Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Астана, 2015 4 страница



Өзара сақтандыру - өзара көмек көрсету мақсатында сақтандырушылардың бірігуі байқалған сақтық қорғаудың ұйымдық нысаны. Өзара сақтандыру қоғамы – қазақстандық нарықтың жаңа қатысушысы. Қазақстандағы өзара сақтандыру қоғамының қызметі “Сақтандыру қызметі туралы” Заңмен және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің “Өзара сақтандыру” атты 845 бабымен реттеледі.

Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүліктерін және басқа да мүліктік мүдделерін сақтандыруын жүзеге асырады және де коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Коммерциялық қызметті жүзеге асырғанда қызмет ету тәртібі сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдар үшін бекітілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Заңдылық негіздің дамымауына байланысты сақтандыру нарығындағы бұл тауаша бой көрсетпеген. Осылайша, “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы 1996-98 жылдардағы негізгі бағыттары жөніндегі” Қаулыда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатымен өзара сақтандыру қоғамдарын құру туралы ереже жобасын дайындау мақсаты қойылған. Сонымен бірге, Азаматтық Кодексте олардың қызмет ету жағдайлары өзара сақтандыру туралы заң актілерімен анықталады делінген. Бірақ қазіргі күнге дейін заң жобасы ұсынылмаған.

Сақтандыру пулы – белгілі бір тәуекелдерді бірігіп сақтандыру үшін сақтандыру компанияларының бірлестігі. Негізінен сақтандыруға қауіпті, ірі және жаңа тәуекелдер қабылданғанда құрылады. Пулдың қызметі бірлесіп сақтандыру қағидатына сүйеніп құрылады. Әр компания пулға сақтандырылған тәуекелдерді береді, пул жинаған жарналардың белгілі бір үлесін алады және де сол үлесте нұқсандарды өтеу бойынша жауапкершілік алады. Пулдар шетелде авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдерді, жауапкершілікті және т.б. сақтандыруда кеңінен дамыған.

Сақтандыру ұйымдарының ынтымақтастығының нысаны болып сақтандырушылардың одақтары мен ассоциацияларын құру табылады. Қазақстан Республикасында құрылған сақтандырушылар одағының мақсаты – сақтандырушыларға методикалық және ұйымдық ақпараттық көмек көрсету, сақтандыру бойынша заң және нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру қызметкерлерінің мамандандырылуын жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастыру, сақтандырушылардың

қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша ұсыныстар дайындау және т.б.

Енді сақтандыру нарығының қатысушылары жайлы қысқаша айта кететін болсақ, “Сақтандыру қызметі туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қатысушылары:

1. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

2. сақтандыру брокері;

3. сақтандыру агенті;

4. сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;

5. актуарий;

6. уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);

7. өзара сақтандыру қоғамы;

8. сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар.

Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

Жоғарыда аталған Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің негізгі сақтандыру қызметінен басқа төмендегідей қызмет түрлерін атқарады:

1. уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті;

2. тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін);

3. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;

4. ақпарат бөлімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;

5. бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді;

6. сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша кеңес берушілік қызмет көрсетуді;

7. сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;

8. сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;

Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий және уәкілетті аудитор. Сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.

Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

Сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді. Сақтандыру агентінің өкілеттігі болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті ретіндегі қызметіне жол берілмейді.

Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке адам;

Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша – бастамашылық актуарийлік есептеулер;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда – міндетті актуарийлік есептеулер жүргізіледі.

Уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор);

Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Сақтандырудың объектісі және қауіп қатер бойынша сыныпталуы.

2. Қазақстанда сақтандыруды сыныптаудың ерекшеліктері.

3. Сақтандыруды жүргізудің әдістері мен нысандары.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. ҚР-ның Заңы «Сқтандыру қызметі туралы» 18.12.00 ж.

2. Архипов А.П. Страхование: Современный курс / А. П. Архипов, В. Б. Гомелля, Д. С. Туленты. - М.: Финансы и статистика, 2006 ж. - 416 б.

3. Никулина Н.Н. Страхование: теория и практика: учеб. пособие / Н. Н. Никулина, С. В. Березина. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 ж- 511 б.

4. Страховое дело. Учебник под ред. проф. Рейтмана Л.И. – Москва, 2012 ж.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Алматы, 2001 ж.

6. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (В схемах и таблицах). ТОО «LEM», Алматы 2005 ж.

