді

Кеңес төрайымы

__________ Н.C.Дуйсенгулова

«__» _________2014ж., № __

Білім беру бағдарламасы бакалавриат

Мамандығы 5B050800 – «Есеп және аудит»

Оқу түрі - күндізгі

Аржылық есеп 2» пәні бойынша

СИЛЛАБУС

Курс: 3

Семестр: 5

Кредит саны: 3

«Бағалау, есеп және аудит» кафедрасының оқытушысі э.ғ.к., доценті Досманбетова Ә.С.

Телефон: 3022148, кабинет №121

Алматы, 2014

Құрастырған: э.ғ.к., доцент ____________________ Досманбетова А.С.

Силлабус 5B050800- «Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған «Қаржылық есеп 2» курсының жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған

Силлабус «Бағалау, есеп және аудит» кафедра отырысында қарастырылды «27» тамыз 2014 ж., хаттама №1.

Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент _____________________________Л.А.Нургазиева

КІРІСПЕ

Қаржылық есеп 2 – ұйымның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге бизнес пен бухгалтерлік есепті таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты – экономика саласында кез - келген мамандыққа оқып жатқан студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға қаржылық есеп ақпараттарын және қаржылық есептің стандарттарын қалай қолдану қажеттілігін және осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Бұл курс қаржылық есеп - 1 пәнінің жалғасы болып табылады және де мұнда қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп беру кезеңдеріне шолу жүргізіледі.

Қаржылық есеп-2 курсы бухгалтерлік есеп стандарттарын дұрыс пайдалану үшін, қаржылық есепті енгізу тәртібі мен оның талаптарға сай әдістемесі және ұйымдастырылуы жайлы есеп және аудит мамандығы бойынша студенттерге қажетті білім береді.

Аталмыш пәнді оқыту әдісі төменде көрсетілгендерді қарастырады:

Алдыңғы деректемелер: Білімгер нақты курсты оқып білуі үшін, келесі пәндерден базалық білімі болуы қажет: экономикалық теория, статистика, қаржы, қаржылық есеп принцптері.

Соңғы деректемелер: «Бухгалтерлік есеп негіздері», «Бухгалтерлік есеп қағидалары», «Аралық қаржылық есеп».

Пәннің сипаттамасы: «Ілгерілемелі қаржылық есеп» пәні студенттердің қаржылық есептің тұжырымдамалары мен негізгі қағидалары саласындағы терең теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын қалыптастыруға; қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептіліктің барлық нысандарын дайындауға бағытталған курс.

Пәнді оқытудың мақсаты: студенттердің қаржылық есептіліктің стандарттарын меңгеріп, оларды есеп тәжірибесінде қолдану дағдысын жақсартуға, сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдап, әрі талдау жасаумен байланысты кәсіби ойлау биімділігін жетілдіруге ықпал ету. «Қаржылық есеп-2» - қаржылық есеп-1 жалғасы, бухгалтерлік есеп мамандығында оқитын студенттерге арналған.

Пәнді оқытудың міндеттері: курс бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын зерттеумен байланысты іргелі тақырыптарды, атап айтқанда жал ақы есебі, табыс салығының есебі, қаржылық құралдар есебі, инвестициялар есебі, т.б. қарастырудан тұрады.

Жалпы біліктілік:

· білу: ой өрiсi кең, жоғары бiлiмдi адамның құрастыруы және ойлау мәдениетіне себепшi болатын (әлеуметтiк, гуманитарлық, экономикалық) жаратылыстану-ғылыми пәндердiң теориялық негiздерi; экономика, менеджмент, маркетингтiң теориялық негiздерi, қаржы тағы сол сияқтылар.; экономиканың мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен әдiстерi, мемлекеттiк секторды рөлі; дәстүрлердiң жұртшылық пiкiр негiзделген әлеуметтiк-этикалық құндылықтар, қағамдық нормалар, iскер әдептiң нормасы және оларды сақтау; заңға сүйенген жүйе және Қазақстан заңының негiздерi.

· іскерлік: әр түрлi әлеуметтiк жағдайларда дұрыс бағытталу; өз кәсiби қызметiндегi белгiлi әлеуметтiк-әдеп құндылықтарына бағытталу; өз командасында жұмыс iстей білу, өз көзқарасын дурыс жеткізу, жаңа шешiмдердi ұсыну; ұжым пiкiрiмен өз пiкiрiн ара қатынасын белгiлеу; кәсiби және жеке тұлғы ретінде өсуге ұмтылу; кәсiби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдану;

· дағдыны меңгеру: жаңа технологияларды қолдана білу, магистратурада білімін жалғастыру және күнделікті кәсіби іске қажетті жаңа білімді қабылдау; белгісіз және тәукел жағдайда экономикалық және ұйымдастыру шешімдерін қабылдау.

Курс өтілгеннен кейінгі білім мен біліктілікке қойылатын талап:

- Курс бойына оқытылған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының мазмұнын, қолданылу аясын білу;

- Қаржылық есептіліктің барлық нысандарын есептің халықаралық стандарттарына сай дайындай білу;

- Қаржылық есептіліктерге талдау жүргізе білу.

«Қаржылық есеп 2» пәнінен күнтізбелік тақырыптық жоспар

Тақырыптар   Апта бойынша бөлінуі
Дәріс Тәжірибе сөж соөж
  Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ҚЕХС 3) 1-2      
  Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік (ҚЕХС 27)     2-3 2-3
  Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40)     3-4 3-4
  Ақша есебі және уақытша құны     4-5 4-5
  Жал есебі (ҚЕХС 17)       5-6
  Бірлескен қызметке қатысу (ҚЕХС 31       6-7
  1 Аралық бақылау - - -  
  Қаржылық ивестицияларды бағалау және оның есебі (ҚЕХС 32, 39) 8-9 7-8 7-8  
  Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері. Шетелдік қызмет (ҚЕХС 21)   8-9    
  Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12)   9-10 10-11 10-11
  Акциядан пайда (ҚЕХС 33)     11-12 11-12
  Есеп саясаты, есептеме бағаларындағы өзгерістер мен қателіктер (ҚЕХС 8)   12-13 13-14 13-14
  Байланысты тараптар (ҚЕХС 24) 14-15 14-15 14-15 14-15
  2 Аралық бақылау        
  Қорытынды емтихан       16-18

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны және бақылау әдісі





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 829 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...