Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

в. Сингапур мен Гонконг 3 страница



3-тапсырма. Жазбаша аударыңыз.

Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады.

Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелік күрес жүріп отырады. Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.

Еңбек нарығы — бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.

4-тапсырма. Мәтін бойынша ой таластырып, тілдік қарым-қатынасқа түсу

Мен ұзақ жыл оқып, білім алдым. Мамандығым – инженер-құрылысшы. Оқып жүрген кезде тезірек оқу бітіріп, жақсы үйлер салуды армандаушы едім. Оқуды бітірген соң үйленіп, жұмыс істеуге жіберген мекемеге уақытысында бардым. Бірақ мен барған құрылыс мекемесі бір жылдан бері тоқтап тұр екен. Мені жұмыс жоқ деп қабылдай алмады. Міне, содан бері бір жыл алты ай болды, жұмыс іздеп жүрмін. Мен бес жыл оқып, мемлекет қаржысын босқа шығындадым ба? Қазір не өзіме ұнайтын жұмыс жоқ, не бала-шағамды асырайтын қаражат жоқ, көшеде қаңғырып қалдым. Бұлай жүру дипломы бар маманға келіспейтін секілді. Сондықтан да менің жұмыс істегім келеді. Маған жұмыс беріңіздер, көмектесіңіздер.

5-апсырма. Өз пікіріңізді білдіріңіз. Басқа себептері......

· Елдегі жұмыссыздар санының өсу себебі – экономиканың дұрыс жолға қойылмағандығы.

· Елде жұмыс орнының қысқаруы жүріп жатыр, оның себебі елді басшылардың дұрыс басқара білмеуі.

· Мамандар арасында жұмыс орнына талас күшейе түсуде, сондықтан да біраз уақыттан кейін мамандық алу керек болмай қалады

7-апсырма. Мазмұндама жазыңыз

Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме болды. Ол бөлме жабық тұрады екен.

Бір күні қыз қарияға:

- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, -дейді.

- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың. Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, -деп жауап қайтарады әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп:

- Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым,- дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады,- деп түсіндіреді қария.

Сөздік: қария – старец, ұршық – веретено, өрмек-ткацкий станок

11-тақырып: Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы

1. АЙТЫЛЫМ

Берілген мәтінді өз ойыңызбен толықтырыңыз.

Ауырып ем іздегенше....

өкінішке орай, көптеген адамдар әрқилы «білгіштердің» ақыл-кеңесімен өздерінше түрлі ем-домын жасап, керексіз дәрі-дәрмектер ішіп, қашан төсек тартып қалғанша жүре береді. «Осы неліктен сырқатқа душар болдым?!» деген сұрақ олардың ойына да кіріп шықпайды.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. ЖАЗЫЛЫМ

Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.Денсаулық ауадан аумайды, Барында кім оны аңдайды» деген халық мақалын қалай түсінесіз? 2. Медициналық қызметті жақсарту үшін не істеу керек? 3. Медицинаның қай саласы жақсы дамуда? Қандай дәлел келтіресіз? 4. Салауатты өмір салты және денсаулық туралы ғылымды қалай атайды?
       
       

