Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 2. Өлшемнің деңгейлері



Дәріс тезистері:

Өлшем деген объектілер арасындағы реттілікті сақтайтын, эмпирикалық жүйені сандық жүйеге алмастыратын процесс. Өлшемнің қарапайым түрі – номиналды. Ешсіз реттілікті сақтамайтын қасиеттердің жиынтығы. Мысалы: ұлт, кәсіп атаулары, саяси қондырғылар. Реттік шкала - белгелі бір тәртіппен құрастырылған градациялардың (төменнен жоғарыға қарай немесе керісінше) жиынтығы. Интервал шкаласы белгілі бір қашықтықты сақтайтын қасиеттердің жиынтығы. Метрикалық (абсолютті) шкала - ол уақыт белгісіне қатысты барлық нүктелері көрсетілген өлшем.

Сенімділік –өлшенетін объект қасиетінің нақты шынайы жағдайға сәйкес немесе ауытқу ықтималы.

Әлеуметтік критерий - сұрақ кезінде қалыптасып, жасаптары қарым-қатынас құрылысын белгілеуді көрсетеді (топ мүшесінен сіз кімді туған күнге шақырушы едіңіз? Топ мүшесінен кімді туған күнге шақырмаушы едіңіз?).

Әлеуметтік критерийлардың түрлері:

1) өндірістік;

2) өндірістік емес;

3) болжамдық - коллектив мүшесі арасындағы қарым-қатынасты есептейді;

4) әлеуметтік критерий - қоғамдық жұмысты таңдау.

Критерий сандары: топтағы адам саны қаншалықты аз болса, критерий соншалықты аз болады. Топтағы қарым-қатынас, сонымен қатар бір-бірін көп біліп таныса, онда критерий көп болады (7-8 критерийдан көп емес).

Жеке бөлінген критерияға жауап беретін бұл социометриялық индекс немесе коэффициент болып табылады. Олардың көп түрі бар, бірақ екі негізгі түрге бөлінеді. Бірінші түрі – бұл персональді социометриялық индекс. Олар жеке әлеуметтік психологиясына әсер етеді.

Мысалы, олардың біреуі «әлеуметтік мәртебе», бұл топ мүшесінің әрқайсысына әсер етеді. Олар мынадай формула бойынша шығарылады:

Сi= i топ мүшесінен алынған дауыс саны (таңдау)/ N-1, N-топ саны.

Оң және теріс мәртебе бір мезгілде есептелінеді, жалпы социометриялық мәртебе индивидінің құрастырушы бөлігі болып табылады.

С i + = i / N-1, топтағы оң таңдауды көрсеткен сандар

С i - = i / N-1, топтағы теріс таңдауды көрсеткен сандар.

Екінші түрі топ индексін сиппатайды.

Солардың бірі - өзара индексі. Ол топтың бірігуін өлшейді. Ең алдымен формула бойынша өзара оң байланыстардың саны көрінеді.

G - өзара оң байланыстардың саны / N (N - 1).

1 кестеде көрсетілген G көрсеткіші 6/12 = 0,5 тең. Бұл топ арасындағы келісімдіктің ең жоғарғы көрсеткіші.

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 468 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...