Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

И.Канттың жаратылыстанулық көзқарастары



Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде жаратылыстанушы – ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде материалистік тұжырымдар жасайды. Оның әйгілі бағдарламалық пікірі мынадай: «маған материяны беріндер, мен одан дүниені калай құру керек екендігін көрсетейін». Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді. Бұл, - әрине, материалистік түсінік.Кант өзінің аспан әлемінің механикалық заңдарға сай табиғи жолмен пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырымын «Аспанның жалпы табиғи тарихы және теориясы» (1755) деген еңбегінде жария қылады. Аспандағы планеталар бір кезде табиғи жолмен заңды түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ болуы мүмкін; Күн де мәңгі жанып тұрмайды, түбі сөнеді; табиғат құбылыстарына тарихи тұрғыдан қарау керек деген диалектикалық тұжырым жасайды. 1754 жылы Кант бір еңбегінде «Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» - деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс, метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге жайылған ұлы физик болар еді - деп жазды[3]. Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады. Оны қызықтырған тағы бір ғылым саласы философия болды. Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі жүлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң»[4].

1) жаратылыстану саласындағы ғылым ізденістер кезеңі, ол “Жалпыға бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы” (1755) туындысымен аяқталады. Бұл кезеңнің негізгі өзегі – табиғаттың дамуы мәселелеріне арналды. Бұл идея метафиз. көзқарасқа берілген алғашқы соққы болды;

2) метафизикалық зерттеулер кезеңі, онда Кант вольфтік философиядан гносеологияға қадам басты және Сведенборг мистикасын сын тезіне алды (“Аруақшыл адамның қиялы”, “Сезім дүниесі мен парасат дүниесінің формасы мен негіздері туралы”), (1770);Әдебиетте Кант шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге айналды: 1770 жылдарға — сыни кезеңге дейінгі (докритический) және одан кейінгі сыни кезең (критический период). Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде жаратылыстанушы – ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде материалистік тұжырымдар жасайды. Оның әйгілі бағдарламалық пікірі мынадай: «маған материяны беріндер, мен одан дүниені калай құру керек екендігін көрсетейін». Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді. Бұл, — әрине, материалистік түсінік.

Кант өзінің аспан әлемінің механикалық заңдарға сай табиғи жолмен пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырымын «Аспанның жалпы табиғи тарихы және теориясы» (1755) деген еңбегінде жария қылады. Аспандағы планеталар бір кезде табиғи жолмен заңды түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ болуы мүмкін; Күн де мәңгі жанып тұрмайды, түбі сөнеді; табиғат құбылыстарына тарихи тұрғыдан қарау керек деген диалектикалық тұжырым жасайды. 1754 жылы Кант бір еңбегінде «Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» — деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс, метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге жайылған ұлы физик болар еді — деп жазды. (Қара: Уайтхед А. Избранные работы по философии. М.:Прогресс, 1990, с. 199)

Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 922 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...