3. ОҚЫЛЫМ

Дені саудың – тәні сау

Бірінші байлық денсаулық. Кемістіктердің болмауы, денінің сау болуы – бақытты өмір сүрудің, өмірдің бар мәнін сезініп-түсінудің міндетті шарты. Біреулер алтынға, ақшаға қызығады, ал менің ойымша, адамда затқа емес, денсаулыққа қызығушылық туу керек. денсаулығың мықты болса керектінің бәріне өзің жетесің. Дені сау адам айнала өмірге, дүниеге сергек қарайды, қиялдайды. Сол арман-мақсатқа жету үшін талпынады, тынбай еңбектенеді. Осының бәрін адам өз еркімен, өз қалауымен істейді, бірақ денсаулықтың арқасында. Егер денсаулық жоқ болса, сонда өмір өмір емес болып кетеді, тіпті адамның өмір сүргісі келмей кетеді. Себебі, адам істегісі келетін нәрсені істей алмай, өзін ешкімге керексіз сезінеді. Өмірде бақытты болу үшін өмірді жақсы көру керек. біздің еліміздеүш жылдан бері мүгедектердің олипиадалық өткізіліп жүр, ал осы жылы Республикалық олимпиада Шымкентте өтті. Мен сол жарысты көруге барғанмын. Сол жарысты көрген соң, менің өмірге деген көзқарасым мүлде өзгерді. Ол жерде «мен мүгедекпін» деп айтқан адамды көрген жоқпын, бірақ ол – мүгедектердің жарысы. Менің таң қалғаным, олардың аузынан «мен жеңемін» деген ғана сөз шығады. Олар - барлық қиындықты жеңіп келген адамдар, өз күшіне сенімді адамдар. Жарымжандарға

4.ТЫҢДАЛЫМ.

- Сіз көкшайды ұнатасыз ба?

- Иә, себебі көк шайдың денсаулыққа пайдасы зор. Кеше теледидардан да ол туралы хабар болды.

- Қандай пайдасы бар екен?

- Адамның өзіне сергек сезінуіне, дене сұлулығына, жасартуға тіпті қатерлі ісік ауруларының алдын алуға да пайдасы бар көрінеді.

Диалог мазмұны бойынша негізгі ақпаратты анықтаңыз.

А. Сұлулық

В. денсаулық

С. Қатерлі ісік

Д. Көк шайдың пайдасы

Дұрыс ақпаратты көрсетіңіз.

А. Көк шайды көп ішпеу керек.

В. Көк шайдың емдік қасиеті жоқ.

С. Көк шайдың денсаулыққа пайдасы мол.

С. Сұхбат беруші көк шайды ұнатпайды.

5. Жағдаятты талдаңыз.

Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:

Біріншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.

Екіншіден, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.

Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып өтеді.

Мұны дәлелдеп берсеңіз дегенде:

... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түрге келген ұрылар болса, үй иесі ояу екен деп ойлап, кері қайтады. Көп жүгілген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте өледі.Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы, -деген екен.

Талдау сұрақтары:

· Темекінің пайдалы жақтарын білесің бе?

· Темекінің жоғарыдағы қасиеттері үшін қызығуға бола ма?

· Данышпан «темекінің жақсы жақтары» деп қандай оймен айтты.

12-тақырып: Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар.

1.АЙТЫЛЫМ.

Спортшылардың есімін тиісті торкөзге орналастырыңыз.


Бақыт Сәрсекбаев

Ермахан Ыбрайымов

Илья Ильин

Ольга Рыпакова

Светлана Подобедова

Ирина Некрасова

Бекзат Саттарханов

Александр Винакуров

Майя Манеза

Серік Сәпиев

Бақтияр Артаев

Асхат Жіткеев

Василий Жиров

Зульфия Чиншанло

Ольга Шишигина

Юрий Мельниченко

Ақжүрек Таңатаров

Александр Парыгин


  Алтын Күміс Қола
І Атланта      
ІІ Сидней      
ІІІ Афина      
IV Бейжің      
V Лондон      

2. ЖАЗЫЛЫМ.

Төлеу сөзді төл сөзге айналдырыңыз.

1. Олар келесі аптада республикалық жарысқа баратынын айтты

Олар: " Келесі аптада республикалық жарысқа барамыз",-деді.

2. Саят халықаралық спорт мектебіне оқуға түскенін айтты.

_____________________________________________________________________________

3. Ол спорт адамның денсаулығын жақсартып, оның өмірін ұзартатынын үнемі айтатын.

______________________________________________________________________________

4. Өткен аптада жаңа пәтер сатып алғанын айтты.

