Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

I тарау. Механика



§1. Дәріс сабағының конспектілері.

Механика – механикалық қозғалыстар туралы ғылым.

Механикалық қозғалыс деп санақ жүйесі ретінде алынған денемен салыстырғанда басқа бір дененің орын ауыстыруын айтады.

Механиканың кинематика және динамика сияқты бөлімдері бар.

Кинематика – қозғалыстардың себептерін қарастырмай, тек түрлерін қарастырады.

Динамика – қозғалыстардың пайда болу себептерін қарастырады.

Макроскопиялық денелердің қозғалыс жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығынан өте аз болса, v<<c, онда мұндай қозғалыстарды қарастыратын механика классикалық механика, ал денелердің қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығымен шамалас болса v»с, релятивистік механика делінеді. Сонымен қатар, атомдар мен элементар бөлшектердің қозғалыс жылдамдықтарын зерттейтін механика кванттық механика болып табылады.

Механикадағы абстрактылы шамалар.

Физика есептерін шығарғанда, есептердің шартына қарай абстрактылы шамалар қолданылады. Абстрактылы шамалар – табиғатта кездеспейтін шамалар, мысалы:

· Материалдық нүкте – пішіні мен өлшемі есептің шартына қарай ескерілмейтін дене.

· Абсолют қатты дене – деформациясы Гук заңына бағынатын және сыртқы күштің әсері тоқталғаннан кейін өзінің өлшемі мен пішініне қайтып оралатын дене.

· Абсолют серпімсіз дене – сыртқы күштің әсері тоқталғаннан кейін деформациясын сақтайтын дене.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1346 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...