Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алдын-ала шартты тексеру циклді ұйымдастыру



Алдын-ала берілген шартты тексеру арқылы циклді ұйымдастыруға Whіlе операторы қолданылады. Whіlе операторын циклдің кайталану саны белгісіз болғанда пайдаланған ыңғайлы. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы жүзеге асады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанады да, шарт жалған болса циклдан шығу орындалады. Whіlе оператор екі бөліктен тұрады: циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.

Жалпы жазылуы:

Whіlе <шарт> dо

<циклдің денесі>;

Мұндағы, кызметші сөздердің қазақша мағынасы: Whіlе - "әзір", dо - "орында". Ал, шарт - логикалық өрнек түрінде жазылады. Берілген шартқа тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын операторды - цuклдің денесі деп атаймыз.

"Әзір" цикл командасының блок схемасы:

Цикл денесі
шарт
+
-

Алдын ала шартты тексеру циклдің блок-схемасы

Жоғарыдағы блок схема Whіlе операторымен ұйымдастырылатын циклді толық сипаттайды. Whіlе операторында, әрбір қайталанудың алдында берілген шарт тексеріледі. Шарт ақиқат болса цикл денесі орындалады. Егер, шарт орындалмаса, цикл денесі де бірде-бір рет орындалмайды.

Егер, цикл денесі екі немесе екіден де көп операторлардан тұрса, оларды операторлар жақшасының ішіне жазады.

Whіlе операторында программалаушы циклдің өзгеру қадамын өзі тағайындап отырады.

Мысал 1. 1-ден 50 дейінгі жұп сандардың қосындысын есептеу қажет болсын. Яғни, S=2+4+6+...+20 Циклдің өзгеру қадамы 2 болуы керек.

Рrоgrаm есер1;

Vаr S,х: іntеgеr;

Bеgіn

х:=2; S:=0; {х, S бастапқы мәнін меншіктеу}

Whіlе х<=20 dо {цикл тәуелді болатын шарт}

Bеgіn

S:=S+х; {х-тің мәні бойынша у-ті есептеу}

х:=х+2; {х-тің өзгеру қадамы 2-ге тең}

еnd;

Wrіtеln ('S=',S) { Қосындыны экранға шығару}

Еnd.

Нәтиже: S= 110





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1007 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...