______________________________________________________________________________

5. Былтыр республикалық сайыс жеңімпаздарын өзі барып марапаттағанын еске түсірді.

3. ОҚЫЛЫМ.

Спорт – денсаулық кепілі

Елімізде спортпен шұғылданатын жастар қатары жыл сайын артып келеді. Дене тәрбиесіне аса мән беретін белсенді спортшы ұжымының бірі – 30238 әскери бөлімі. Талай айтулы жарыстардан жүлделі оралатын 30238 әскери бөлімінің көптеген спортшы сарбаздары сөзіміздің айғағы. Солардың бірі -таэквондашы Бағдат Мусин. Ол 1987 жылы 17 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінен атақты спортшыларға еліктеп өскен Бағдат 1999 жылдан бастап достарымен бірге «Динамо» спорт клубының таэквандо үйрмесіне қатыса бастады. Бапкері Демид Борисович Грачевтің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап, жаттығуға үлкен ынтамен кірісті. Жаттығу залында көп еңбектеніп, аянбай төккен тері зая кетпеді. 1999 жылы Ақтөбе қаласының кубогы үшін болған жарыста 3-ші орынды жүлделеп, тырнақ алды жеңісіне қол жеткізді. Одан кейін де талай облыстық, қалалық жарыстарда жеңімпаз атанып, кәсіби шеберлігін шыңдай түсті. 2006 жылы 19 тамызда Ақтау қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 67 кг салмақ дәрежесінде топ жарып чемпион атанса, 2007 жылы Уфа қаласында болған жарыста осы табысын қайталап 71 кг салмақ дәрежесінде Башқұртстан чемпионы болды.

Бағдат 2007 жылдың 22 қазанынан бастап 30238 әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борышын өтеді. Жас жауынгер әскери қатарына келгеннен кейін де, спорттан қол үзген жоқ. 2007 жылы желтоқсанда Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатына қатысты. Қарсыластарын тізе бүктірген Бағдат финалда алматылық спортшымен сайысып, одан да басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды. Намысты қолдан бермей, ұжымына алтын медальмен оралған жеңімпазды командирлері мен жауынгер жолдастары мақтан тұтады.

Оның ір жарысына алаңдап отыратын үйдегі жанкүйерлері – отбасының құанышында тіпті шек жоқ.

Бағдат Ақтөбе кооперативтік колледжін тәмамдаған. Ол – «кеден ісінің» маманы. Қазір Алматыдағы Экономика және статистика Академиясы Ақтөбе институтының 4-курсында қаржыгер мамандығы бойынша білімін жалғастыруда.

4.ТЫҢДАЛЫМ.

- Бес айға жуық созылған бесінші спартакиаданы қорытындылай кетсеңіз.

- Ең алдымен спартакиаданың ақтық айқастары Сингапурде өткен жасөспірімдердің олимпиадалық ойындарына жолдама алу жолындағы нағыз іріктеу сыны болғанын атап өткім келеді. Қорытындысына келсек, Алматы қаласында өткен Ivспартакиадағыдай, ең көп алтын медальға қол жеткізді.

- Сонда алматылықтар қанша алтын медаль иеленген?

- Алматылықтар жарыстың 50 түріне қатысып, 15 спорт түрінен бірінші орынды алды.

- Олардың қарсыластары кім болды?

- Негізгі қарсыластары Оңтүстік Қазақстан спортшылары болған.

- Ал оңтүстік Қазақстан спортшыларының қоржынында қанша алтын медаль бар?

- Олар жарыстың 47 түрі бойынша сынға түсіп, 10 алтын медаль иеленді.

Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

А. Спартакиаданың қайда өткені.

В. алматылықтардың негізгі қарсыласы

С. Спартакиадағы алматылықтар жеңісі

Д. Спартакиаданың қанша уақытқа созылғаны

Негізгі ақпаратты табыңыз.

