Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

в. Сингапур мен Гонконг 4 страница



С) Қазақтың ұлттық тағамы қазақша ет қалай жасалады?

D) Қонақтарға «бауырсақ» сөзінің мағынасын қалай түсіндірді?

3. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Шетелдік әріптестерім нені бағалады?

А) саябақ ауасын

В) Астана қаласын

С) Есілдің сол жақ жағалауын

D) ұлттық тағамдар мен қонақжайлылықты

Тыңдалым

- Фарух, сіз неге мейрамхананы Қазақстанда аштыңыз?

- Жеке мейрамханам болса екен деп армандайтынмын. Біздің елде мейрамхана ашу үшін көп қаражат керек екен. Мен Қазақстанға алғаш рет турист болып келдім. Қазақстан маған қатты ұнады. Мұнда әртүрлі халықтар тұрады екен. Сол себепті мен осы жерде «Дәмді» мейрамханасын аштым.

- Жақсы. Мейрамхананызды неге «Дәмді» деп атадыңыз?

- Себебі, «дәмді» менің ең алғаш үйренген қазақша сөзім болды.

- Қай халықтың тағамдарын дайындайсыздар?

- әрине, қазақ ұлттық тағамдары және түрі тағамдары. Себебі, мейрамхана Қазақстан жерінде емес пе?

- Сіздердің ас мәзірлеріңізде қазақтың қандай тағамдары бар?

- Асылған ет, бауырсақ, айран, көже, құрт, ірімшік, кеспе, сірне, қуырдақ және тағы басқа да тағамдар жеткілікті.

- Келушілер көбіне қай тағамға тапсырыс береді?

- Әлбетте, бірінші кезекте – асылған ет, сосын қуырдақ.

- Әдетте, «ұлттық тағамдар мейрамханасы қымбат» деп айтады, сіздерде баға қалай?

- Тағамдардың бағасы мың екі жүзден төрт мыңға дейін.

- Мейрамхананызда іскери кездесулер болып тұратын шығар?

- әрине, бізде арнайы залдар да бар. Себебі, іскери адамдарға тыныш әрі ыңғайлы орын керек екенін ескердік.

- Сізге табыстар тілеймін. Сұхбатыңызға рақмет.

- Сізге де рақмет!

Тапсырма. Тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Фарух мейрамханасын не себепті Қазақстанда ашты?

2. Ең алғаш үйренген қазақша сөзі қандай?

3. Мейрамханада қай ұлттың тағамдары дайындалады?

4. Қай тағамға көп тапсырыс беріледі?

5. Тағамдардың бағасы қанша теңге?

6. Мейрамханада қандай кездесулер болады?

Топтық жұмыс. Сізге және сіздің досыңызға қаладағы төрт мейрамхананың қызмет көрсетуін, бағасын, тағамның сапасын тексеру тапсырылды. Сіздердің мейрамханадағы әрекеттеріңіз.

Сөйлесім.

Сұхбатты жұптасып оқыңыз. Өздеріңіз осы түрде диалог құрастырыңыз.

Даяшы: «Дәмді» мейрамханасына қош келдіңіздер! Мінеки ас мәзірі.

1 келуші: Бүгінгі күннің арнайы тағамы қандай?

Даяшы: «Кәдіге бұқтырылған көкөністер». Түрік тағамы.

2 келуші: Мм, атының өзі тәбет шақырады екен. Ал ол тағамның құрамын айтып жіберіңізші.

Даяшы: Әлбетте. Кәді, сарымсақ, қияр, қызанақ жіне картоп. Ас мәзірін қарайсыңдар ма, әлде бірден тапсырыс бересіздер ме?

1 келуші: Бірден тапсырыс береміз. Маған «Кәдіге бұқтырылған көкөністер» және құрылған тауық еті, қаймақ, 2 түйір нан.

2 келуші: Маған қой етінен жасалған қуырдақ, ірімшік сорпасы, «Оливье» салаты және 2 түйір нан.

Даяшы: Жақсы, айтқандарыңыз болсын! Қандай сусын ішесіңдер?

1 келуші: Маған шие шырыны болса......

2 келуші: Ал маған алма және алмұрт қосылған шырын.

Даяшы: 15 минуттан кейін дайын болады.

14-тақырып: Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар

15-тақырып: Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар

Ғылымдағы жетістіктер.

