Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 1. Концептуализация және өлшем



Дәріс тезистері:

Зерттеу жоспары анықталған соң әлеуметтанушы қарастыратын «жағдайларын» анықтайды. Содан кейін ғалым зерттелетін қасиеттерді (переменные) таңдаумен айналысады. Теориялық білімнен өлшенетін көрсеткіштерге көшу, яғни концептуализация мен өлшемнің мәселесін шешу. Зерттеудің басында бұл мәселе қарапайым жолмен шешіледі, зерттеудің қорытындыларын шығару барысында өлшем мен концептуализация ең жоғары деңгейде шешіледі. Осының барлығы әлеуметтанушымен ескерілуі тиіс.

Теориялық білімді нақтылау үш кезеңнен өтеді: біріншісі, ол әдебиеттерді сараптау болып табылады. Күнделікті өмірде қолданылатын ұғымдар көп жағдайда ғылыми әдебиеттерде қарастырылмасада, оның мазмұны күнделікті тілде жақсы анықталған. Келесі кезең барысында қолданылатын теориялық түсініктердің эмпирикалық индикаторлары іздестіріледі. Немесе бұл кезең - операционализация деп аталады.

Операционализация дегеніміз ол теориялық ұғымның эмпирикалық бақылаумен байланыстыру, сол үғымға тән келетін қасиеттерді табу. Бір ұғымның бірнеше қасиеттері болуы мүмкін, сондықтан зерттеу барысында ол естен шықпау тис.

Социологиялық зерттеудің объектісіне кең мағынада әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады.

Тар мағынада социологиялық зерттеу объектісіне қандай да бір әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.

Зерттеу объектісін суреттеу барысында келесі сипаттамаларды ескеру қажет: кәсіптік ерекшелігі, кеңістік шектеулігі (ауыл, қала), функционалды бағыттылығы (өндірістік, тұрмыстық, саяси және т.б.), уақытша шекаралары (зерттеу жүргізу мерзімін белгілейді).

Социологиялық зерттеудің кезеңдері өндірістік циклдарға байланысты белгіленеді(жұмыс күні, жұмыс сменасы).

Зерттеу пәні зерттеу мәселелерін едәуір толық айқындайтын, объект қасиеттері мен жақтарынан тұрады.

Бағдарламаның әдіснамалық бөлімінде түсініктердің операционализациясы мен интерпретация процедуралардың көмегімен социологиялық зерттеудің теоретикалық концепциясы бастапқы ақпарат жинаудың инструментарийне айналады.

Социологиялық талдау пәнінің мәнін ашуға зерттеу мәселесінің теоретикалық түсінуіне қызмет ететін, бірқатар шешуші түсініктер мен категориялар қолданады.

Қолданылған негізгі түсініктердің мағынасын ашу интерпретациялау деп аталады. Түсініктің мазмұны толық ашылды деп айтуға болады, тек сол жағдайда, егер оның интерпретациясы екі бағытта жүреді: берілген ұғымды басқа ұғымдармен салыстыру (түсініктердің теоретикалық интерпретациясы) мен оны берілген бақылау мен экспериментімен салыстыру (түсініктердің эмпирикалық интерпретациясы). Көбінесе негізгі түсініктер басқа жеке түсініктерден құралады. Осылай, «Өңдірістік ереже жағдайы» негізгі түсінігі бірнеше түсініктерден тұрады: «еңбек ереже жағдайы», «технологиялық ереже жағдайы», өз арада «еңбек ереже жағдайы» түсінігі жоспарлы тапсырмалар мен орындау нормаларын атқаруды; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; жұмыс уақытының қолдану режимін, жетекшілердің бұйрығын орындау және т.б. білдіреді.

Осыған байланысты, басты түсініктердің интерпретациясы оның құрушылардың ажыратылуын белгілейді. Негізгі түсініктерді интерпретациялауын жалғастыру және бөлшектендіру операционализация түсінігі деп аталады. Ол негізгі түсініктерді сипаттайтын, жеке түсініктердің ізденісін іске асырады.

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 877 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...