А. Медальдер сараптамасы

В. Спартакиада қорытындысы

С. Спартакиадаға қатысушы командалар

Д. Бесінші спартакиададағы алматылықтардың нәтижесі

Журналистердің білгісі келген қосымша ақпараты –

А. Негізгі жеңімпаз

В. Жеңімпаздың қарсыласы

С. Спартакиаданың қалай өткені

Д. Спарткиада жеңімпазының табыстары

Асты сызылған сөздің мағынасына сәйкес келетін тіркесті көрсетіңіз.

Алматылықтардың қоржынында 15 алтын медаль бар.

А. ұтып алғаны

В. үміттенетіні

С. Бөліске түскені

Д. өзімен бірге алып жүргені

5. «Қазақстанда спорт саласы жақсы дамыған/дамымаған» тақырыбында екі топқа бөлініп, пікір таластырыңыздар.

13-тақырып: Тағамтану. Ұлттық тағам. Мейрамхана бизнесі.

Ұлттық тағамдар

Ермек пен Балнұр балаларын үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. Ұлы Әлішер қарындасы Нағимаға үнемі қамқорлық жасап жүреді.

Балнұрдың отбасы шағын болса да, өте қонақжай. Олар өткен сенбі күні қоныстой жасады. Тойға бүкіл туған-туыстары мен дос-жарандары, әріптестері келді. Үй иелері кеген қонақтарды төрге шығарып, сый-құрмет көрсетті. Балнұр ұлттық тағамдарды дәмді дайындайды. Ол дастарқанға шаймен бірге жылы-жұмсақ, тәтті дүниелер – қызыл күрең бауырсақ, анасы ауылдан алып келген ірімшік, құрт, тіл үйірер балқаймақ, қазы-қарта, жал-жая, тәтті жент, жеміс-жидектер, тіпті буы бұрқыраған қуырдақ та қоса әкелді. Халқымыздың айран, шалап, қымыз, шұбат секілді дәстүрлі сусындары да қойылды. Дастарқан басында Балнұрдың әкесі бата берді. Өйткені қазақта асқа үлкен бата қайырады. Дастарқанға ас қайыру – үлкен ізеттіліктің белгісі.

Балнұрдың отбасы – үлгілі, қонақжай отбасыларының бірі.

1тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

A) Жолдасы Ермек ауылына қашан барды?

B) Менің досымның отбасында қанша адам бар?

С) Менің досымның отбасы демалыс күні не тойлады?

D) Алматы қаласы тұрғындарының күнделікті шығын мөлшері қандай?

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Ата-әжесі қоныстойға шақырды.

В) Досым Шығыс Қазақстан облысында тұрады.

С) Досымның жолдасы басқарманың бас маманы.

D) Дастарқанға бата беру - үлкен ізеттіліктің белгісі.

3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) отбасы, қонақ, туыс, ауыл, қуырдақ.

В) отбасы, қонақ, уақыт, қызмет, әріптес.

С) отбасы, бата, қоныстой, ұлттық тағамдар, қонақ.

D) сыластық, қымыз, отбасы, қонақ, қызмет.

4. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А) Досымның бір ұлы, бір қызы бар.

В) Ақсуат ауданында ата-аналары тұрады.

С) Досымның отбасы шағын болса да, үлгілі, қонақжай.

D) Мемлекеттік қызметшілер жалақыларын уақытылы алады.

5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Дастарқан басында батаны кім берді?

А) достары

В) әріптестері

С) Балнұрдың шешесі

D) Ермектің қайын атасы

6. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

А) Үлгілі қазақ отбасы туралы ақпарат берілді.

В) Қазақ халқының қонақжайлылығы сипатталады.

С) Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тәрбиелеу жолдары.

D) Қазақ халқының ұлттық тағамдары мен дәстүрлі сусындары туралы.

7. Мәтінге нақты тақырып таңдаңыз.