Оқылым.

2014 жыл әлемде ең алдымен маңызды ғылыми жаңалықтар, инновациялық зерттеулер, озық технологияларды енгізу жылы болды, сол сияқты жетекші ғалымдар мен инженерлер 365 күн бойы осы заманғы қоғамның ең күрделі және барынша көкейкесті мәселелерін шешу жолында жемісті еңбек еткен жыл болып отыр. Сол жетістіктердің кейбіреулерін еске түсірсек, олар:

Эбола вирусынан сақтау вакцинасы, адам жасушасынан ВИЧ геномын жою.

Адамның жансызданған мүшелерінің ұшына жан ендіру үшін протездеу мен трансплантация әдістемесін жетілдіру, хирургияда импланттар жасау үшін 3D басып шығаруды қолдану. Бұл жылдың аспан денелерін игерудегі ғарыштық жетістіктер мен өте ауқымды жоспарлар жылы болғандығын айтпау мүмкін емес. Олардың ішіндегі ерекше көп талқыланған тақырып,ол шынымен әрекет жасауға тырысып отырған екі ірі ғарыштық державалардың Айды игеру және оған база орналастыру жайлы бағдарламасы.

Бұл ретте Қытай «Чаньз» миссиясы шеңберінде зерттеулер сериясын бастап кетті, олар 2025 жылы ай бетінен өздерінің тайконавтарын көргісі келеді. Рессей Федерациясы да «Аполлон» ғарыш кемесі экипажының жетістіктерін қайталап қана қоймай, біздің ғаламшардың табиғи серігінің бетінде автономды өмір сүруге арналған модуль құрастыратындығы жайлы мәлімдеді.

Дүние жүзі жетекші инженерлерінің осы айтқаннан маңызы еш кем емес жетістігі, роботталған құрылғыларды жобалау саласындағы алға жылжушылық.

Жазылым.

Жай сөйлемдерден қарсылықты салалас сөйлем жасаңыз.

  1. Олар өз келісімін бермеді. Бұл менің жоспарыма кедергі бола алмайды.
  2. Әрбір адам ана тілдің қадірін білу керек. Көп адам осыны жақсы түсіне бермейді.
  3. Оңтүстік тілі немесе солтүстік тілі деген болмайды. Аймақ халқының тілінде аздаған ерекшеліктер болады.
  4. Ол сыртқа бір шығып бір кіріп жүр. Оның бір ісін ешкім түсінбей отыр.

Тыңдалым.

  1. Алғашқы компьютер қандай болды?
  2. Компьютермен жұмыс істеу үшін не керек?
  3. Компьютермен қандай жұмыс түрлерін орындауға болады?
  4. Ғаламторды қалай пайдаланамыз?
  5. Сіз компьютерлік сай бағдарламаларда жұмыс істей аласыз?

Айтылым.

Төмендегі пікірмен танысып, интернет сайтынан ғылымның қандай салалалары туралы ақпарат алуға болатынын айтыңыз.

Интернет – қазіргі замандағы байланыстың ең дамыған түрі. Интернетке қосылу мүмкіндігін беретін компанияларды провайдерлер дейді.

Сайт – белгілі тақырып аясында құрылған электрондық документтер жиыны. Оның өз мекен-жайы болады.

Сайттар ақпарат іздейтін, ақпарат беретін, тікелей әңгіме –дүкен құратын чаттар, электрондық пошталар, видеоконференциялар және тағы басқа көп мүмкіндіктер береді....

Сұхбатты оқып, интернет туралы ойынызды жалғастырыңыз.

- Олжас, Сіздің компьютеріңіз интернетке қосылған ба?

- Әлі қосылған жоқ. Өзіңіздікі ше?

- Мен екі жылдан бері интернет қызметін пайдаланамын.

- Менің компьютерім интернетке Қазақтелеком арқылы қосылған.

- Бұлай қосу тиімді ме? Ол үшін не қажет?

- Ол үшін компьютер мен модем қажет.

- Олай болса, сіз маған интернет қызметі туралы түсіндіріп беріңізші.

Сөйлесім.

Пікірлесу. «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында екі топқа бөлініп, пікір таластырыңыздар.

16-тақырып: Ұлттық салт-дәстүрлер

Оқылым.

