Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д18. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапония



1. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяғына қарай Жапонияның экономикалық және саяси жағдайы. «Күріш көтерілістер».

2. Монополиялар билігінің күшеюі. Г. Танака кабинеті.

3. 1929-1933 жж. Жапониядағы экономикалық дағдарыс.

4. Маньчжурияны басып алуы. Әскери-фашистік бүлік. «Антикоминтерндік» пактіге қосылуы.

Жапония бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бірнеше қиын жағдайды басынан өткізді. Олардың негізгілері – 1918 жылы аштық нәтижесінен болған көтерілістер, 1923 жылғы күшті жер сілкініс, әскери-фашистік диктатура, Хиросима және Нагасаки қалаларында атом бомбасының жарылуы.

1919 және 1929 жылдарғы сайлау заңдары бойынша Жапония конституциясына көп өзгерістер енгізілді. Сайлаудың мүліктік ценздері жойылды, бұл сайлаушылардың санын көбейтті.

Жапонияның әскери өндірісі күшті болса да, халықтың әлеуметтік жағдайы нашар болды. Күріш бағасы өсті, сондықтан елде «күріш бүліктер» өтті. Осы бүліктерге 10 млн адам қатысты. 1920 жылы елде экономикалық дағдарыс болды. Осы экономикалық дағдарыстан шығу үшін жапон үкіметі этатизм саясатын өткізді.

Экономикалық дағдарыс жапон экономикасында ерекше ауыр түрде көрінді. Өнеркәсіп өнімі 1931 жылы 32,4 пайызға қысқарды, сыртқы тауар шығау 2 есе азайды. Елде наразылық қозғалысы өріс алды. 1931 жылы ереуілдің саны 1928 жылмен салыстырғанда 25 есе өсті.

Саяси дамуы Париж бітім конференциясының шешімдері бойынша Жапония Германдық Тынық мұхитындағы иеліктерінжәне Қытайдың Шаньдун түбегін алды. Алайда Вашингтон конференциясы Жапонияны Шаньдун түбегінен айырды және әскери-теңіз күштерін шектеді. Бұл жағдай Жапонияның билеуші топтарының Антантаға наразылығын тудырды. Кейбір топтар елде кен қайтару ниетін күшейтуге тырысып, әр түрлі басқыншылық жоспарларын ұсынды.

1924 жылы Парламенттік сайлауда неғұрлым байсалды саяси топтар жеңді, үкімет басына Конституциялық партия жетекшісі Като келді. 1927 жылы Сейюкай партиясының жетекшісі генерал Танака келді. Танака үкіметі 1927-1928 жж Шаньдун түбегіне бірнеше рет басқыншылық әрекет жасады. 1927 жылы Танака императорға ұсынған сыртқы саясат жоспарында Қытайда, Қиыр Шығыста бірқатар жерлерді басып алу, Тынық мұхитында АҚШ-тың әскери қуатын күйрету міндеттерді көрсетті.

Жапонияның саяси партиялары:

- 1898 жылы, Кэнсэйто (Конституциялық партиясы);

- 1900 жылы, Сэйюкай партиясы (саяси жолдастардың қоғамы);

- Какусии курабу (Клуб перемен);

- 1920 жылының басында, кәсіпорындар одағының лигасы құрылды;

- 1920 жылдың соңында Социалистік лига құрылды, осы партияға социалистер, анархистер, коммунистер кірді;

- 1922 жылы қазан айы, Жапонияның Коммунистік партиясы құрылды;

- 1925 жылы 1желтоқсан, Шаруалар мен жұмысшылар партиясы құрылды.

