Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жауаптың үлгісі



1) Қантсыз диабетте.

2) Вазопрессин деген гипофиздің артқы бөлігінің гормоны төмендегенде немесе болмағанда пайда болады.

3) Біріншілік зәрден судың реабсорбциясы төмендеген.

4) Натрий, калий, хлор, фосфаттар, аммоний иондары, органикалық заттар.

5) Қантты диабетте.

Есеп

Науқаста ұсақ буындар аурады, қан плазмасында несеп қышқылының концентрациясының жоғарлағаны анықталды.

1) Қандай патологияда осындай өзгерістер болады?

2) Қандай қосылыстардан несеп қышқылы түзіледі?

3) Несеп қышқылының концентрациясының жоғарлауы қандай себептен болады?

4) Қандай ферменттер несеп қышқылының түзілуіне қатысады?

5) Қандай зат несеп қышқылының концентрациясын төмендету үшін пайдаланылады?

Жауаптың үлгісі

1. Подаграда. Қан сары суында несеп қышқылы жоғарлағанда, несеп қышқылының тұздары (ураттар) буындарда немесе бүйректе жиналады.

2. Пуриндік азотты негіздерден (гуанин мен адениннен).

3. Пуриндік негіздердің ыдырауы күшейгенде немесе олардың қайта пайдаланылуы бұзылғанда.

4. Нуклеотидфосфатаза, нуклеозидфосфорилаза, аденозиндезаминаза, гуаназа, ксантиноксидаза.

5. Аллопуринол. Аллопуринол- ксантиоксидазаның бәсекелес ингибиторы. Бұл фермнет ингибирленгенде несеп қышқылының түзілуі төмендейді.

Есеп

Ер адам, 45 жаста, семіз, жүрек аймағында кезеңмен болатын ауруға және ентігуге шағымданады. Ашқарынға алынған қанның липидтерінің анализі көрсетті: жалпы холестериннің мөлшері--6,5 мМоль/л, ТЖЛП-ің холестерині – 1,4 мМоль/л, ТАГ-8 мМоль/л (нормасы—1,5-2,5 мМоль/л).

1. Қандай патологияда қан плазмасының көрсеткіштерінде осындай өзгерістер болады?

2. Атерогендік коэффициент деген не? Оның қалыпты мөлшері?

3. Бұл жағдайда атерогендік коэффициент нешеге тең?

4. Қандағы холестерин мөлшерін төмендететін препараттарының әсерінің механизмі?

5. Неліктен семіз адамдарға көмірсулар аз мөлшерде болатын диетаны ұсынады?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 647 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...