7. Гостенко Л.Н. Страхование. Учебное пособие. Алматы, типография ЧП «Мертенов Р.А», 2003 ж.

Тақырып 3. Тәуекел ұғымы және оның экономиканың зардаптары

Дәрістің мақсаты – тәуекел және оны басқару мен оның экономикалықсалдарын оқып тану.

Дәріс сұрақтары:

4. Тәуекел туралы түсінік. Тәуекелді басқару.

5. Тәуекелдің сыныпталуы

6. Тәуекелді шектеу формалары

Дәріс мазмұны. Тәуекел дегеніміз шешім қабылдаудың формасы және бұл шешімнің нәтижесі алдын – ала болжанбаған жағдайлармен байланысты. Тәуекел бұл мүмкін болатын шығындар қауіпі. Сондықтан кәсіпкер тәуекелді минимум шегіне дейін жеткізуді көздейді.

Іскерлік тәуекелдің екі формасы бар:

1. шартты

2. таза

Шартты тәуекелдің нәтижесі шығындарда пайда да табу мүмкіншілігі бар. Еркін кәсіпкерлік жүйесінің шартты тәуекелге баруы табиғи тән. Өйткені оның мақсаты тәуекелді шараларға ақша жұмсап пайда табу. Таза тәуекел кезінде тек қана шығындар алу ықтималдығы бар. Таза тәуекл кезінде кәсіпкердің табыс табу мүмінкшілігі жоқ, бірақ ол осы тәуекелді минимумуға жеткізетін белгілі бір қадамдар жасауы мүмкін. Сақтандыру тәуекелін анықтау мына жағдайға байланысты.

1. қауіп – қатер немесе кездейсоқтық

2. күтілетін қауіп- қатер дәрежесі

Тәуекелді басқару қаржы менеджерлерінің маңызды міндеттері болып табылады. Тәуекелді басқару бір немесе бірнеше стратегияларды жүзеге асыруды қарастырады. Тәуекел былай сыныпталады:.таза, шартты. Тазаға жататындар: табиғи жаратылыс, экологиялық, саяси, транспорт. Шарттыға мыналар жатады:қаржылық және коммерциялық

Тәуекелді шектеу формалары:

1) диверсификация;

2) таңдау және нәтижелер туралы ақпарат жинау;

3) шектеу;

4) хеджерлеу;

5) валюталық келіссөздер.

Сақтандырудың негізінде қорқыныш жатады. Адам қорқып, өзінің қорқынышын басқаға беру арқылы мүмкін шығындар мен залалдан қорғалады. Бұл шығындардың мүмкін қаупі табиғат құбылыстарымен және адам қызметінің түрлерімен байланысты. Ол тәуекел болып табылады. Демек, қорқыныштың пайда болуы тәуекелдің пайда болуына әкеледі. Тәуекел негізінде адамның қорқынышы жатады.

Тәуекел – бұл адам сезген мүмкін қауіпті білдіретін тарихи санат. Тәуекел тарихи қоғамдық дамудың бүкіл барысымен байланысты.

Л.Морган мен Ф.Энгельс жасаған мәдени-тарихи переодизацияға сәйкес қоғам дамуы үш дәуірден өтті: жабайылық, айуандылық, өркениет. Олардың әрқайсысы өз кезегінде үш сатыдан тұрады: төмен, орташа және жоғарғы. Тәуекел тарихи санат ретінде өркениеттің төменгі сатысында, адамда өлім алдында қорқыныш сезімі туындағанда пайда болды. Өркениеттің дамуымен қатар тауарлармен айырбас, айырбас белгісі ретінде ақша, тауар-ақша қатынастары пайда болып, сонымен бірге осы ақшадан айырылу тәуекелі пайда болады, яғни тәуекел экономикалық санатқа айналды.

Тәуекел – бұл болуы және болмауы мүмкін оқиға.

«Тәуекел» сөзі нәтижесі белгісіз болатын шешімді қабылдауды білдіреді.

Мұндай оқиға үш экономикалық нәтижеге әкелуі мүмкін:

- теріс (шығын, залал);

- нөлдік;

- оң.

Тәуекел арқылы нақты өлшенетін және нақты бейнеленетін залал жүзеге асырылады. Немесе бұл қолайсыз нәтиженің сандық бағасы. Тәуекелді статистикалық мәліметтер негізінде үлкен сандар заңы немесе ықтималдылық теориясын қолдану арқылы математикалық жолмен өлшеуге болады.

