Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сұрақ. Рөлдік тұжырымдама



Рөлдік тұжырымдама американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Чарльз Хортон Кули, Джордж Герберт Мид, Р. Линтон т.б.

Рөльдік теория негізін қалаушылардың бірі Р. Линтон. Ол әлеуметтік рөльді адам статусымен байланысты күтілетін мінез-құлық ретінде анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын орындау және игеру жағдайында іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар алдында бір рөльде, қол астындағыларының алдында екінші рөльде, әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ барлық жерде ол зауыт директоры болып қала береді, бұл оның басты статусы. Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке рөльдерінде де ол әртүрлі жағдайда көрінеді.

Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912ж.), «Социальная организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.

Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:

а) жұрт мені қалай қабылдайды;

ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;

б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.

Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.

Ал, Джордж Герберт МидМидтің әлеуметтану теориясының пайда болу негізінде өткендегі болған әрекет, оқиға (қысқаша «акт») ұғымы жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттеуші субъектінің шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің пікірінше, әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық «субъект», «тірі форма», «әлеуметтік мен» («я») ретінде қарастырылады. Объектілер ұғымының мазмұны, Мидтің пікірінше, индивидтің өткендегі барлық ерекшелігімен сипатталатын тәжірибесі. Осыған қарай объектілер индивид пен олардың арасындағы қатынастарды бейнелейді.

Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік-функционалдық талдау теориясында көп қолданды. Жалпы тұлғаның рөлдік теориясы тұлғаның бейімделу процесін көп дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа шығарады.

Джордж Герберт Мид тұлға өзінің «менін» қалай алға дамытатынын түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас, байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.

Жас бала біреудің мінез-құлқының себебін түсіндіре алмайды. Тек қана өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды. өзін «ойлауды» үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол рақылы өзінің «менін» сезіне бастайды.

Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан тұрады.

1. Бірінші иммитация. Бұл сатыда балалап үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.

2. Екінші, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші. Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.

3. Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды.бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.

Рөльдік теорияның қалаушыларына американдық социологтар Джордж Мид, Роберт Мертон, Талкотт Парсонс, Ирвинг Гоффман жатады.

Американдық социолог Талкотт Парсонс әлеуметтік рөлдін 5 негізгі белгілерін көрсетеді:

1. Эмоциалар. Кейбір рөлдерге қызу ұстамдылық тән келеді. Мысалы, дәрiгер рөлі.

2. Рөлді алатын әдісі. Кейбір рөлдер туғаннан беріледі, басқалар өз еркімен алынады.

3. Рөлдін масштабы – таралатын кеністігі. Кейбір рөлдер әрекеттесудін бір жағымен байланысты. Мысалы, дәрiгер мен емделушiдің қатынастары денсаулық мәселелерімен байланысты. Ал ата-аналар мен баланың қатынастарының мағаналары өте кең.

4. Формализация деңгейі. Кейбір рөлдер қабылданған ережелермен, тәртіппен байланысты. Мысалы, кітапханашы кітапты белгілі мерзімге береді және айыпты талап ете алады

5. Себептері. Кейбір рөлдер қоғамдық игіліктермен байланысты. Басқа рөлдер тұлғалық себептермен байланысты.

Американдық психолог Тамотсу Шибутани конвенциалдық және тұлға аралық рөлдерді білдіреді.

2 сұрақ. Әлеуметтік статус және оның түрлері:

Әлеуметтік статус дегеніміз - әлеуметтік топтың немесе жеке адамның қоғам құрылымындағы алатын орны. Әрбір әлеуметтік статусқа белгілі бір құқықтар мен міндеттер, қасиеттер, рөлдер, мінез – құлық ұйғарады. Сонымен қатар әрбір әлеуметтік статусқа тиiстi киiм тиiстiсi қасиеттер сәйкес келеді,

Әлеуметтік статустың түрлері:

1. Аскриптивті (жазылған) статус - туғаннан берілген статус. Мысалы: жыныс; жас, ұлт, ру, нәсіл бойынша.

2. Жетістік статус - өз еркімен алынған статус. Қоғамда статустың бақылауы болады. Әрбір статусқа тәртібі сай болуы керек.

3. Маргиналдық статус – екі статустын арасындағы статус (аралас статус). Мысалы: қазақ еркектің және орыс әйделдің баласы, аулдан қалаға көшкен адам.

4. Қоғамның әрбір саласында жеке адамның немесе топтың статустарыы бар. Мысалы: экономикалық статус, саяси статус, діні статус, білім статусы, некелік статус және т. б.

Жеке адамның бірнеше статусы бар. Олардың арасында басты статусты білдіреді. Басты статус -қоғамдағы адамның немесе топтың орның анықтайтын статус

Статустың жиынтығы –жеке адамның немесе топтың қоғам құрылымындағы алатын статустары. Бірақ, статустың арасында басты статус бар. Осы статус бойынша адамды белгілі бір қоғамда бағалайды. Мысалы: жеткен жетістігі – президент, бастық, профессор және т. б.

Статустық конфликт – бір адамға тән болатын статустың арасындағы қайшылығы немесе статус үйлесімділігі. Мысалы: кедейленген ақсүйек, жаңа қазақ.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2223 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...