Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Референттік топтар



«Референттік топ»деген ұғымды алғаш рет 1948 жылы әлеуметтік психолог Мұстафа Шериф қолданды.

Референттік топтар – адам өзін идеал немесе эталон түрінде осы топпен сәйкестенеді.

Референттік топтың 2 түрі бар:

1. Шындықты

2. Шартты

Адам референттік топтардың құндылықтарына және іс-әрекеттеріне сүйенеді. Мысалы, бала гитарада ойнап, рок-әртістерге сүйеніп, еліктеуге тырысады.

4. Қарым-қатынастардың мәніне қарай топтар екіге бөленеді:

4.1. алғашқылық топтардың мүшелері бір-бірін жеке тұлға түрінде көреді. Оған отбасы, достардан құралған топ, туыстар жатады. Осы қарым-қатынастар формалдық емес мән алады.

4.2. қосымша топтарда қарым-қатынастар тұлғалық мәнін жоғалтып, функционалдық мән алады. Функционалды - әлеуметтік рольге сәйкес іс-әрекет, қарым-қатынас.

5. Топтар кіші және ірі топтарға бөлінеді:

1. кіші топтардың мүшелері бір- бірімен дербес қатынаста болады. Мысалы, студенттік топ, бригада, класс. Осы топтар алғашқылық пен қосымша топтар түрінде кездеседі.

2. ірі топтар тек қана қосымша топтар түрінде кездеседі. Ірі топтарға тап, ұлт жатады.

Экономикалық топтар

Экономикалық топтар бірнеше фактор бойынша бөлінеді:

1. табыс бойынша топтар екіге бөлінеді: табысқа ие болатындар (жоғарғы, төмен, орта табысқа ие болатындар) және кедейлік шектен төмен болатын кедейлер мен қайыршылар;

2. (жеке) меншік бойынша топтар үшке бөлінеді: меншікке ие болатындар (жоғарғы, орта, ұзақ меншікке ие болатындар), өз күшімен жұмыс табатын тап, жалданбалы жұмысшылар;

3. басқару жүйедегі алатын орын бойынша келесі топтар бар: басқарушылар (менеджерлер) -(жоғарғы, орта, ұзақ менеджерлер) және бағынушылар (персонал);

4. еңбектің мазмұны бойынша келесі топтар бар: а) қол күші еңбекшілер және ой еңбекшілер; б) шығармашылық еңбекшілер және монотонды еңбекшілер (бір жұмыспен айналысатындар); в) квалификациялық еңбекшілер және квалификациялық емес еңбекшілер (қара жұмыскер).

Жоғарғы табысқа ие болатындар
Орта табысқа ие болатындар  
Төменгі табысқа ие болатындар  
кедейлік шегі
кедейлер және қайыршылар (депривациялық топтар)  
Табысқа ие болатындар

Ірі меншікке ие болатындар
Орта меншікке ие болатындар  
Ұзақ меншікке ие болатындар  
өз күшімен жұмыс табатын тап, жалданбалы жұмысшылар
меншікке ие болатындар (жұмыс берушілер)

Саяси топтар

Саяси топтар билікке катынасуы бойынша бөлінеді:

1. Элита биліктің тікелей иесі (жоғарғы, орта, ұзақ элита);

2. Электорат – сайлаушылар (халық), биліктің жанама иесі.

8. Этникалық (ұлттық) топтар

Этникалық (ұлттық) топтарға ұлты (национальность), тайпа, ру, ұлт (нация) жатады Олардың белгілер бір, көлемінде айырмашылық бар. Белгілері келесі: жалпы шығу тегі, жалпы мәдениет, жалпы тіл, жалпы территория, жалпы менталитеті (ойлаудың әдісі). Ұлттың (нация) айырмашылығы бар: ұлт тек қана бөліктерінің экономикалық қатынасы қалыптастыруда және мемлекет қалыптастыруда пайда болды.

Халық - бір мемлекеттің тұрғындары.

Тарихи топтар

Тарихи топтарға касталар, сословиялар, таптар қатысады.

Каста дегеніміз – ол ұрпақтан ұрпаққа берілінетін мұралық тұйық топ. Әрбір кастаның өзіне сәйкес құқықтары және қызметтері бар. Мысалы: Үндістанда бір кастадан екінші кастаға өту мүмкіндігі жоқ. Өйткені касталар тұйық болып келеді.

Сословие – ол заң немесе әдетте бекітілген ұрпақтан ұрпаққа берілінетін топ. Әрбір сословияның өзіне сәйкес құқықтары және қызметтері бар,

Еуропада 3 сословиялар болды:

1. Аристократия (ақсүйек)

2. Шіркеу қызметкерлері.

3. Үшінші сословие – жұмыскерлер, шаруалар, өнершілер,

Буржуазиялық революция өткенде үшінші сословиядаң буржуазия мен жұмыскерлер пайда болды.

Таптар тек қана капиталистік қоғамда пайда болды. Таптар туралы К.Маркс жазды, бірақ таптың ұғымын В.И.Ленин берді. Ленин бойынша тап – ол адамдардың үлкен жиынтығы. Таптар келесі белгілер бойынша бөлінеді:

1. коғамдық өндірістің тарихи жүйесіндегі алатын орны бойынша;

2. өндіріс құралдарына қатынасуы бойынша;

3. еңбектің коғамдық ұйымдастыруына қатынасуы бойынша;

4. қоғамдық байлық үлесіміңдегі алатың өлшемі бойынша.

Қанаушылық қоғамдарда таптардың арасында қайшылық болады. Сондықтан Маркс қанаушылық қоғамдарға тән болатын топтарды антагонистік таптар деп атады. Маркс антагонистік (келісімді, ымыраны көтермейтін таптар) таптарға құлдар мен құл иеленушілерді, шаруалар мен феодалдарды, буржуазия мен жұмысшыларды (пролетариатты) жатқызады.

ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ (ЖІКТЕЛУ)

1. Әлеуметтік стратификацияның теориялары

2. Әлеуметтік стратификацияның негізгі ұғымдары





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2354 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...