Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сұрақ. Мәдениет әлеуметтік қатынасттардың реттеуші ретінде



Мәдениет ұғымына екі көзқарас бар:

1) қызметтік теория бойынша ол адам қызметінің, әрекетінің алгоритмі болып табылады. Мәдениет бойынша қоғамның негізгі нормалары, идеялары ұрпақтан ұрпаққа беріледі және сақталады.

Қызмет - ол адамның табиғатқа белсеңді қатынасы. Ал белсеңді қатынас қойған мақсаттарды шешу үшін табиғатты пайдалану және оны өзіне лайықты өзгерту. Адамға қарағанда жанурлар табиғатты өзгертпей, оған бейімделеді.

2) Келесі бағыт мәдениетті ерекше символикалық-мәндік кеңістік сияқты түсіндіреді. Осы түрінде мәдениет адам қатынастарына мағына беріп, оларды реттейді.

Мәдениетке келесі құбылыстар сайкес келеді:

1. құндылықтар – ол қоғамның басты мақсаттары.

2. нормалар – ол адамның арасындағы қатынасты реттейтін, сақтайтын қоғам тәртібінің ережелері.

Нормалар екіге бөлінеді:

1. Формальді нормалар – ол қағазда бекітілген ресми нормалар (заң).

2. Формальдық емес нормалар – ол моральдық нормалар. (салт – дәстүр).

Нормалар санкция арқылы жүзеге асырылады. Санкция - ол жазалау және көтермелеудің әдістері. Санкцияның 2 түрі бар:

1) позитивтік санкциялар адамдарға әртүрлі құқықтар береді.

2) негативтік санкциялар белгілі бір әрекеттерге тыйым салады.

Сонымен қатар санкциялар екі түрге бөлінеді:

1. Формальді санкциялар – формальдық нормаларға сәйкес келеді. Мысалы: формальды жазалау (түрмеге қамау) немесе көтермелеу (орден беру). Осы санкцияларды ресми ұйымдар және лауазымды адамдар жүзеге асырады.

2. Формальдық емес санкцияларды бүкіл адамдар үйренген тәртіпке сәйкес санасыз түрде жүзеге асырады. Мысалы: жазалау - ұрсу, көтермелеу– мақтау, пейіл білдіру.

Осы санкция арқылы қоғамның тәртібі сақталады және реттеледі.

Нормаларға, рөлдерге жатпайтын тәртіпті девиация дейді. Осы әрекеттерді жасайтын адамдарды девиант деп атайды. Мысалы: наркомандар, алкоголиктар, қылмыскерлер. Қылмыскерлерді делинквенттер деп атайды.

Ал нормаларға, рөлдерге бағынатын тәртіпті конформизм дейді. Конформистер – ол қоғамның тәртібіне бағынатындар.

Мәдениет арқылы қоғамда екі процесс жүзеге асырылады. Оған әлеуметтену және қоғамдық бақылау процестері жатады

Әлеуметтену процесі – қоғамның нормаларына, тәртібіне үйрену процесі. Бала кезден басталып, бүкіл өмірге дейін созылады. Әлеуметтену процесінің 2 деңгейі бар:

1. имитация – біреудің жүріс – тұрысын дәл келтіру.

2. идентификация - өзін-өзі бір топтардың мүшесі ретінде сезіну. Бұл процесте адамның ойлауы бинарлық түрде өтеді. Бинардық ойлау (немесе «Біз -Олар» ойлауы) адамдарды екіге бөледі: өз тобына («Біз») жақсы қасиеттер береді, басқа топтарды негативті түрде бағалайды («Олар»). Осы құбылысты психологтар топтық фаворитизм деп атайды. Мысалы: Ежелгі Грецияда гректер өз-өзін өркениетті халық деп санады, басқа халықтарды варварлар деп атады. Осы ойлау арқылы халық сақталынады.

Қоғамдық бақылау – ол қоғамдағы тәртіпті реттеп, сақтайтын және қолдайтын механизм. Қоғамдық бақылау адамдардан конформдық тәртіпті талап етеді. Қоғамдық бақылаудың 2 түрі бар:

1. формалдық бақылау. Ресми ұйымдар (мектеп, институттар) өткізеді.

2. формалдық емес. Барлық адамдар өткізеді, яғни үйренген тәртіптер арқылы. Осы бақылауды саналы емес түрде өткіземіз.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1063 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...