Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Есептеу-сызба жұмыстардың( ЕСЖ) орындалуына қойылатын жалпы талаптар



Әр есептеу-сызбалық жұмыс бірінші мұқабасында жұмыс нөмірі, нұсқасы, кім орындағаны және кім тексергені туралы, тексеруге берілген күні жазылған жеке дәптерде орындалуы керек, яғни мына үлгі бойынша:

ЭМжА физикасы №__ЕСЖ №__нұсқа

Орындаған ___(Аты-жөні, тобы) студенті

Тексерген ___(Оқытушының аты- жөні)

тексеруге ___ (күні) берілді

Жұмысты сиямен және суреттерді қарындаш пен сызғыштың көмегімен орындау керек.

Есептің берілгендері қысқартусыз, толық көшіріліп жазылады. Сонан кейін есеп берілгендері дәстүрлі белгілеулерге сәйкес «Берілгені» деп қысқаша жазылады. Егер есепте физикалық шамалардың сан мәні берілсе, онда оларды бірліктердің SI жүйесіне сәйкес өрнектеу керек.

Әр есептің шығарылу жолын пайдаланылатын белгілеулердің мәні мен мағынасын ашып көрсететін түсініктеме сөздермен мазмұндап, есептің шығарылуы үшін қолданылған физикалық заңдар мен қағидаларды көрсету керек. Әр нақты жағдайға қарай қолданылған заңды, қағиданы және өрнекті пайдаланудың дұрыстығын негіздеу қажет. Есеп жалпы түрде шығарылғаннан кейін, яғни жауап есептеу формуласы ретінде алынғаннан кейін жуықтап есептеулер ережелеріне сәйкес есептеулер жүргізіледі. Оқы-тушының ескертуі жазылатын жолақ (поля) қалдырылуы керек. Келесі есеп жаңа беттен басталуы қажет.

Жұмыстың соңында физиканы оқып-үйрену үшін студент қандай оқулықты немесе оқу құралын пайдаланғанын көрсетуі қажет.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 980 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...