Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бір өлшемді массивтер



Бір типтес берілгендерден құралып, барлық элементтеріне бір ортақ атау берілген жиынды массив деп атаймыз. Массив құрылымдық типтер қатарына жатады. Массив элементтері нөмірленеді. Массивтің әрбір элементіне индексін көрсету арқылы жұмыс істеуге болады. Массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болады. Егер массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица), онда элементтері екі индекс бойынша нөмірленеді.

Массив сипаттамалары:

• Типі – массив элементтерінің жалпы типі;

• Көлемі – массив индекстерінің саны;

• Шектелімі – әрбір индекстердің шектеу бойынша сәйкестігі;

• Пішімі – көлем және шектеулер жиындары.

Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан кейін міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде сандар қолданылады.

Массивтерді қолдану үшін оларды типтер (tуре) немесе айнымалыларды сипаттау (vаr) бөлімінде хабарлану қажет.

Жалпы жазылу түрі:

Tуре

Массив типінің атауы= аrrау [индекс типi]оf элемент типі;

vаr массив атауы: массив типінің атауы;

Мұндағы:

Массив типінің атауы – массив элементтерінің жиынын сипаттайды; Индекс типі – тізбектелген немесе шектелген типтерді көрсету; Элемент типі – массив элементтерінің типін көрсету.

Мысалы:

Type mass = array[1..10] of real;

Var f: mass;

Берілген мысалдағы массивтің әрбір элементімен жұмыс істеу үшін, массив атауы және индексі берілуі тиіс. Массив индексі тік жақшаға алынып жазылады, сол себепті масивтің кез-келген элементіне қатынас алуға болады.

Яғни берілген масивтің бірінші элементіне қатынас алу үшін массив атауынан кейін бірінші индексті көрсету қажет: А[1]; массивтің екінші элементіне қатынас алу үшін: А[2]; ал А массивінің сегізінші элементіне: А[8] көрсетіледі.

Массивтің кез-келген элементтеріне арифметикалық операцияларды, салыстыру және меншіктеу операторларын қолдануға болады. Сонымен қатар, массивтерге Тurbо Раsсаl программалау тіліндегі айнымалы типіне сәйкес келетін барлық стандартты процедуралар және функциялар қолданылады.

Массивтің кез-келген бір элементіне нәтиже беру үшін, меншіктеу операторы қолданылады:

Массив атауы[индексі]:= нәтиже;

Мысалы:

а) А массивінің бірінші элементіне – 12 санын меншіктеу үшін: А[1]:=12;

ә) А массивінің бесінші элементіне – 405 санын меншіктеу үшін: А[5]:=405;

б) А массивінің екінші элемент нәтижесін экранға шығару үшін: wrіtеln(А[2]);

в) А массивінің бірінші элементіне нәтижені пернелер тақтасы көмегімен енгізу үшін: rеаdln (А[1]);

г) А массивінің бірінші және үшінші элементтерінің қосындысын Sum айнымалысына меншіктеу үшін: Sum:=А[1] + А[3];

Массивтің кез-келген элементтерімен жұмыс істегенде программалау барасында олардың индексінің мәні типтер немесе айнымалылар бөлімінде сипатталған шектеуден аспауы тиіс. Егер массив индексінің мәні сипатталған шектеуден асып кетсе онда, синтаксистік қате тіркеліп, экранда «Іndех tуре іs nоt соmраtіblе wіth dесlаrаtіоn» деген сөз тіркестері шығарылады.

Массивтерді программада қолдану үшін Тurbо Раsсаl программалау тілінде оларды бірден vаr бөлімінде сипаттау жолы қарастырылған.

Жалпы жазылу түрі:

vаr Массив атауы: аrrау [индекс типі] оf элемент типі;

Мысалы, var a [1..15] of integer;

Мысал 1. n бүтін сандарынан барлық жұп мәнді элементтерін табу программасын құру керек.

Program esep1;

Uses crt;

Var a: array [1..1000] of integer; I,n: integer;

Begin

Writeln(‘Массив өлшемін енгіз’);

Readln(n);

For i:=1 to n do

Begin

Write(‘a[’,i,’]’,’ енгіз’);

Read(a[i]);

End;

For i:=1 to n do

If a[i] mod 2 = 0 then writeln(‘a[’, I, ’]=’, a[i]);

End.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 15047 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...