Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

В қосымшасы



В.1 Неге жылытылмайтын бөлме ішіндегі денелердің температурасы бірдей болады? Түсіндіріңіздер.

В.2 Неге үйлердің ашық терезелеріне даладан қарағанда қараңғы болып көрінетінін түсіндіріңіздер.

В.3 Температурасы Т көлемі V қара дененің сәуле шығаруының энтропиясы мен жылу сыйымдылығын табу керек.

В.4 Жұту қабылеті а, сәуле шығарумен тепе-теңдік күйдегі дене бетінің бөлігіне Фтүс энергия ағыны түседі. Табу керек: а) бет бөлігінің жұтатын энергия ағынын; б) беттің шағылдыратын ағынды.

В.5 Корпускулалық-толқындық дуализм - табиғаттың әмбебап қасиеті. Мұны қалай түсіндіруге болады? Оған мысал келтіріңіздер..

В.6 Фотон деген не? Фотонның басқа элементар бөлшектерден айырмашылығы неде? Оның өзіне тән сипаттарын атаңыздар.

В.7 Комптон эффектінде жарықтың корпускулалық қасиеттері байқалатынын көрсетіңіздер. (Фотондар мен еркін электрондардың өзара әсерлесуі үшін энергия мен импульстың сақталу заңдарын жаз).

В.8 Мына анықталмағандықтар ара қатынасының қандай физикалық мағынасы бар? Атом ішіндегі қозған энергетикалық деңгей «жайылған», ал негізгі күйлер өте жіңішке болатыны неліктен екенін түсіндіріңіздер.

В.9 Ішкі фотоэффект. Ішкі фотоэффектің қызыл шекарасы. Фотоэффектің қызыл шекарасын тәжірибе жүзінде анықтауға бола ма?

В.10 Абсолют қара дененің сәуле шығару спектрінде Т температурада аудандары екі ауданшалар берілген (В.1 Суретті қара).

Сәулеленудің сәйкес интервалына келетін шығарғыштық қабылетінің, энергетикалық жарқы-рауының орташа мәнін салыс-тырыңыздар. Әр диапозондағы шығатын фотондар саны бірдей ме? В.1 Суреті

В.11 Қара дененің сәуле шығарғыштық қабылетінің жиілікке тәуелділігін бейнелеңіздер. Осы сызбаны пайдалана отырып сәуле шығаратын дененің температурасы мәнін қалай есептеуге болады? Осы есептеулер қандай заңдарға негізделеді?

В.12 Фотоэффект құбылысы кезінде тежеу кернеуінің түскен жарықтың жиілігіне тәуелділігін бейнелеңіздер (график салу керек). Осы тәуелділікті пайцдалана отырып қай физикалық тұрақтыларды алу мүмкін және қалай? Әр түрлі фотокатод үшін екі график салып, оларды жан-жақты талқылаңыздар.

В.13 Вакуумдық фотоэлементтің қанығу фототогының түсетін жарық толқынындағы электр өрісінің Е кернеулігіне тәуелділігінің графигін тұрғызу керек. Сызбаны талдаңыздар.

В.14 Егер: а) толқынның спектрлік құрамын өзгертпей, оның толық жарық ағынын екі есе арттырса; б) жарық ағынын өзгертпей, монохромат жарықтың жиілігін екі есе арттырса, онда фотоэлементтің вольт-амперлік сипаттамасының түрі қалай өзгереді?

В.15 Неге Комптон эффекті кезінде сейілген сәулелердің ішінде толқын ұзындығы λ′ > λ толқындар бар да, ал толқын ұзындығы λ′< λ толқындар кездеспейді? Жауаптарыңызды дәлелдеңіздер.

В.16 Комптон эффектінің мәні неде? Көрінетін жарықтың сейілуі кезінде неге Комптон эффекті байқалмайды?

В.17 Бөлмеде қалыпты жағдайда ауа бар. Ауа молекулаларының де Броиль толқын ұзындығының ең ықтималды мәні неге тең? Неге ауа молекулалары толқындық қасиет көрсетпейді?

В.18 Де Броиль болжамының мағынасы не? Бөлшектердің корпускулалық және толқындық сипаттамаларының арасындағы байланысты (нысанның табиғатына тәуелсіз) өрнектейтін әмбебап формулаларды жазып, оларды түсіндіріңіздер.

В.19 Гейзенбергтің анықсыздықтар ара қатынасының физикалық мазмұны неде? Мына шамалардың: қайсылары бір мезгілде дәл берілуі мүмкін, ал қайсылары - мүмкін емес?

В.20 Мына анықталмағандықтар ара қатынасының мәні қалай?

В.21 Студент абсолют қара дененің спектріндегі энергияның бөлінуінің қисықтарын екі түрлі температура үшін салды (В.2 Суретті қара). Студенттің жіберген қатесі неде екенін түсіндіріңіздер.

Рисунок В.2 Рисунок В.3

В.22 В.3 Суретінде абсолют қара дененің сәуле шығару энергиясының белгілі бір температура үшін бөлінуінің теориялық қисығы(қисық 1) және сондай температураға дейін қыздырылған басқа бір дененің сәуле шығаруының эксперимент арқылы алынған қисығы (қисық 2) бейнеленген. Тәжірибе жүзінде алынған қисықта қателік бар екенін қалай түсіндіресіз?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1109 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...