Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

в. Сингапур мен Гонконг 5 страница



Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, торырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпақдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгермеген.

Өсімдіктері жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Солтүстіктен оңтүстікке дейін 1600 км-ге созылып жатқан Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Шөлді аймақтарда (Сарыесік, Атырау, Мойыеқұм, Бетпақдала, т.б.) сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі.

Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Өйткені шөп қоры мал жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін қажет материал болып саналады. Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11,4 млн гектар жерін (4,2%) ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, оның тамырын бекітуде, егіндік-шабындық жерлерді қорғау мен құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауаны шаң-тозаңнан тазартып, аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтау да ормандар мен жасыл өсімдіктер пайдалы. (17)

(Қ-ң физикалық географиясы,8 сынып оқулығы, 146-148б.)

Сөздік:

1) өсімдік жамылғысы – растительный покров

2) торырақ –пыль

3) әсер ету – оказывать влияние

4) едәуір бөлігі – значительная часть

5) ойпат – низменность

6) сәл ғана – немного, чуть-чуть

7) үлгермеген – не успел

8) созылып жатқан –

9) жазиралы дала – широкая степь

10) қамқорлық жасайды - защищает

III. Қазақстан қорықтары

Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ланшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Сонғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.

Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600–ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн гектар. Біздің республикамыздың жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 24 табиғат ескеркіші бар.

Қорық- ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қорығы-құланды, Қорғалжын қорығы –қоқиқазды, Үстірт қорығы – дала қойын, Алматы қорығы –Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақсатымен құрылған. (11)

Сөздік:

1) қоршаған орта – окружающая среда

2) ағарту – просвящать

3) құнды – ценный

4) жиынтық – набор, совокупность

5) болжау – предвидеть, прогнозировать

6) анықтау – определить

7) аңшылық – охот, охотоводство

8) тұқымы құрып бара жатқан (өсімдік) – исчезающие виды (растения)

9) табиғи күйінде – в природном виде, в первозданном виде

10) қоқиқаз - фламинго

Тапсырмалары:

1. Оқылым

1. Жұппен жұмыс. 1-ші мәтінді оқып, қорықтар тізімін жазу, тізімдерді салыстыру.

2. Мәтінді қайтадан оқып, сөйлемдерді толтырыңыз.

· Қорықтардың негізгі мақсаты -.................................

· Мемлекет қорғауына алынған аумақтарының жиынтығында......................

· Көлемі бойынша ең ірі, қорғауға алынған аумақ -.............................

· Қорық.................................. мақсатымен құрылған.

2. Сөйлесім

1. Тақырып бойынша сұхбаттасу. Сөздікте берілген сөздерді пайдалану.

2. Кесте ішіндегі артық сандарды атаңыз, берілген сандарға байланысты ақпарат беріңіз.

Қырық екі Жеті Сегіз Жиырма алты Жиырма бес Жүз жиырма төрт Жетпіс сегіз Елуге жуық Жиырма төрт

Жазылым

· Мәтінге қосымша сөздік құру (10-15 сөз)

· Әр абзац мағынасына байланысты 1 сұраулы сөйлем жазу;

· Мәтінде берілген етістіктердің синонимдық қатарын жасау;

· 2-3 сөйлем арқылы мәтіннің негізгі ойын жазу.

4. Тыңдалым

1. Бейне фильм көрсету(YOUTUBE-тан). Түсінгенін ортаға салу.

5. Тілдесім

1. Берілген ойды дамытыңыз.

Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Қазақстанның кең байтақ даласында өсімдіктердің көптеген түрлері кездеседі.........

2. Сұхбатты жалғастырыңыз.

-Сәлем, Марат!

-Сәлем, Динара!

-Мен сені көрмегеніме екі жыл болды, қалың қалай, жұмыс істейсің бе?

-Иә, мен Қорғалжын қорығында жұмыс істеп жүрмін.

-Қорықта не істейсін?

-................................

- ......................

21-тақырып: Экологиялық мәдениет. Ұлттық мәдениет.

22-тақырып: Сән әлемі. Ұлттық киім. Ұлттық ою-өрнек.

23-тақырып: Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер

24-тақырып: Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер

25-тақырып: Көлік тасымалы логистика. Байланыс

Көлік тасымалы. Логистика. Байланыс

Оқылым.

