Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасы қызметін реттеуші іс-құжаттар



Туристік құжаттауды мемлекттік реттеу әрбір адамға халықаралық туризмге қатысуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген ережелер мен өзара қолайлы жағдайларды жасау бойынша бір немесе бірнеше мемлекеттің мемлекеттік шаралар жиынтығы болып табылады.

Туристік құжаттауды мемлекттік реттеудің негізгі мақсаты – саяхат бостандығына және халықаралық туризмге көп адамдарды жіберуге мүмкіндік туғызу. Мемлекеттік үкіметтер өз шешімдерін талап етеді, бір жағынан туристік фирмалардың дамуына мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар мен шарттар құруға, екінші жағынан – халықаралық туризмнің дамуына кедергі болмайтын шекаралық, кедендік, медициналық сияқты және басқа да құжаттарды белгілей отырып, туристік сапарлдар мен (келулердің) келушілердің қауіпсіздігі мен еркіндігін қамтамассыз етуді. Туризмнің дамуына үкімкттен басқа ұлттық парламенттер де жоғары көңіл бөледі. Европалық сияқты, ұлттық парламенттер қатарында да арнайы топтар және туризм дамуына қолайлы болатын заң жобалары мен жалпы стратегияны жасайтын туризм бойынша полициялар құрылады.

Ресейде мемлекеттік басқаруды туризм саласы, салааралық және аймақ аралық үйлестіруді, жүзеге асыратын мемлекеттік Думаның экономипкалық саяхат, кәсіпкерлік және туризм бойынша федеральдық агенттігі болып табылады. Бұл мемлекттік органдар (терминология бойынша БТҰ) елдің ұлттық туристік әкімшілігі болып табылады.

Туристік құжаттау туралы негізгі ережелер «ҚР – нан кету және ҚР – на келу тәртібі туралы» (1996 ж), ҚР – ң кедендік кодексі (1993 ж) «ҚР-ң мемлекеттік шекарасы туралы» (1993 ж), ҚР-ң «Валютаны реттеу және валютаны бақылау туралы» заңында (1992 ж), «халықтың санитаршлық – эпидемиялық аман – саулығы туралы» федеральды заңда (1999 ж) және т.б. анықтаған. Бұл заңдар Қазақстаннан кету бостандығын белгілейді шектеулерді қоспағанда және кету бостандығын белгілейді, ал елден сыртқа болғанда азаматтар мемлекет қорғауында және жақтауында болады.

Туризм саласындағы формальдылықты мемлекетік реттеудің тәсілдері:

· Туристік формальдылықтарды реттеу мен жетілдіруге бағытталған заңды және нормативті актілерді қабылдау;

· Туристік индустриядағы лицензиялау, стандарттау, туристік өнімді сертификаттау;

· Келу, кету және уақытша тұратын ел аймағында болу ережелерін белгілеу;

· Кедендік және валюталық реттеуге қолайлы жағдай жасау;

· Саяхатшылардың құқығымен мүдеделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету;

· Туристік формальдылық саласындағы ғылыми зерттеулердің дамуы мен кадрларымен қвамтамассыз етуге көмектесу.

Полицейлік құжаттар: тексеруді компьютерлік жүйелердің көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ХААҰ стандарттарына сәйкес паспорттарды келтіру.

Шет елге шыққан кезде, ең алдымен, жол құжаттарыңыздың дұрыстығын тексеріп алу керек. Әсіресе, паспорттағы тегіңіздің, атыңыздың, әкеңіздің атының (латын тіліндегі транслитерациясы да), туған күніңіз бен туған жеріңіздің, балаларыңыз туралы мәліметтердің, паспортыңыздың аяқталу мерзімінің (паспорттың мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек) дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз. Егер өзіңізбен бірге 16 жасқа толмаған балаларыңыз бара жатса, онда әке-шешесінің біреуінің паспортына балаларды жазып, суреттерін жабыстыру керек немесе оларға жеке паспорт алуға болады.

• Жолға аттанар алдында туыстарыңыз бен достарыңызға өзіңіздің сапарыңыз бен баратын жеріңіз туралы айтып, байланыс телефондарыңызды тастап кетіңіз.

• Баратын елдегі Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдық мекемесінің телефондарын жазып алыңыз (біздің елдің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің мекен-жайлары мен телефондары №1 қосымша мен ҚР СІМ-нің www.mfa.kz сайтында берілген).

