Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д16. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай



1. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяғына қарай Қытайдың саяси және экономикалық жағдайы.

2. Қытайда партиялардың құрылуы. Гоминдан мен Қытай коммунистік партиясы. Сунь Ятсен.

XX ғасырдың басында Қытай аграрлы ел болды. Шаруалар жер иеленудің қауымдық нысаны болды. Бірақ XX ғасырдың 20 жылдарында ауылда жекешелендіру (приватизация) процесі басталды. Ұлттық капитал күшті болмаған. Барлық кәсіпорындардың иелері Батыс Еуропа мемлекетерінен шыққан кәсіпкерлер болды. Батыс еуропаның капиталы Қытай экономикасында негізгі орын алды. Қытайдағы жұмысшылар табының саны көп болмады: 20 жылдардың басында Қытайда 2,5-3 млн жұмысшы болды, яғни бұл елдей халықтың 2 пайызға жуығынан да аз еді. Фабрика-зауыт жұмысшылары негізінен елдің өнеркәсіп орталықтарына шоғырланды.

1917 жылдың 3 қазанында Гуанчжоуда Қытай Республика парламентінің мәжілісі ашылды. Осы мәжілісте Сунь Ятсенді «Солтүстікке бағытталған армияның генералиссимусі» деп тағайындалды. Оның мақсаты – солтүстік дуцзюндерге (провинциялардағы жалданған армиялардың басшылары) соғыс ашу. Бірақ өкімет осы уақыттан бастап дуцзюндердің қолында болды. Сондықтан Қытайда дуцзюнат жүйесі құрылды. Осы жүйе 1925-1927 жж. революцияға дейін әрекет етті.

«1919 жылдың 4 мамырдағы» қозғалыста студенттер ғана қатысты. Осы қозғалыстар бүкіл Қытай территориясында өтті. Студенттер Париж бітім конференцияның шешіміне қарсы шықты, яғни бұрынғы Германияның жері Шаньдун Жапонияның ықпалында болды. Студенттер «Отан қауіпте!», «Мемлекеттік тәуелсіздікті қорғаймыз!» және басқа ұранмен демонстрацияларға шықты. Осы екі апталық демонстрациялардың нәтижесінде Қытай үкіметі өз еркімен қызметтен кетті.

Қытайдың саяси партиялары:

- Қытайдың Коммунистік партиясы.

ҚКП бағдарламасы бойынша капиталистік және феодалдық таптарды құлатып, пролетариат диктатурасын орнату керек. ҚКП бағдарламасы:

1. жеке меншікті жою;

2. өндіріс құралдарын тәркілеу (конфискация);

3. қоғамдық меншікті құру.

ҚКП-ның басшылықтары нақты марксизмді білмеді, Маркс және Ленин кітаптарын оқыған жоқ. ҚКП жетекшілерінің негізгі қатесі – партия тек қана жұмысшылардан құрылды. Ал Қытайда жұмысшылар өте аз болды.

- Ұлттық партия – Гоминьдан

Гоминьдан партия 1912 жылы Сунь Ятсеннің (1866-1925) ықпалымен құрылған. Партия (ГМД) ұлттық буржуазияның және оның жақтастарының мүддесін қорғады. ГМД басшылығы ұлттық зиялы қауымның өкілдерінен құрылды. Олар: дәрігерлер, мұғалімдер, студенттер және т.б. Партияға банкирлер, фабрика-зауыт иелері, көпестер де қатысты. 1920 жылы ГМД партия мүшелерінің саны бір мыңнан асты.унь Ятсен 1923 жылы елдің оңтүстігінде орналасқан антиимпериалистік қозғалыстың орталығына айналған ірі қалалардың бірі – Гуанчжоу (Кантон провинциясында) құрылған революциялық үкіметті басқарды.

Сунь Ятсеннің «үш халық қағидасы»:

1. ұлтшылдық: Қытайдағы жатжерлік маньчжур үстемдігін құлатып, Қытайдың тәуелсіздігіне қол жеткізу;отаршылдықты жою; Батыс Еуропа елдері Қытайдың егемендігін тануға міндетті болады;

2. демократизм қағидасы: Қытайда монархиялық биліктен бас тартып, демократиялық республика құру;

3. халық игілігі принципі – жер иеленудің біртұтас мемлекеттік салыққа негізделген түрін енгізуді, яғни агарарлық мәселені көздеді.

1924 жылдың басында ГМД партиясының бірінші съезі өтті. Осы съездің нәтижесінде ГМД өкілдері ҚКП-мен біртұтас майдан құру және «үш халық қағидасын» өгерту керек деген шешімге келді. Осы уақыттан бастап ұлтшылдық қағидасы – ол Қытайдағы шетелдердің ықпалын жою және елде тұратын барлық халықтардың, ұлттардың теңқұқықтығы; демократизм» қағидасы – халықтарға тең құқытар және бостандықтар беретін мемлекетті құру; халық игілік қағидасы – ірі капиталдарды шектеп, барлық еңбекшілердің жағдайын жақсарту, жұмысшыларға әлеуметтік қорғау беру және т.б. Сунь Ятсен өзінің «үш халық қағидаларын» «үш саяси тұжырымдарымен» толтырды. Олар: КСРО-мен одақтасу; ҚКП-мен біртұтас майдан құру; жұмысшы-шаруа бұқарасын өзінің тірегіне айналдыру.

1923 жылы жазда ҚКП үшінші съезі өтті. Съезде ҚКП мүшелері екі топқа бөлінді:

1. «солшылдар» - ГМД-мен біріктіруге қарсы болғандықтар кірді;

2. «орташылдықтар» - ГМД-мен бірігу керек.

1924 жылының қаңтар айында Гоминьдан мен ҚКП біріккен мйданның бірінші съезі өтті. Съезде Орталық атқару ұйым құрылды және Сунь Ятсеннің «үш халық қағидаларынан» құрылған манифест өндірілген. Орталық атқару ұйымы ҚКП және Гоминьдан партиясының өкілдері кірді. 1925 жылдың қаңтар айында Шанхай қаласында ҚКП-ның төртінші съезді өтті. Съезде 950 коммунист қатысты. Осы съездің негізгі мәселесі – ол Гоминьдан партиясымен бірігу және болашақ революцияның сипты. Съезд шетел және ұлттық буржуазияға қарсы бағытталған пролетарлық революцияны өткізу шешімі қабылданды. Бірақ 1925 жылы Сунь Ятсен дүниеден кеткен соң Гоминьдан партиясы екі бағытқа бөлінді:

1. «солшылдар» (өкілдері- ұлттық буржуазия, студенттер);

2. «оншылдар» (өкілдері – жер иеленушілер, ірі шенеуніктер, компрадорлар; басшысы –Чан Кайши).

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.

3. Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4768 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...