Көлік – шаруашылық саласының үшінші басты саласы болып табылады. Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін құрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың әсіресе аумағы өте үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.

Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің қарқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.

Құрлық көлігінің құрамына теміржол, автомобиль және құбыр жолы кіреді. Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел – тас жолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы – 25 млн. шақырымға жуық.

Автомобиль көлігінің өте қарқынды дамуы көліктің жылдамдығына әрі жүкті шалғай аудандарға жедел жеткізуіне байланысты. Жалпы алғанда, дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы, жолаушы тасыиалының 80 %-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді.

Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн. 180 мың шақырымға жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінде АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 10 шаршы шақырым жерге 10 шақырым теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында.

Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуды. Ұзындығы 4,5 мың шақырым болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерлерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.

Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиесілі. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, К

ипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары.

Тапсырмалар:

1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

A) Қазақстанда қандай өсімдіктер қызыл кітапқа енгізілген?

B) Макаренко бала тәрбесі туралы қандай пікір айтады?

С) Балаға тәрбие берудегі мақсат қандай?

D) Басқа ұлттардың қандай салт-дәстүрлері бар?

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Бала тәрбиесі баланың саналы болып өсуіне көмек береді.

В) Ғылыми-техникалық революция қарқынды жүруде.

С) Амазонка өзені Атлант мұхитына құяды.

D) Салауатты өмір салты заңға қайшы келмейді.

3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) заң, достық, орман, дала, өсімдік.

В) жауын, саңырауқұлақтар, дәрі-дәрмек.

С) халықтық, ізгіліктік, жеке-даралық, діни.

D) досы көпті жау алмас.

4. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А) Халықаралық жаңалықтарды тыңдадық.

В) Табиғатты қорғау баршаның міндеті.

С) Бала тәрбиесі басты міндеттердің бірі.

D) Жастар сенбілікке шықты.

5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Баланы тәрбиелеудегі басты міндеттер қандай?

А) демалыс уақытында ата-анасына қолғабыс ету

В) заң бұзушылықтың салдарын түсіндіру

С) өзін қоршаған адамдармен ғана қарым-қатынас жасау

D) балаға өмірде өз орнын табуына көмек беру

6. Мәтіндегі негізгі ойды таңдап, түсіндіріңіз.

А) Бала тәрбиесі - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі.

В) Адам ұрпағымен қымбат, адам баласының ең қызығы, бақыты ұрпағының жалғасы.

С) Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ.

D) Ал қазақ отбасының өзіндік ерекшеліктері бар.

7. Мәтінге нақты тақырып таңдаңыз.

А) Бала адамның бауыр еті

В) Баланы үй базар...

С) Ел болам десең, бесігіңді түзе

D) Қазақ отбасы туралы

Тыңдалым

- Кешіріңіз, театрға дейін әлі алыс па?

- Театр көп қой, сізге қай театр керек? Иә, маған Абай атындағы опера және балет театры, дәлірек айтқанда соның жанындағы саябаққа бару керек еді.

- Түсінікті, ол саябаққа дейін біраз жер бар. Таксимен немесе осы жерге №9-троллейбус тоқтайды, сонымен баруға болады. Қай жерден түсу керектігін кондуктордан сұрарсыз. Аялдамадан түскен соң, 300 метрдей алға жүрсеңіз, іздеген саябағыңыз оң жағыңызда болады.

  1. Қате ақпаратты табыңыз.

А) Саябаққа тіке баратын көлік жоқ

В) Саябаққа №9 троллейбус барады

С) Саябақ опера және балет театрының жанында

D) Саябақ аялдамадан түскен соң оң жақта болады

  1. Дұрыс ақпаратты көрсетіңіз. Жөн сұраушы қайда бара жатыр?

А) Такси тоқтатуға

В) Театрға опера тыңдауға

С) Кондуктордан жөн сұрауға

D) Театр жанындағы саябаққа

  1. Мәтінді бірнеше рет қайталап оқыңыз. Мәтін бойынша түсінген ақпаратты досыңызға айтып беріңіз

Тыңдалым

Байланыс құралдары.

Байланыс құралдары қазіргі кезде ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүние жүзінде байланыс жүйесі біркелкі тарамаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы «телефон» дегеннің не екенін де білмейді.