• Қазақстан Республикасынан үш мың АҚШ долларынан артық шет ел валютасын алып бара жатсаңыз, оны мағұлымдамада (декларация) жазып көрсету қажет. Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елге қолындағы шет ел валютасын алған жерді растайтын құжатсыз он мың АҚШ доллары көлемінде ғана шет ел валютасын алып өте алады. Бұл сомадан артық валюта алып бара жатқан жағдайда, оларды растайтын мынадай құжаттарды көрсету қажет: айырбастау пунктінің шет ел валютасын сатып алғандығы жөнінде анықтама-куәліктер, банктік есеп-шоттан ақшаны шет ел валютасымен алғандығы туралы құжаттар, шет ел валютасын аударма арқылы алғандығы туралы банктік құжаттар, Қазақстан Республикасына алып кірген шет ел валютасы туралы кедендік декларация. Бірақ басқа елге барған кезде мағұлымдамада көрсетпеуге болатын ақша көлемін сұрап алыңыз.

• Баратын елдерде өзіңізге қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоғын алдын ала біліп алыңыз. Кейбір кездерде Қазақстанда оңай сатып алуға болатын дәрілерді, шет елде шығара бермейді немесе оларды тек дәрігердің берген рецептісімен ғана сатып алуға болады.

• Ауа-райы ыстық елдерге баратын болсаңыз, алдын ала егілген жөн. Тропикалық елдерге баратындарға күл ауруына, сіреспеге, полиомелитке қарсы егілген дұрыс. Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) мен Латын Америкасына барар алдында безгекке қарсы міндетті түрде егілу керек. Меккеге баратындарға делбеге қарсы егіліп алған жөн. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болатын болсаңыз В гепатитіне қарсы егілген дұрыс.

• Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұру үшін бара жатсаңыз, құжаттарыңызды заңдастырып немесе апостил қойғызып алыңыз. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАЖ мекемелері берген куәліктерге, мүліктік қатынастар мен әлеуметтік қамтамасыз ету құжаттарына қатысты.

• Көп елдерде азық-түлік тағамдарын, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін алып кіруге шектеулер қойылғанын немесе тыйым салынғанын ескеру қажет. Мысалы, мұсылман елдерге қандай-да болмасын спирттік ішімдіктерді алып кіруге болмайды.

• Шет елде болатын мерзімге сәйкес дәрігерлік сақтандыру полисін алуды ұмытпаңыз. Ол саяхат кезінде жазатайым оқиғадан сақтану мен сақтандыру полисінде көрсетілген аяқ астынан болған дәрігерлік шығындардан сақтануға мүмкіндік береді.

1)Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) азаматтарынан, әсіресе Азербайжан, Армения, Беларусия, Грузиия, Кыргызстан, Молдавмя, Ресей,Тәжікстан, Өзбекстан және Украина азаматтарынан Қазақстанға кіру визасы талап етілмейді. Визасыз кіру 90 күнге дейін.

2) Барлық қалған шетелдік азаматтар Қазақстанға кіру визасын алуы керек.

3) Кіру визаларының бірнеше үлгілері бар:

Іскерлік визалары Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолдаухатының негізінде іскерлік мақсаттармен (іскерлік келіссөздерге, әртүрлі форумдарға, нарықты оқып білуге және т.б.) Қазақстанға жіберілген шетелдік және азаматтығы жоқ азаматтар үшін беріледі.

Туристік визалар туристік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, жергілікті туристік ұйымдардың қабылдауы туралы растауды алуы бойынша беріледі.

Транзиттік визалар жеке Қазақстан аумағында орналасқан, станцияға немесе портқа келу сәтінен бастап 5 тәуліктен кешіктірмей, Қазақстан аумағындапункттен пунктке ауысқанда, олардың даталарына сәйкес билеттері мен белгіленген елге шығуға жарамды визалары бар болған кезде беріледі.

Дипломатиялық визалар дипломатиялық төлқұжат иелеріне, сондай-ақ жекелеген жағдайда, дипломатиялық визаны беру лайықты деп танылғанда беріледі. Дипломатиялық виза консульдық жинауларды өндірмей-ақ рәсімделеді.

Қызметтік визалар дипломатиялық қызметкер болып табылмайтын, халықаралық ұйымдарға, басқа да өкілдіктедің және шетелдік дипломатиялық қызметкерлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдарына қызметтік істер бойынша шақырылған, азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтарға беріледі.

Инвесторлық визалар нақты инвесторларға – Қазақстан нарығында жұмыс істейтін немесе бизнес-жобаларды дамыту бойынша қолданыста жопары бар,шетелдік ірі компаниялардың басшы топтарының өкілдері мен басшыларына беріледі.

