Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орытынды. Қорыта келе,құжаттау– бұл белгіленген тәртіп тұрғысынан алғанда қажетті және бір нәрсені



Қорыта келе, құжаттау– бұл белгіленген тәртіп тұрғысынан алғанда қажетті және бір нәрсені толтыру кезінде міндетті дағдылы іс - әрекет.

Шет елге шыққан кезде, ең алдымен, жол құжаттарыңыздың дұрыстығын тексеріп алу керек. Әсіресе, паспорттағы тегіңіздің, атыңыздың, әкеңіздің атының (латын тіліндегі транслитерациясы да), туған күніңіз бен туған жеріңіздің, балаларыңыз туралы мәліметтердің, паспортыңыздың аяқталу мерзімінің (паспорттың мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек) дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз. Егер өзіңізбен бірге 16 жасқа толмаған балаларыңыз бара жатса, онда әке-шешесінің біреуінің паспортына балаларды жазып, суреттерін жабыстыру керек немесе оларға жеке паспорт алуға болады.

Визалық төл құжаттық бақылау – жолаушыны тексеруі барысында төл құжаттың растығы жайлы транзиттік виза кезінде кірген шыққаны жайлы тексеру түрі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекет ішінде жүру үшін жеке куәлікті ғана талап етеді. Жеке куәлік Қазақстан территориясында 16 жасқа толған азаматтардың барлығында болуы қажет. 16 жасқа дейінгі азаматтарда яғни балаларда жеке басының растаушы құжаты туу туралы куәлік болады.

Халықаралық тасымалдау кезінде жолаушыларды шекара қызметкерлеріне мемлекет аралық паспорттын көрсету керек. Оның кескіні өзгеше болады. Мемлекет аралық паспортың түріне байланысты әр түрлі болып келеді Әртүрлі өкілеттіліктермен жұмысшылардың қызмет түріне байланысты белгілі бір тәртіппен беріледі.

Паспорттық бақылау кезінде паспорттың шынайлылығы жайлы, мерзімі жайлы кіріп – шығу мерзімінің сәйкес келуі жайлы тексеріледі. Кейбір елдерде азаматтың шығу мерзімі екі айдан алты айға деп көрсетіледі. Шетелге саяхат ұйымдастыратын турфирмалар паспорттық бақылаудың талаптарын қатан түрде білу қажет, яғни сол елдің транзиті, трансфері, кіріп – шығу мерзімі жайлы білуі қажет. Балғын сәби ата – анасымен шетелге өту кезінде ата – ананың екуінің бірінің паспортының артына сәби жазылу керек. Егер сәби 6 жастан асқан болса ата –анасының паспортына суреті тапсырылуы қажет. Сонымен қатар сәби туылған күннен бастап жеке өзіне халықарық паспорталуға құқығы бар.

Сонымен, туристік құжаттар туристік қарым-қатынаста өте маңызды. Сондықтан туризмде де құжаттарды мемлекет реттеп отырады. Туристік құжаттауды мемлекттік реттеудің негізгі мақсаты – саяхат бостандығына және халықаралық туризмге көп адамдарды жіберуге мүмкіндік туғызу. Мемлекеттік үкіметтер өз шешімдерін талап етеді, бір жағынан туристік фирмалардың дамуына мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар мен шарттар құруға, екінші жағынан – халықаралық туризмнің дамуына кедергі болмайтын шекаралық, кедендік, медициналық сияқты және басқа да құжаттарды белгілей отырып, туристік сапарар мен келушілердің қауіпсіздігі мен еркіндігін қамтамассыз етеді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 639 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...