Қазақстанда қазіргі кезде байланыс құралдарының ең жаңа үлгілері іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде сандық телефон станциялары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, факс және пейджинг, Жердің жасанды серіктері арқылы байланысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды.

Көлік пен байланыс жүйелері дүние жүзі елдері арасындағы экономикалық және әлеуметтік байланыстарды жүзеге асырудағы негізгі көмекші құрал болып табылады. Сондықтан олардың қалыптасуы, дамуы және таралу ерекшеліктерін білудің де қажеттілігі туындайды.

1. «Байланыс» деген не?

А) күнделікті қарым-қатынас

В) әлеуметтік қызмет түрі

С) технологияның жаңа түрі

D) дамудың ерекшелігі

  1. Қазақстан қашан интернет жүйесіне қосылды?

А) бір мың тоғыз жүз тоқсан екінші

В) бір мың тоғыз жүз тоқсан үшінші

С) бір мың тоғыз жүз тоқсан төртінші

D) бір мың тоғыз жүз тоқсан бесінші

  1. Ата-ана мен ұстаздардың міндеті не?

А) мектепке жұмысқа бару

В) тәрбиелі қыз, ұлағатты ұл өсіру

С) заң талаптарын сақтау

D) қала көшелерін тазалықта ұстау

  1. Байланыс құралдары деген не?

А) ауа-райы

В) балалық

С) қажеттілік

D) мүмкіндік

Ескерту: Тыңдалым бөліміндегі тапсырмалар бойынша студент өз пікірін білдіре алады.

Айтылым.

Топтық жұмыс.

Қазақ отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіз? Жасының өсуіне қарай санамалап беріңіз (біреуін сипаттаңыз).

Жазылым.

Берілген сөздерден сөйлем жасаңыз.

  1. Тұрғылықты, тегіне, әлеуметтік, нанымына, жынысына, нәсіліне, жеріне, ешкімді, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, лауазымдық және мүліктік жағдайына, байланысты, кемсітуге, болмайды.
  2. Сұғылмайды, қадір-қасиетіне, адамның, қол.
  3. Ешкімді, көрсетуге, болмайды, оған зорлық-зомбылық, азаптауға, жәбір, жасауға, не жазалауға.
  4. Неке, қорғауында, ана, отбасы, мен, мемлекеттің, және, бала, әке, мен, болады.
  5. Тәрбиелеу, қамқорлық, және, ата-ананың, міндеті, оларды, жасау, етене, әрі, құқығы, балаларына.

Жағдаяттық тапсырма:

Адамның жақсы-жаман қасиеттері. Сен қандайсың?.. (өзіңізге мінездеме беріңіз)

Өмірдегі бағытың да, іс-қаракетің де өз бойыңа үңілуден болады. Әркімде ерекше көзге түсетін бір қасиет болады. Сол қасиет қастерленсе оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ, өзінің көздеген мақсатына жетеді. Талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар. Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін – отбасы, мектеп, жолдастары, ұжым. Ал негізінде бәріне ізденімпаз адамның өзі түрткі болуы керек.

Адам басқа нәрсеге бейімделу үшін ең әуелі өз шамасын өзі білуге тиіс. Ықыластылығын, шаршағыштығын, бірдеңенің қисынын келтіргіштігін, зер салғыштығын сұрақ қою жолымен байқауға болады. Сұрақтар арқылы ойдың айқындығы, зеректігі, тәжірибе мен білім анықталады.

Кемшіліксіз адам жоқ. Алдымен адам өзін жақсы білуі қажет. Ол үшін өзіңді өзің мұқият тексер, толық зертте. Осыдан барып өзіңді өзің тәрбиелеу, өзіңді дамыту, өзіңді өзің жетілдіру басталады.

Өзіне өзі баға беруге әркімнің батылы бара бермейді. Кейбіреу өзіне өте жоғары баға береді, ал өте төмен баға беру- санасының төмендігі, өзіне сенбейтіндігі. Өзіңдегі не нәрсені күшейтіп, нені басып отыру керектігі қолыңда екендігін ұмытпа. Өзін өзі түсінген – дана, өзін жеңген-қаһарман.

Біздің қазақ қашан да болмасын жігітті сертіне қарап сынаған. Жігіт деп сөзіне тұрақты, ойға алғанын орын-дамай тынбайтын, ар-намысын жібермейтін адамды айтады. «Мігіт» деп күн көру, құлқын үшін жүрген еркекті айтады. Өмір ащыны бермесе, тәттіні білер ме едік? Қайғыны қайғырып жеңген адам жоқ, тоздырып жеңген бар.

