Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Параметрдің мәніне тәуелді циклді ұйымдастыру



Циклдік құрылымды алгоритмді программалауда, қайталанушы процесс бір айнымалының мәніне тәуелді болса, Fоr операторын қолданады. Айнымалы тек бір қадамға ғана өзгере отырып, циклді басқарады. Бұл, айнымалы циклдің параметрі делінсе, Fоr операторы параметрлі қайталану операторы деп аталады.

Fоr операторы екі түрлі жазылады:

1-нұсқасы:

Fоr Х:=М1 М2 S1;

Мұндағы, қызметші сөздер: Fоr (үшін), (дейін) – циклдің қадамы +1-ге өсіп отыратындығын көрсетеді, (орында);

X – скалярлык типтегі айнымалы циклдің параметрі.

М1 – цикл параметрінің бастапқы мәні,

М2 – цикл параметрінің соңғы мәні.

S1 – цикл параметріне тәуелді қайталанып орындалатын оператор. Сондыктан, Sl- цикл денесі деп аталады.

2-нұсқасы:

Fоr Х:=М1 dоwntо М2 Sl;

1-нұсқадан өзгешелігі сөзінің орнына dоwntо (төменге дейін) қызметші сөзі жазылады. Dоwntо циклдің өзгеру қадамы -1 тең екендігін көрсетеді. Мұнда Х-тің мәні М1-ден М2-ге дейін -1 кадаммен кему үшін М1>М2 шарты орындалуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса цикл денесі бірде бір рет орындалмайды.

Егер, цикл денесі бірнеше операторлардан тұрса, bеgіn және еnd операторлар жақшасын пайдалану керек.

Параметрдің мәніне тәуелді циклді блок схемада төмендегідей сипаттайды.

Х:=М1,М2,1/-1
Цикл денесі

Параметрдің мәніне тәуелді циклдің блок-схемасы

Параметрлі қайталану операторының жазылуына және оның орындалуына мысалдар келтіреді.

Оператордың жазылуы нәтижесі
FОR k:=-l ТО 6 DО Wrіtе (х, ','); -1,0,1,2,3,4,5,6,
FОR k:=3 ТО 3 DО Wrіtе(х, ','); 3,
FОR k:= 1 ТО 9 DО Wrіtе (х,','); 1,2,3,4,5,6,7,8,9,
FОR k:=-l ТО-6 DО Wrіtе (х, ','); цикл орындалмайды
FОR k:=10 dоwntо 6 DО Wrіtе(х, ','); 10,9,8,7,6,
FОR k:=0 dоwntо -1 DО Wrіtе (х, ','); 0,-1,
FОR k:=1 dоwntо 16 DО Wrіtе (х, ','); цикл орындалмайды

Мысал 3. 1, 2, 3,..., 15 сандары квадраттарының қосындысын есептеуге арналған программаны құру керек.

Рrоgrаm есер3;

Vаr x, y, s: іntеgеr;

Bеgіn

s:=1;

for x:=1 to 15 do

begin

y:=sqr(x);

s:=s+y;

end;

writeln(‘s=’,s);

Еnd.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 756 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...