А) Қоныстой иелері

В) Ұлттық тағамдар

С) Досымның отбасы

D) Мемлекеттік қызметшілер

Тыңдалым

Қымыз – ауруға ем, сау адамға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз бие сүтінен жасалады. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе, құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін, созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.

  1. Қымыз қандай сусын?

А) тәтті

В) ауруға ем

С) суық

D) қуат бермейді

  1. Қымыздың қандай қасиеттері бар?

А) қоректік қасиеттері

В) химиялық қасиеттері

С) физикалық қасиеттері

D) емдік қасиеттері

  1. Қымызды ненің сүтінен дайындайды?

А) түйенің

В) сиырдың

С) биенің

D) ешкінің

  1. Қымыз құрамында қандай дәрумен мол кездеседі?

А) С

В) Д

С) В

D) А

Айтылым.

Топтық жұмыс. Төменде бірнеше тағамның атауы жазылған. Сол тағамдардың құрамдас бөліктерін жазып шығу керек. Қай топ бірінші болып жазып шықса, сол топ жеңіске жетеді.

Қазақша ет, наурыз көже, қуырдақ, бауырсақ

Жазылым.

Берілген сөйлемдерден ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Мен қазақ ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін білемін. Оларды дайындай аламын.

«Әлем тағамдары» кітабын сатып алды. Тағам дайындауды үйрене бастады.

Бұқтырылған етке бұрышты салды. Оларды жақсылап қуырды.

Ол қонақтарды күтіп алды. Түскі асты дайындауға кірісті.

Маған еттен жасалатын тағамдар бөлігі ұнады. Солардың бірін пісіріп көргім келді.

Артық болмас білгенің...

Қазы қазақтың бір бренді

2011 жылы 23 қаңтарда Шыңжаңның Құлжа қаласында Мақтал және Рақат есімді қазақ азаматтары бастаған бес ағайынды жігіт ұзындығы 213 метр, 1256 салмағы келі болатын қазы жасап шықты. Сөйтіп, дүниежүзі Гиннес рекордттарын бағалау комиссиясы «Дүниежүзіндегі ең ұзын қазақтың ұлттық қазысы» деген арнаулы атақ берді де, қазақтың тағамы әлемге танылды.

Мейрамхана

Мен Астана қаласында тұрамын. Біздің компанияға Лондон қаласынан бірнеше әріптестеріміз келді. Шетелдік әріптестерімізді қазақтың ұлттық тағамдарымен таңғылдырғым келді.оларды Есілдің сол жағалауындағы «Жерұйық» мейрамханасына апардым. «Жерұйық» Астанадағы ең ірі мейрамханалардың бірі. Мейрамхананың іші ұлттық нақышта безендірілген. Төбесінде шаңырақ, қабырғасы уықтармен қоршалған.

Мен әріптестеріме қазақтың салты бойынша ең алдымен шай дастарқаны жасалатынын, оның басты асы бауырсақ екенін айттым. Қазақтың ұлттық тағамы – сыйлы қонақтарға берілетін қазақша ет туралы әңгімелеп бердім.

Дастарқан басында шетелдік әріптестерім қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы көп сұрады. «Жерұйық» мейрамханасында әзірленгенхалқымыздың ұлттық тағамдары, біздің елдің жылы ілтипаты, орындалып жатқан әсем әндер әріптестеріме қатты ұнады. Олар қазақ халқының қонақжайлығына ерекше баға берді.

1тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.

А) Астана жылдан-жылға көркейіп келеді.

В) Жерұйықтың қабырғалары уықтамен қоршалған.

С) Жерұйық- сол жақ жағалауындағы ұлттық тағамдар әзірлейтін мейрамхана

D) Астана қаласы мен Мемлекеттік қызметшілер жалақыларын уақытылы алады.

2. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

A) Мейрамхана алдындағы саябақ қалай аталады?

B) «Жерұйық» мейрамханасы қай жерде орналасқан?





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 739 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.031 с)...