Оқыңыз, қызық!

Атадан ұлағат, анадан ғибрат

Әрбір ата-ана өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды, Отанының білімді азаматы мен азаматшасы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі қажет. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қарым-қатынасы мазмұнды, сенімді болады.

Ер бала еңбекке ерте бейімделеді. Сөйтіп, ауылдың ересек балаларымен, құрбыларымен, ағалары, әкелерімен бірге шаруашылыққа қарауға, әңгіме тыңдап, ертегі айтуға, өлең айтып, ән салуға бейімделген. Демек, қазақ халқының жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын дегені тегін емес. Ұл бала-қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата-ананың түтінін түтетуші. Ер бала өз ата-анасына, іні-қарындастарына қамқоршы, ел қорғаны болып саналады. Қазақ қызын ұзатып, ұлын үйлендірген, құда түсіп, құдасын құдайындай сыйлаған. «Қызың өссе қызы жақсымен, ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол» деп бекер айтпаса керек.

26-тақырып: Туризм индустриясы. Қонақ үй бизнесі.

1. АЙТЫЛЫМ

«Туристік орталықта» тақырыбы бойынша диалог құрастыр.

2. ЖАЗЫЛЫМ

Еліміздегі туризм қандай жолға қойылған? Туризмді дамыту үшін атқарылып жатқан іс-шаралар? Қандай сауықтыру орындарын білесіз? Сіз жазғы демалыста қай жерде демалдыңыз? Ол жердің өзіндік ерекшелігі қандай?
       
       

3. ОҚЫЛЫМ

Туризм

Туризм - кез келген мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік -қоғамдық өміріндегі ерекше орын алатын сала. Кез келген елдің халықаралық байланыстары мен экономикасын дамытуға туризм өзіндік үлесін қоса алады. Сондай-ақ сыртқы сауда байланысын арттыру мен жұмыс орындарының анағұрлым мол ашылуы секілді мәселелерге аталмыш сала өз әсерін тигізеді. Мемлекетімізде туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей өркендеп келеді. Халқымыздың әл-ауқаты артып, ел экономикасы дамығалы еліміздің азаматтары да туристік сапарларға жиі шығатын болды.

Туристік сапарларға арналған фирмалар біздің қалада көп. Теледидар жарнамалары арқылы туристік фирмалармен танысуға болады. Ерсін де теледидар жарнамалары арқылы бірнеше туристік фирмалармен танысып шықты. Ол достарымен ақылдаса келе биылға кезекті еңбек демалысында отбасымен туристік сапарға шағуды жөн көрді. Туристік сапарға шықпас бұрын туристік бағдарламамен танысу керек. Ол өзі таңдаған "Саяхатшы" туристік фирмасының бағдарламасымен танысу мақсатында фирмаға барып келді. "Саяхатшы" туристік фирмасы Абай даңғылының бойында орналасқан екен. Абай даңғылының бойында үлкен ғимараттар өте көп. Солардың бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы театр. Ерсін іздеген туристік фирманың кеңсесі де осы театр жанында орналасқан екен. Ерсін көп қиналмастан "Саяхатшы" фирмасының кеңсесін тез тауып барды. Әріптестік байланыс орнату арқылы жұмыстың сапасын арттыруға болады. "Саяхатшы" туристік фирмасы да қаламыздағы барлық туристік фирмалармен тығыз байланыста еңбек етеді. Фирма қызметкерлері де сыпайы, мәдениетті екен. Олар келушілерге сапалы қызмет көрсетуде. Ерсінге қызмет көрсеткен Жанар өз ісінің нағыз білгірі екен. Ол лезде Ерсінді қызықтырған сауалдарға жауап беріп, еліміздегі демалыс орындар туралы толық мәлімент берді. Туристік фирмалардың жеңілдіктерін пайдалану арқылы табысы орташа адамдар да алыс сапарларға баруына болады.

Ерсін ойлана келе Көкшетауға барып демалуды жөн көрді. Себебі, ол бала күнінен Бурабай көлдерін, әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтасты көруге құмартушы еді.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1129 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.026 с)...