Жұмыс визалары шетелдік жұмысшы күшін таруға рұқсаты және басқа тиісті құжаттары бар болған кезде жұмыс қызметін жүзеге асыруға беріледі, егер Қазақстан Республикасының басқа халықаралық келісімдері мен келісім шарттарында қарастырылмаса.

Оқуға визалар оқу орнының қолдаухатының негізінде берілген, ішкі істер органдарының рұқсаты бар болған кезде беріледі.

Емделуге визалар шақырудың сипатын анықтайтын, ұйымдардың және мекемелердің тиісті қолдау хатының негізінде басқа да мақсаттармен және кеңестермен, медициналық тексеруге, емделу үшін Қазақстанға келетін, азаматтығы жоқ шетелдік тұлғаларға және шетелдіктерге беріледі.

Тұрақты тұру визалары заңмен белгіленген құжаттары болған кезде беріледі.

Келу бойынша виза беру жүргізілмейді.

4. Көпшілік үшін жолға шыққан визаның келесі жоспарлы сапарға шығатын датадан кейін 6 (алты) айдан кешікпей төлқұжаттағы жарамды мерзімі өтіп кетеді. Әдетте берілген визаны сіздің төлқұжатыңызға жапсырады.

5. Виза үшін әр өтінішке қоса шақыру-хат ұсынылуы керек.

6. Кейбір елдердің азаматтарына қызметтік, жеке, іскерлік және туристік біржолғы визаларды алу үшін шақыру-хат талап етілмейді.

7. Іскерлік және туристік, көпреттік кіру визаларын алу үшін Ішкі Істер министрлігінің көші-қон полициясының рұқсаты талап етіледі, егер шақырылған тұлға мемлекеттік емес ұйымдардан болып табылса.

8. Кіру визасы үшін келген елдегі Қазақстан республикасының консулдық және дипломатиялық мекемелеріне өтініш беру керек.

9. Виза алу бойынша өтініш беру кезінде төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

- Нақты төлқұжат

- Сурет және төлқұжат

- Шақыру-хат

Консул қосымша құжаттар қажеттілігі туралы шешімді сол орнында қабылдайды.

10. Дипломатиялықтан басқа, кез келген визаны рәсімдеу кезінде Консулдық жинау өндіріледі.

• Егер басқа мемлекеттің аумағына кіруге виза керек болса, оны алу үшін сол мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігіне я консулдық мекемесіне өзіңіз немесе жақсы білетін турагенттік арқылы алдын ала (1-2 ай бұрын) өтініш жасаңыз. № 2 қосымшада Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттың түрі мен сапардың мерзіміне қарай визаны талап етпейтін елдердің тізімі берілген.

• Кейбір мемлекеттердің елшіліктерінде визаны дайындау мерзімі, әсіресе, демалысқа баратын саяхатшылар көбейген кезде, көп уақытқа созылып кететінін ескеріңіз. Сонымен қатар, әр елшілік визаны беру тәртібін, мысалы, консулмен сұхбатты, визаның құны мен қажет құжаттардың тізімін өз қалауына қарай бекітеді. Қазақстандағы шетел мемлекеттерінің елшіліктерінің мекен-жайлары мен байланыс телефондары № 3 қосымшада берілген.

• Шетел мемлекеттері елшіліктерінің виза алу үшін құжаттарға қоятын талаптарын орындау (фотосуреттің көлемі, сауалнаманы дұрыс, оқылатындай етіп толтыру, консулдық алымды төлеу және басқа талаптар), сіздің виза беру жөніндегі сұрауыңызды дер кезінде қарастырып, оны уақытында алуға көмектеседі.

• Визаны алмай тұрып жол жүру билеттерін алудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, шетел мемлекеттерінің елшіліктері виза берілмегендіктен немесе кешігіп дайындалғаннан болатын шығындарыңыз үшін жауап бермейді.

• Визаны тез арада алуға белгілі күнге сатып алған билетіңіз көмектеседі деп ойламаңыз. Бірақ кейбір елшіліктер ондай талап та қоюы мүмкін.

• Егер ол елге басқа мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін болсаңыз, онда транзиттік визаны ресімдеу жөнінде және оның аяқталу мерзімі мен шекарадан кедергісіз өту үшін қанша мәрте болу керектігі туралы алдын ала сұрап алыңыз.

•Виза алғаннан кейін ондағы мәліметтердің дұрыстығын: паспортыңыздың нөмірін, атыңыз бен тегіңізді, туған күніңізді, визаның санаты мен мерзімін, шетел мемлекетінде қанша күн болуға рұқсат берілгенін тексеріңіз. Есіңізде болсын, басқа бір адамның визада жіберген қателігінен шет елге кірген кезде де, болған кезде де қиындықтар тууы мүмкін.