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Қандай халықтың болмасын салт–дәстүрлері сол халықтың мінез–құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді. Беташар, үйлену тойы, шілдехана, тұсау кесу, сүндет той, құда түсу, қыз ұзату, бесік той, сүйінші, тойбастар, ерулік, тілашар және тағы басқа салт дәстүрлері бар.

Ұлтымыздың мәдениетінде «отау көтердің» деген сөз бар. Ол «үйлендің, жұпты болдың» деген мағынаны білдіреді. Демек, үйленумен бірге отау көтеру тиіс. Әдетте ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау дайындайды. Қыз жасауына отау қосыла берілген. Отау жас отбасының бақыт шаңырағы болып саналатындықтан, оны барынша әсемдеп, әдемілеп, толық жабдықтап әзірлеу аз шаруа емес. Оған көрші –көлем, жақын-туыс, нағашы-жиендер тегіс араласады. Кесе-аяқтан бастап үй киізіне дейін әкеледі. Сөйтіп, бүкіл ауыл болып отау көтеру әрі қызық, әрі мәндетті іс. Отқа май құйылады, «босаға майлау» жасалады. Алғашқы дастарқан жайылып, оған мол тағам жасалады. Кіргендер шашу шашып, «құтты болсын», «іші жанға, сырты малға толсын» деген тілекпен өуанышын білдіреді. Жақын туыстар отауға көрімдік әкеліп, мал атайды, бағалы мүліктер сыйлайды.

Жас отау әке үйінің оң жағына тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер шақырусыз кірмейді. Ал жастар мен балалар қызықтап, осы отауды төңіректейді. Ауылдастар мен жанашырлар жас отау түтінінің түзу шығуын, жаңа үйлегендердің тұрмыс-тіршілігін сырттай бақылап, келінге баға беріп отырады.

1 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Ұлы үйленетін, қызы тұрмыс құратын ата-ана......

А) дастарқан жаяды

В) мол тағам әзірлейді

С) әуелі отау дайындайды

D) алдымен жасау дайындайды

2. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А) жас отауға жасы үлкен елге сыйлы адамдарға жиі кіретін болған

В) жас келіннің отауы халықтың назарында болған

С) ұлы үйленетін, қызы ұзатылатын ата-аналар отауды толық әсемдеп жабдықтайды

D) қазақ халқының мәдениетінде қыз жасаыумен бірге отау қоса берілетін болған

3. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Жаңа үйлегендерді сырттай кім бақылап отырады?

А) жастар мен балалар

В) ел ағалары мен жастар.

С) жанашырлар мен балалар

D) ауылдастар, жанашырлар

4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) шаңырақты елге сыйлы ел ағалары көтереді

В) жас отау әке шаңырағының сол жағына тігіледі

С) «босаға майлау» рәсімін елге сыйлы аналар жасайды

D) жақын туыстар жаңа үйлегендерге бата беріп отырады

  1. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) ел ағалары

В) қыз жасауы

С) салт-дәстүр

D) ұл мәдениеті

Жазылым.

Мәтінде кездесетін салт-дәстүр атауларымен 4 құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Тыңдалым

- Төрге шығыңыз! Сыйлы қонақты қазақ халқы төрге шығарып отырғызады.

- Оның ұлттық ерекшелігі бар ма? Ол нені білдіреді?

- Қонақты жоғары шығару – құрметтеудің белгісі. Асықпаңыз сыбағаңызды жеп кетесіз.

- Сыбаға деген не?

- Сіз шетелде жүріп, қазақтың дәстүрлерін әбден ұмытыпсыз ғой. Қазақ отбасы сыйлы қонақтың сыбағасын сақтайды. Етті сүрлеп қояды. Сүрленген ет дәмді болады. Дәмін татқасын, бағасын өзіңіз бересіз. О, міне ет те келді. Алыңыз.

- Шындығында, өте дәмді екен.

- Енді сорпа алыңыз. Сорпадан кейін ас қайырамыз.

1. Диалог мазмұнына сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Үй иесіне сыбаға беріледі.

В) қонақ сыбаға жайлы бұрыннан білетін.

С) сыйлы қонаққа алдымен сорпа беріледі.

D) қазақ отбасы қонақты құрметтеп төрге шығарады.

