Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орытынды бағалауды есептеу әдісі



«Қаржылық есеп 2»пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (Рж), 1Рейтинг пен 2Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан(ұпайдан) кем болмауын талап етеді.

Емтиханға жіберу рейтингі (Рж) төмендегідей есептеледі:

(1 рейтинг + 2 рейтинг):2 (орташаарифметикалық мәні)

Рейтинг 1 (рейтинг 2 де) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады (орташаарифметикалық мәні).

«Қаржылық есеп 2»пәні бойынша балдардың жинақталу тәртібі.

Семестрдің алғашқы 7 аптасында «Қаржылық есеп 2»пәні бойынша 6 практикалық сабақтарын/тапсырмаларын/ өту қарастырылады («Практикалық және зертханалық сабақтар, бақылау мен бағалаудың түрлері», «ОБСӨЖ-ын өткізу кестесі» силлабуста кесте түрінде көрсетілген).

Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады.

Семестрдің келесі 8 аптасында «Қаржылық есеп 2»пәні бойынша 6 практикалық сабақтарын/тапсырмаларын/ өту қарастырылады. 2 Рейтинг = (2Аб + 2Рб): 2 құрайды.

Қорытынды бақылау Қб (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі 50 балдан кем емес балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі. Қорытынды баға (Қб): (Рж+Қб):2 құрайды.

Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады. Курстық жұмыс (жоба) тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Себепсіз дәрістен(лекция) қалу тапсырған тапсырманың бағасын 2 балға, практикалық және зертханалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 2 балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.

Балмен қорытынды баға (ҚБ) Балдардың сандық баламасы (С) Әріптік жүйемен бағалау (Ә) Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)
95-100   А Өте жақсы  
90-94 3,76 А-
85-89 3,33 В+ Жақсы  
80-84 3,0 В
75-79 2,67 В-
70-74 2,33 С+ Орташа (Қанағаттанарлық)  
65-69 2,0 С
60-64 1,67 С-
55-59 1,33 D+
50-54 1,0 D
0-49   F Қанағаттанарлықсыз

ДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» (2014 ж. өзгерістерімен)Заңы - www.Законы.kz

2. Қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну тұжырымдамасы – www.Минфин.kz

3. Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz

4. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 487 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...