Төменде Қазақстан азаматтары жиі баратын елдердің визалық тәртіптеріндегі ерекшеліктер көрсетілген.Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға визалық қолдауды рәсімдеу үшін шақырушы ұйым департаментке немесе өкілдікке мынадай құжаттарды тапсырады:

а) белгіленген үлгідегі шақырту қағазы;

б) төлем тапсырмасы немесе мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (бюджеттік мекемелерден талап етілмейді);

в) департаментке ағымдағы жылы бірінші рет өтініш білдірген мекеме - құрылтай құжаттарының, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы куәліктің, статистикалық картаның, Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің (туристтерді шақыртқан жағдайда туристік қызметпен айналысуға арналған лицензия) ағымдағы жылы нотариалды куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ салық қарызы жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасын ұсынады, басқа қалаларда орналасқан шақыртушы мекемелер жоғарыда аталған құжаттарды: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 28-үй мекенжайы бойынша пошта арқылы жолдайды;

г) ұйымнан өкілдің атына жазылған сенімхат. Шақырту хат үш данада дайындалады, олардың екеуі Департаментке тапсырылады, үшіншісі шақыртқан тұлғаларға жолданады (хатпен, факспен, электрондық поштамен);

д) Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жол жүретін шетелдіктерді шақыртқан кезде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шақырту қағазымен бірге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатнаманың куәландырылған көшірмесін қоса тіркеуі қажет.

Шет елдердегі мекемелерге туристік, іскерлік, жұмысқа, емделуге, оқуға, инвесторлық, дипломаттық және қызметтік визаларды алуға өтініш білдірген кезде тұтынушы мынадай құжаттарды:

а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын. Бұл орайда, визаның қолданыстағы мерзімі шетелдік тұлға паспортының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кем емес мерзімде аяқталуы қажет;

б) Департаменттің визалық қолдау нөмірі белгісі бар шақырту қағазының көшірмесін;

в) Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналасқан толтырылған визалық сауалнама;

г) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті бір фотосурет;

д) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті ұсынуы қажет.

Басқа құжаттарды тапсыру қажеттілігі сол орындағы консулдық лауазымды тұлғамен белгіленеді.

Жеке визаны алу үшін шет елдердегі мекемелерге өтініш білдірген кезде мынадай құжаттарды:

а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты. Бұл орайда, визаның қолданыстағы мерзімі шетелдік тұлға паспортының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кем емес мерзімде аяқталуы қажет;

б) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен рәсімделген жеке шақырту қағазының тұпнұсқасы;

в) Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде осы құжатқа 1-қосымшаға сәйкес шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналасқан толтырылған визалық сауалнама;

г) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті бір фотосурет;

д) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек ұсыну қажет.

Басқа құжаттарды тапсыру қажеттілігі сол орындағы консулдық лауазымды тұлғамен белгіленеді.

Транзиттік визаны алу үшін шет елдердегі мекемелерге мынадай құжаттарды:

а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты. Бұл орайда, визаның қолданыстағы мерзімі шетелдік тұлға паспортының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кем емес мерзімде аяқталуы қажет;

б) паспортта үшінші елге жарамды визаның болуы (міндетті түрде);

в) жол жүру билеті (әуе, т/ж);

г) Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде осы құжатқа 1-қосымшаға сәйкес шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналасқан толтырылған визалық сауалнама;

д) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті бір фотосурет;

е) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек ұсыну қажет.

Басқа құжаттарды тапсыру қажеттілігі сол орындағы консулдық лауазымды тұлғамен белгіленеді.

Қазақстан Республикасы визаларының жарамдылық мерзімін ұзарту үшін департаментке мынадай құжаттарды:

1) болу елінің сыртқы саясат ведомствосының, дипломатиялық өкілдіктің нотасы / визаны ұзартуға өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты. Бұл орайда, визаның қолданыстағы мерзімі шетелдік тұлға паспортының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кем емес мерзімде аяқталуы қажет;

3) Қазақстан Республикасының визасын ресімдеуге бір дана сауалнама;

4) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті бір фотосурет;

5)Министрліктің Мемлекеттік протокол қызметімен берілген аккредитациялық карта;

6) Қазақстан Республикасының бұрын берілген визасының көшірмесі;

7) тұтынушының өзі жеке өтініш білдіре алмайтын жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқасы) ұсыну қажет.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1174 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...