2. Диалог мазмұнына сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

А) қонақ төрге шығады

В) еттен кейін сорпа беріледі.

С) сыйлы қонақ төменге отырады.

D) сорпадан кейін ас қайырылады.

3. Диалог мазмұнына сәйкес дұрыс жауапты көрсетіңіз.

Қандай ет дәмді болады?

А) жас ет

В) кепкен ет

С) тұздалған ет

D) сүрленген ет

Сөйлесім.

Ырымдар.Төменгі жағдайларда не істейсіз?

1. Жолда келе жатқанда алдыңыздан қара мысық өтіп кетті.

2. Ең жақын досыңыз түнгі сағат онда қарызға ақша сұрады.

3. Сізге бір жерге бару керек, алайда далада нөсер жауын жауып тұр.

4. Жұмысқа асығып жүріп, үйде бір қажет затыңызды ұмыттып кеттіңіз.

5. Бір заттыңызды досыңыздың үйіне ұмытып кеттіңіз.

6. Шеті сынық ыдысқа сусын құйып берді.

7. Адамның жақын арада ақшалы болуының белгісі қандай?

8. Не себепті сыйлыққа пышақ бермейді?

9. Не себепті табалдырықта тұрып амандасуға болмайды екен?

10. Түнде үй тазалайсыз ба, қоқыс шығарасыз ба?

Айтылым.

Бір салт-дәстүрді қойылым ретінде көрсетіңіз.

17-тақырып: Тіл. Мәдениет. өнер. өнер шеберлері

18-тақырып: Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар

19-тақырып: Табиғи ресурстар. Су ресурсы. Қазба байлық ресурстары

Қазба байлық ресурстары

Минералдық шикізат қорлары әрқашанда Қазақстанның мақтанышы және ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі болып келеді. Қуатты минералдық шикізат базасы республиканың бүкіл халық шаруашылығы үшін түбірлі маңызы бар. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі.

Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі ақша түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық-саяси мәні бар стратегиялық пайдалы қазбалар жатады. Бұл – мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты Қазақстанның индустриялық бет – бейнесінің негізі болып табылатын маңызды пайдалы қазбалар құрайды. Бұл – темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий, және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді.

Қазақстан Республикасының территориясы қара метал кендерінің алып кен тастық аймағы ретінде қарастырылады. Мұнда оның бүкіл әлемдегі белгілі барлық генетикалық және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі.

Сондай-ақ жоғарғы сапалы хромит кені жөнінен Қазақстан әлемде жетекші орын алады. Бұл алапта кобальт- никель кеннің бай орындары бар. Ал марганец қоры жөнінен Қазақстан ТМД бойынша үшінші орын алады.

Қазақстан сирек кездесетін металлдарға бай өлке. Оның жер қойнауында вольфрамның әлемдік қорының 15 %– дан астамы бар. (14)

(Қ-ң физикалық географиясы,8 сынып оқулығы,б., Бейсенова, Карпеков)

Сөздік:


1. Шикізат- сырье

2. Қауіпсізік – безопасность

3. Шаруашылық – хозяйство

4. Айқындау – определять

5. Ақша түсімі – денежные поступления, доход

6. Пайдалы қазба – полезные ископаемые

7. Алап - площадь

8. Бет- бейне – показатель

9. Қорғасын – свинец

10. Мырыш – цинк

11. Қалайы – олово

12. Өндірістік - промышленный

13. Сұраным – спрос

14. Сирек – редко

15. Жер қойнауы – недра земли


Тапсырмалары:

1. Оқылым

Мәтінді оқып, әр абзацтың негізгі ойын анықтау.

2. Сөйлесім

Жұппен жұмыс. Ұсынылған бір тақырыпты таңдап алып, тақырып аясында өз ойымен бөлісу.

1. Мұнай - ұлттық экономиканың негізгі көзі.

2. Кен орындарының экологияға тигізетін әсері.

3. Қазақ жерінде табылатын пайдалы қазбалар.

4. Сыртқы нарыққа шикізат шығару дұрыс па?

Жазылым

1. Солтүстік Қазақстан жерінде табылатын пайдалы қазбалардың атауларын жазу.

2. Берілген сөйлемдерді толықтыру.

а. Қазақстан Республикасының территориясы................ бай.

ә. Мелекеттіміздің шикізат қорлары.....................................