1930 жылдарында Жапонияның саяси өмірінде белсенділігімен көре түскен «Жас офицерлер» тобы болды, 1932 жылы «Жас офицерлердің ұлттық федерациясы» деген ұйым құрылды. Оны генерал Араки басқарды. Ұйым көппартиялы жүйеден бас тартуды, үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігін жоюды, диктатура орнатуды және басқаншылық сыртқы саясат жүргізуді талап етті. 1932 және 1936 жылдары олар бүліктер және қастандықтар ұйымдастырды. Таптық күрестің күшеюі, әскери қозғалысқа халықтың білдірген наразылығы Жапонияда үстем таптардың арасында белгілі бір қайшылықтар туғызды. Жас офицерлер билікті мемлекеттік төңкеріс арқылы алуға ұмтылды. Олар 1932 жылы 15 мамыр күні фашистік бүлік ұйымдастырып, Жапония үкіметінің Инукаи деген басшысын өлтірді де, полиция басқармасына, мөр сақтаушы тұлғаның резиденциясына, мицуи банкісіне, Жапон банкісінің басқармасына шабуыл жасады. Бүлікті басқарған адамдардан террористік актілердің жоспары, өлтіретін адамдардың тізімдері табылды. Осы жас офицерлердің ұйымы демагогиялық сөздермен генералитетпен құрылған байланысты жасырғысы келді. Олар халықтың мүдделерін және императордың қасиетті құқықтарын монополиялардан қорғағысы келгенін мәлімдеді. Фашистік ұйымдардың демагогиялық әдістері өте жоғары болатыны белгілі, бірақ Жапонияның фашистік құрылысының өз ерекшеліктері болды. Бұл фашистік тәртіп өзіне бүкіл мемлекеттік аппаратты бағындыра бастады. 1932 жылы фашистік бүлік басылғаннан кейін, Жапонияда жаңа партиялардың бәрінен жоғары тұратын мемлекеттік аппарат құрылды, бұдан кейін саяси партиялар құратын үкіметтер құрылмайтын болды. Бұл саяси партиялардың абыройын және саяси ықпалын төмендетті. 1932 жылдан бастап Жапонияның үкіметін бірде-бір партияға кірмейтін адмиралдар басқарды. Оны жүйеге түсірген жас офицерлердің одағы және кабинеттің бірнеше мүшесі. Мемлекет соғыс жолына түсіп,экономиканы толық милитаризациялауға бет алды. әскери зауыттарда қызмет істеген адамдар кәсіподақ құра алған жоқ. Халық шаруашылығы мемлекеттік – монополистік жүйенің үстемдігіне бағынды да, халықтың жағдайы нашарлады. Жаңа концерндердің және жас офицерлердің өкілдері мемлекеттің милитаризациялауын талап етті. Олар материктегі агрессияны күшейткісі келді. Бірақ халықтың арасында фашистерге қарсы қозғалыс етек алды. Жаңа офицерлер парламенттік әдіспенен үкіметке келе алмағандықтан, өздерінің жоспарларын күшпен жүзеге асырғысы келді. Токиода тағы бір фашистік бүліктің пайда болуы – 1936 жылғы 26 ақпаны. Оған жас офицерлер басқарған 1500 солдат қатысты. Олар парламентті, әскери министрлікті, полицейлік басқарманы басып алды. Үш күн бойы бүлікке қатысушылар астананың орталық көшелерін бақылады, оларға қарсылық көрсеткен қызметкерлерді өлтірді. Бірақ Токиода орналасқан гарнизон мен флот және халық та оларға наразалығын көрсеткеннен кейін, 29 ақпан күні олар қаруларын тапсыруға мәжбүр болды.

1931 жылы АҚШ Қытайдың сыртқы саудасында бірінші орынға шықты, ал Жапония Қытайға ықпалынан айырылмауға тырысты. Экономикалық жағынан қуатты АҚШ сауда бәсекесінде Жапониядан жеңілмейтін еді, сондықтан Жапония ашық түрде қару күшімен Қытайды басып алуға тырысты. 1931 жылы Маньчжурияға басып кірді. Осыдан кейін Жапония үкіметі соғыс өнеркәсібін жедел дамуға кірісті. Мемлекеттік бюджеттің 70-80 пайызы соғыс өнеркәсібіне жұмсалды. Шетелдерден соғыс өнеркәсібіне керекті шикізатты көктеп сатып алу елдің алтын қорын күрт азайтып жіберді. 1937-1941 жылдарда Жапонияның экономикасы өтпайыр жағдайда болды. Халықтың еңбекке жарамды бөлігінің көпшілігі әскер қатарына шақырылды. Бүкіл ел соғыс мақсатына еңбек етуге мәжбүр болды. 1936 жылыүкіметтің басына Хиротадеген саяси көсем келіп, ұлттық саясаттың негізгі қағидаларын жасады. Олар:

1. «Жапония Шығыс Азияның тұрақты күші» болсын деген бағдарламаны өткізу;

2. Жапония мен Маньчжурияның ұлттық қорғаныстың күшеюі;

3. мемлекеттің экономика, әкімшілік басқару, саясат салаларында радикалды өзгертуді өткізу керек.

Хиротаның қағадалары әскери өнеркәсіптің дамуының бесжылдық бағдарламаның негізіне жатты. Осы реформалар елдің «жаңа экономика» және «жаңа саяси құрылымның» атауын алды. Бірақ 1937 жылы жапон үкіметін Коноэ басқарды. Коноэ әскери, қаржы-өндіріс концрендермен (дзайбацу) және императордың жақындастарымен байланысты болды. Коноэ мемлекетте әскери-фашистік диктатурасын және «Шығыс Азияда жаңа тәртібті» орнату саясатын өткізді. Мемлекетке бірпартиялық жүйе орнатылды, әр түрлі саяси партиялар таратылды. 1940 жылы 27 қыркүейкте Жапония Германия және Италиямен «Ұштік пакт» деп аталған КСРО-ға, АҚШ пен Ұлыбританияға қарсы болған әскери одақты құрды.

1941 жылдың маусым айында Жапония Квантун армиясын КСРО-ның шекарасына келіп тұрды. 1941 жылдың 7 желтоқсанында Жапонияның әскери флоты АҚШ-тың Перл-Харборға (Гавай аралдарында орналасқан) шабуыл жасады. Жапонияның флоты теңіз соғысқа қатысты. Мысалы, 1942 жылдың мамыр айында Коралл теңізінде, 1942 жылдың маусым айында Мидуэй аралының қасында, 1943-1944 жылдарда Соломон аралдардың қасында және т.б. 1945 жылдың 2 қыркүйекте «Миссури» атты америкалық линкорнде Жапонияның тізу бүгу туралы актіне қол қойылған.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.

3. Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3916 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...