Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәзір командасын таңдау



Turbo Pascal программалау ортасымен танысу

1. Программаны іске қосу.

Turbo Pascal программалау ортасын іске қосу үшін Мой компьютер-ді ашып, Program на univer(P:) дискіні таңдап, оның ішінде ТР7 буманы, одан кейін BIN бумасын - Turbo.exe файлды іске қосу керек. Сонда нәтижесінде экранда 1-суретте көрсетілгендей программаның терезесі ашылады.

1-сурет. Turbo Pascal программалау ортасының терезесі.

Turbo Pascal программалау ортасының түзету терезесінің элементтерімен танысу.

Turbo Pascal программалау ортасы кез келген санды терезелерді ашуға мүмкіндік береді, бірақ белсенді болып тек бір терезе бола алады. Белсенді терезе – ол осы мезетте жұмыс жүріп жатқан терезе. Кез келген таңдалынған команда немесе енгізілген мәтін белсенді терезеге ғана қатысты. Терезелердің бірнеше түрлері бар, бірақ көпшіліктерінде мынадай элементтер бар:

1 Тақырып жолы;

2 Жабу батырмасы;

3 Айналдыру жолақтары;

4 Терезе өлшемін өзгерту бұрышы;

5 Масштаб батырмасы;

6 Терезе нөмірі.

Бұл элементтердің орналасуы 2-суретте көрсетілген.

2-Сурет. Turbo Pascal программалау ортасының түзету терезесінің элементтері.

Мәзір командасын таңдау.

Пернетақта көмегімен команданы таңдау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

1 F10 батырмасын басу. Сонда мәзір қатары белсенді болады.

2 Мәзірді таңдау үшін бағыттауыштары бар батырмаларды қолданып, Enter батырмасын басу. Орындалатын әрекетті тоқтату үшін Esc батырмасын басу керек.

3 Қажет командаларды таңдау үшін бағыттауыштары бар батырмаларды тағы да қолданып Enter батырмасын басу керек.

Тышқан көмегімен команданы таңдау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

1 Қажет мәзір тақырыбында тышқанмен сырт еткізу.

2 Қажет команданы тышқанмен сырт ету.

Turbo Pascal мәзір командаларын таңдаудың бірнеше жедел тәсілдерін ұсынады. Мәзір элементтерінің көпшіліктеріне сәйкес «ыстық батырмалар» берілген, олар сол уақытта команданы іске қосады немесе сұхбат терезені ашады. Сонымен бірге, қалып-күй жолында команда аты үстінен тышқанмен сырт етуге де болады. Келесі кестеде Turbo Pascal-да жиі қолданылатын батырмалардың комбинациялары берілген:

1-Кесте. Жалпы клавиатуралық комбинациялары.

Батырма Мәзір элементі Функциясы
F1 Help Экранға анықтаманы шақыру
F2 File – Save Белсенді терезедегі файлды сақтау
F3 File – Open Файлды ашу үшін сұхбат терезені шақыру
F4 Run – Go to Cursor Курсор тұрған жерге дейін программаны іске қосу
F5 Window – Zoom Белсенді терезені масштабтау
F6 Window – Next Келесі ашық терезеге көшу
F7 Run – Trace Into Процедураларының ішіне кіріп тексеру режимінде программаны іске қосу
F8 Run – Step Over Процедураның шақыруына соқпай өтіп тексеру режимінде программаны іске қосу
F9 Compile – Make Ағымды терезе үшін Make іске қосу
F10 (none) Мәзір жолына қайту

Мәзірдің кейбір пунктісін жедел таңдауы келесі кестеде көрсетілген батырмаларымен орындалады.

2-Кесте. Мәзірдің клавиатуралық комбинациялары.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 914 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...