Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д17. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай



1. XX ғасырдың 20-30-шы жж. ішкі саяси және экономикалық жағдайы.

2. Гоминдан партиясының қол астындағы Қытай. Чан Кайши үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.

Чан Кайши (1887-1975) – қытайша Цзян Цзенши, шын есімі – Цзян Чжунчжэн. Ол Қытай халқының ұлы генералы. Ол 1925 жылдан бастап Гоминьдан партиясының жетекшісі болғандықтан Гоминьдан мен ҚКП бөлінеді де өз бетімен әрекет етеді.

1925-1927 жылдарында Қытайда революция болды. Революция 1925 жылдың 30 мамырда Шанхай қаласында болған оқиғалардан басталды. Осы күні Шанхайдың фабрикасында Жапондан келген жұмысшы өлтірілді. Елде демонстрациялар басталды. Осы революция тарихнамада «30 мамыр қозғалысы» деген есіммен аталған. Революционерлердің негізгі мақсаттарына Қытайға тәуелсіздікті қайта құруға құқық беру, милитаристердің билігін құлату, елдің саяси бірігуі, аграрлық сұрақты шешу, халыққа демократиялық құқықтарды беру сияқты талаптар жатты. Осы революция Синьхай революцияның жалғасы болды деп тарихнамада есептеледі. Революцияның нәтижесінде Қытайда ҚКПжәне ГМД партиялардың жақтастарының арасында азаматтық соғыс басталды. Азаматтық соғыс 1927 жылдан 1937 жылға дейін созылды. Нанкин қаласында Сунь Ятсенгн арналған мазар құрылған да оның «үш халық қағидалары» ұлттық, ресми идеологиясына айналдырылды. Қытай Республикасының негінде жатқан құжаттар 1928 жылдың қазан айында бекітілді. Олар – «Саяси қамқорлықтың бағдарламасы» және «Ұлттық үкіметті ұйымдастыру туралы заң». Ұлттық Үкімет бес палатадан құрылған.

1. атқару палатасы – үкіметтің функциясын атқарды;

2. заң шығару - парламенттің функцияларын атқарды;

3. сот палатасы – Жоғары соттың функцияларын атқарды;

4. емтихандық – мемлекетік қызметкерлерден емтихан алып, алардың білімін және сапасын тексерді;

5. мемлекеттік қадағалау (надзор) – мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын тексерді.

1928 жылдан бастап ҚКП партиясының құрамына шаруаларды кіргізді. ҚКП штаб-пәтері Шанхай қаласында орналасты. Осы уақытта газеттерде ҚКП ОК генералды хатшы Ли Лисаньдің Қытайдағы коммунизмі туралы көптеген мақалалар жарияланды. Ол өзінің ілімінің негізіне Маркстың әлемдік революция теориясын алып, келесі қорытындыға келді: әлем революциялық қозғалыстың орталығы КСРО-дан Қытайға ауыстырылды. Сондықтан ҚКП негізгі мақсаты – ірі халықаралық әскери жанжалдарды тездету керек. Мұның нәтижесінде Ли Лисань генеральды хатшы қызметінен босатылды. Ал тарихнамада бұл оқиға «лилисаневщина» деген ұғыммен аталды.1928 жылдан бастап Қытай территориясында Хунань және Цзянси провинциялардың шекарасында кеңес аудандар құрылды. 1931 жылдың қараша айында Жуйцзинь қаласында кеңес аудандардың өкілдерінің бірінші жалпықытайлық съезі өтті. Съезде Қытай Кеңес Республиканың Конституциясы бекітілді. Мемлекеттің жоғары органдарының құрамына Орталық Атқару Комитеті (ЦИК), Халық комиссарларының Кеңесі (СНК), Революциялық Әскери Кеңес (РВС) кірді. СНК және ЦИК-тың басында Мао Цзэдун отырды.

1937-1945 жылдары, Қытай-Жапон соғысы.

Әдебиет:

4. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

5. Новейшая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2000.

6. Сейдхан К., Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2581 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...