Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. Техникалық жоғарғы оқу орындарында кәсіптік бағдарланған физика курсын оқу инженерлік білімдер мен



Техникалық жоғарғы оқу орындарында кәсіптік бағдарланған физика курсын оқу инженерлік білімдер мен біліктіліктің, іскерліктің іргелі тасын қалайды да, инженерлік-техникалық танымды қалыптастырады.

Техникалық жоғарғы оқу орындарындағы физика курсының міндеттері келесі жағдайларға қарай туындайды:

а) жалпы білім беретін пән болғандықтан физика ғылыми дүние танымды қалыптастырады;

б) іргетасы қаланған ғылым болғандықтан физика жалпы инженерлік және арнайы пәндерді оқып үйрену үшін жалпы теориялық негізді қалыптастырады, сондай-ақ физиканы оқу барысында ғылым мен техниканың әр түрлі салалары өзара қалай байланысқаны көрінеді;

в) физиканы оқу барысында студенттің табиғи процестер мен нысандардың моделін жасау, жалпыдан дара қорытындыны бөліп алу, дара қорытындылардан жалпы тұжырымдар жасау қабілетін, математикалық әдістерді қолдануды, ұқсастықтарды пайдалануды дамытатындықтан физика оқытып үйретуші пән ретінде болашақ маманның зияткерлік мәдениетін көтеруге көмектеседі де, ол өзінің ойланып толғануын жаңа жағдайларға бейімдейді.

«Геометриялық және толқындық оптика негіздері» курсында физиканың мына: Электрмагниттік толқындар; геометриялық оптика; фото- метрия элементтері;жарық интерференциясы, дифракциясы және поляризациясы; сәулелер мен заттың өзара әсерлесуі; кванттық физика элементтері тараулары оқытылады.

Физиканы оқу барысында студенттің алған білімі мына техникалық пәндерді «Электротехниканың теориялық негіздері», «Электр тізбектері теориясы», «Электромагниттік толқындарды жеткізу теориясы», «Электрэнергетикадағы энергияны өндіру, жеткізу және тарату негіздері» және т.б. оқу үшін қажет.

«Геометриялық және толқындық оптика негіздері» курсы үш модульден тұрады, әр модуль бойынша студенттер үш қиындық деңгейлі (А, В және С) есептеу-сызбалық жұмыстар (ЕCЖ) жасайды. ЕCЖ тапсырмасының нұсқа нөмірін күндізгі оқитын студент өзі таңдайды да, оны машықтану сабағын жүргізетін оқытушы бекітеді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 777 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...