Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жауаптың үлгісі. 1. Обтурациялық (механикалық, бауыр асты) сарғыштану



1. Обтурациялық (механикалық, бауыр асты) сарғыштану

2. 35 мкмоль/л жоғары

3.Билирубин + УДФ-глюкурон қышқылы билирубиндиглюкурониді + УДФ

(суда ерімейді) (суда ериді)

3. Қалыпты жағдайда кан сары суында тікелей емес билирубин 75%, тікелей -25%.

4. Тікелей БР деп аталады, себебі ол Эрлих диазореактивімен бірден қызғылт түс береді (реакция тікелей жүреді)

Есеп

Науқаста рентгенограммада сүйек тінінің деструкциясы анықталды. Қан плазмасында иондалған кальцийдің мөлшері жоғарлаған. Зәрде фосфаттардың мөлшері жоғарлаған.

1. Неліктен қанда, зәрде осындай өзгерістер болды?

2. Қандай гормондар кальций-фосфаттар алмасуын реттейді?

3. Қандай гормонның артық мөлшері осындай өзгерістерге әкеледі?

4. Қандай негізгі минералды компоненттер сүйек тінінің түзілуіне қатысады?

5. Сүйек тінінің қандай ферменттерінің активтілігі ол бұзылғанда жоғарылайды?

Жауаптың үлгісі

1. Қалқанша маңы бездерінің гиперфункциясы.

2. Қалқанша безінің гормоны- кальцитонин, қалқанша маңы безінің гормоны-паратгормон, витамин Д-ның алмасу-активті формасы –кальцитриол.

3. Паратгормонның.

4.Сүйек тінінің жасушааралық матриксінде гидроксилапатиттер болады, олардың түзілуіне кальций мен бейорганикалық фосфаттар иондары қатысады.

5. Қанда сілтілі фосфатазаның сүйектегі изоферментінің активтілігі жоғарылаған болады.

Есеп

Дәрігерге келген науқас келесі шағымдармен келді: жалпы әлсіздік, зәрдің өте көп бөлінуі. Зәрдің анализін жасағанда оның төмен меншікті салмағы, мочевина мен креатининнің мөлшерлерінің төмендеуі және глюкозаның жоқ екені анықталды.

1. Қандай патологияда осындай өзгерістер болады?

2. Бұл аурудың себебі қандай?

3. Осы ауру кезінде зәрдің меншікті салмағы төмендеуінің механизмі қандай?

4. Қандай заттар зәрдің меншікті салмағының мөлшеріне әсер етеді?

5. Қандай ауру кезінде глюкоза зәрде пайда болады?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 757 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...