Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гелиоцентрлік ілімнің пайда болуы



Утопия - (көне грекше: topos - орын, жер, яғни, жоқ жер) - әлеуметтік-саяси қиял түрі, орындалмайтын арман, ойдан шығарылған, ғылыми негізделмеген, шынайы өмірде жоқ, жүзеге асыру мүмкін емес, көбіне өмір сүріп отырған қоғамнан әлдеқайда жақсы, мінсіз жобалар.

"Утопия" үғымы утопиялық социализмнің негізін қалаушы Т.Мордың "Утопия" (1516) еңбегінен алынды. 1) ғылыми тұрде тұжырымдалған идеалды қоғамдық құрылысты бейнелеу. Утопия термині алғашқы рет 1566 ж. Т.Мордың осы аттас кітабынан алынған; 2) фантазия, іске аспайтын қиял-ғажайып құбылыс.

Утопиялық социализм - мүлік ортақтығына, жүрттың барлығы үшін міндетті еңбекке және игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы ілім дамуының ғылымға дейінгі кезеңі. "Утопия" деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Томас Мор қолданды. Содан кейінгі жерде бұл термин ойдан шығарылған, өмір сүрмейтін қоғамдық тәртіптерді сипаттағанда қолданыла бастады. Жеке меншікке негізделіп өмір сүріп отырған қүрылысты сынап, болашақ мінсіз құрылыстың көрінісін бейнелейтін, қоғамдық меншіктің қажет екенін теориялық түрғыдан негіздеуге тырысатын утопист-социалистер көптеген көреген идеялар мен болжамдар айтты. Сондықтан да ағылшын саяси экономиясы және классикалық неміс философиясымен бірге утопиялық социализм ғылыми социализмнің идеялық көздерінің бірі болып табылады. Жеке меншікті айыптау мен мүлік ортақтығын дәріптеуді Ежелгі Грекия мен Римнің кейбір жазушыларынан, орта ғасырдағы "еретиктерден", феодализм дәуіріндегі кейбір шаруалар көтерілістерінің бағдарламалары мен шаруалар идеологтарынан кездестіруге болады, мүның өзі антагонистік қоғамдағы теңсіздік пен адамды адамның қанауына табиғи көзқарас еді. Капитализмнің пайда болуы мен дамуына және пролетариаттың азды-көпті дамыған ізашарларының қалыптасуына қарай Утопиялық социализм барған сайын тарихи реализм сипатын алып, теория ретінде күрделене түседі, әртүрлі мектептер мен бағыттар қүрып, тармақтана береді. Утопиялық социализмнің жүйелі дамуы капитализмнің туу кезеңінде, Қайта өрлеу және Реформация дәуірінде басталды (Я.Гуе, Мюнцер, Т.Мор, Т.Кампанелла). Ол Еуропадағы буржуазиялық революциялар кезеңінде қайта дамып, пролетариаттың ізашарларының идеологиясына айналды. Капитализм қауырт дамыған кезеңде буржуазиялық төңкерістер идеологтарының жалған үміттері сейіліп, ал капиталисттік қоғамның қайшылықтары барған сайын айқындала түскен кезде утопиялық социализм өз дамуының шырқау шегіне жетті (Сен-Симон, Фурье, Оуэн, тағы басқалар)- Карл Маркстің айтуынша, тек өндіріс әдісінде төңкеріс жасамай қоймайтын өндіргіш күштердің дамуы, капиталисттік қоғамның дамуы барысында үйымдасқан өнеркәсіп пролетариатының пайда болуы социализмді утопиядан ғылымға айналдырудың тарихи мүмкіндігін жасайды.

1) Мор Томас (ағылш. Sir Thomas More,тағы ағылш. Saint Thomas More; 7 ақпан 1478, Лондон — 6 шілде 1535, Лондон)) – ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. 1529 – 1532 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольге қарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі – адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді. Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы “Утопия” мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы – отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылым, өнермен шұғылданады. Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның “Утопиядағы” қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды. Мордың “Утопиясы” кейінгі реформаторларға, Фурье, Сен-Симон секілді басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.

2) Кампанелла Томмазо, 1582 жылы монах ретінде шашын күзегенге дейін Джованни Доменико (1568 – 1639) – италиялық философ, ақын, саяси қайраткер. Бастапқы утопиялық коммунизм ағымы өкілдерінің бірі. Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады. 1599 жылы Италияны испан езгісінен азат ету мақсатымен көтеріліс ұйымдастыруға әрекет жасады. Астыртын әрекеті әшкереленіп, Кампанелла ауыр азаптаудан кейін түрмеге қамалып, онда 27 жыл отырды. Сонда отырып ол жеке меншіктен ада, жаппай молшылыққа кепіл болатын, бірақ тұрмысты реттеп отыратын, шын мәнінде абыздар билігі сипат алған мінсіз қоғам туралы өз утопиясы “Күн қаласын” (1602) жазды. Ол 1623 жылы жарияланды. “Күн қаласы” – кейінгі қоғамдық ой-пікірлердің дамуына елеулі ықпал жасады. Кампанелла көптеген канцон, мадригал және сонеттердің авторы.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1347 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...