б. Экономиканың дамуы мен қауіпсіздікті.......................... қамтамасыз етеді.

в. Қазақстан әлемде........................................................ жетекші орын алады.

г. Еліміздің даму стратегиясын................................................ анықтайды.

4. Тыңдалым

Жүппен жұмыс. Бір студент мәтіннен 10 жаңа сөз оқиды. Екінші студент оны дұрыс жазады. Қателерін бірге тексеру.

5. Тілдесім

Төменде бірнеше сұрақ берілген. Өзіңіз жауап бере алатын сұрақты таңдап алып, 3-4 сөйлем арқылы жауап беріңіз.

1. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің дамуына қандай әсер етеді?

2. Әлемдегі мұнай бағасы сонғы жылдары қалай өзгерді, ол өзгерістер ел экономикасына ықпал ете ме?

3. Қорықтар мен қорықшалар керек пе?

4. «Қызыл кітапқа» енген қандай өсімдік немесе жануарларды көрдіңіз бе?

Су қоры.

Қазақстанның су қорларына беткі сулардан басқа (өзен, көл, мұздықтар) жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшінжер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөл мен шөлейт зоналарында артезиан құдықтарын пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Олар: Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш т.б.

Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланыстысу қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі, республикадағы су қорларының жетіспеушілік жағдайынаәкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені ұтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтантрансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық және экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалық және табиғатын қорғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл оындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен көлдер (Каспий және Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы ББҰ Хелсинки конференциясында бекітілген.

Су қорларын пайдалану жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалық қондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.(16) (Қ-ң физикалық географиясы,8 сынып оқулығы, 222б.)

Сөздік:

1.Беткі сулар – внешние воды

2. жер асты сулары – подземные воды

3. өркендету- развивать, способствовать процветанию

4. шөл мен шөлейт – пустыня и полупустыня

5. тапшы – нехватка, дефицит

6. жетіспеушілік –недостаток, нехватка

7. ағза – организм

8. қамтамасыз ету – обеспечивать

9. ескеру – брать во внимание, иметь ввиду

10. жағдайға әкеп соғады - приводит к ситуации

11. сан қырлы –всесторонний, разнообразный

12. сипатымен қатар – наряду с...

13. тағдыр - судьба

20-тақырып: Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітап. Қорықтар мен ұлттық парктер.

І. Қызыл кітап

Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктер миллиондаған жылдар бойы даму барысында қалыптасты. Адамдардың шаруашылық әрекетіне байланысты жер бетіндегі ағзалардың тіршілік жағдайы тез өзгере бастады. Әсіресе жабайы жануарлар көп қырылды, себебі адам баласы аң аулаудың неше түрлі тәсілін қолданды. Мысалы, ХІХ ғасырда жер бетінен жануарлардың 10 түрі жойылса, ХХ ғасырдың бірінші жартысының өзінде-ақ 40 түрі құрып кетті. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау одағы құрылды. Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар, айырықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін жануарлар мен өсімдік түрлері тіркелген арнайы кітап «Қызыл кітап» деп аталады. Алғаш рет Халықаралық «Қызыл кітап» 1966 жылы басылып шықты. «Қызыл кітапқа» енген түрлер екі категорияға бөлінеді. А тобы жойылып кету қаупі төнген түрлері, Б тобы сирек кездесетін түрлерді қамтиды.

Қазақстан ғалымдары да республикамыздың «Қызыл кітабын» жазды. Бұл «Қызыл кітап» екі бөлімнен тұрады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1978 жылы жарық көрді. Кітапта сүтқоректілердің 31 түрі, құстың 43 түрі, балықтың 4 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі енгізілген. Ал екінші «Қызыл кітап» 1981 жылы жарық көрді. Оған құрып кету қаупі бар 308 түрлі өсімдік тіркелген. (12)

Сөздік:

1) қалыптасты – сформировался

2) жабайы жануарлар – дикие животные

3) қырылу – вымирать, гибнуть

4) аң аулау – охотиться

5) жойылу – уничтожать

6) құрып кету – исчезать

7) айырықша қорғау – особая защита

8) ену – входить (в состав ч-л.)

9) қауіп төну – нависла угроза

10) қамтиды - охватывает

II. Жануарлар мен өсімдіктер





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 671 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.033 с)...