Тәуекел факторы және мүмкін залалды өтеу қажеттілігі сақтандыру қажеттілігін туындатады. Яғни тәуекел – бұл сақтандырудың пайда болуының алғышарты.

Тәуекел – бұл сақтандыру объектісінің залалға ұшырауының әлеуетті мүмкіндігі.

Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның болуын белгілі бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әр түрлі шараларды пайдалану және тәуекел дәрежесін төмендету шараларын қабылдауға болады.

Тәуекелді басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі көп жағдайда тәуекел топтамасымен анықталады.

Тәуекел топтамасы – бұл нақты мақсаттарға жету үшін тәуекелді белгілі бір белгілер бойынша жеке топтарға бөлу.

Ғылыми негізделген тәуекел топтамасы жалпы жүйеде әрбір тәуекелдің орнын анықтауға мүмкіндік береді. Ол тәуекелді басқарудың әдіс, тәсілдерінің сәйкес шараларын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Әрбір тәуекелге тәуекелді басқару тәсілдерінің өзіндік жүйесі сәйкес келеді.

Тәуекелдердің бағаланған жүйесіне тәуекелдердің санаттары, топтары, түрлері, тармақтары мен әртүрліліктері жатады.

Сипаты бойынша тәуекелдер келесідей бөлінеді:

- объективті және субъективті;

- жеке және әмбебап;

- ерекше.

Объективті тәуекелдер сақтандырушының санасы мен еркінен байланысты болмайды (аппатар, тасқындар және т.б.)

Субъективті тәуекелдер шындыққа деген объективті ынғайды теріске шығаруға немес ескершеуге негізделген.

Жеке тәуекел жеке үй мүлігін, сүреттерді, коллекцияларды және т.б сақтандыруды ескермеуде көрініс табады.

Әмбебап тәуекел - бұл көптеген келісім-шарттар бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің көлеміне кіретін тәуекел. Мысалы, туристтерді сәтсіз оқиғалардан, сырқаттардан, мүлікті ұрлаудан сақтандыру.

Ерекше топты өзгеше тәуекелдер құрайды:

-кемісті;

-апатты.

Кемісті тәуекелдерге сәйкес объектілерді сақтандырудың қандай да бір топтарына жатқызуға мүмкіндік бермейтін тәуекелдер жатады. Мысалы, өмірді жеке сақтандыру, медициналық куәландыру процедурасы, «қолайсыз ауа райы» жағдайын, жабайы аңдарды аулауға берілетін лицензиялардың жүзеге асырылмауы жағдайын сақтандыру.

Апатты тәуекелдер болып басталған кезіңде сақтандырушыға аса ірі мөлшерде және елеулі түрде зиян келтіруі мүмкін тәуекелдер табылады. (ЧАЭС-дағы апаттар, Онтүстік Сахалиндегі жер сілкіністер).

Болуы мүмкін нәтижеде (қауыпты оқиғаға) байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады:

- таза;

- алыпсатарлық.

Таза тәуекелдер теріс немес нөлдік нәтижені алу мүмкіндігін білдіреді. Бұл табиғи-жаратылыстық, саяси, көлік тәуекелдер және коллекциялық тәуекелдердің бір бөлігі.

Алыпсатарлық тәуекелдер оң, сондай-ақ теріс нәтижені алу мүмкіндігінде көрініс табады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.

Пайда болуының (базистік немесе табиғи) негізі есебінен байланысты тәуекелдердің келесідей санаттары болады:

- табиғи - жаратылыстық;

- экологиялық;

- саяси;

- көлік;

- коммерциялық.

Табиғи – жаратылыстық болып табиғаттың апатты күштерінің көрінісімен байланысты тәуекелдер табылады.

Экологиялық тәуекелдер - бұл елдің саяси жағдайы мен мемлекеттің қызметімен байланысты тәуекелдер.

Саяси тәуекелдер шаруашылық жүргізуші субъектінің тікелей түрде байланысты болмайтын себептер бойынша өндірістік-саудалық үдеріс жағдайлары бұзылған кезде пайда болады. Оларға келесілер жатады:

- әскери әрекеттер, қозғалыстар, елде ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі, ұлттандыру, тауарлар мен кәсіпорындарды кәмпескелеу, жаңа үкіметтің бастаушымен қабылданған міндеттемелерді орындаудан бас тарту есебінен эмбаргоны енгізу салдарынан шаруашылық қызметті жүзеге асырудың мүмкінсіздігі;

- салықтық заңнаманың қолайсыз өзгеруі;

- төтенше жағдайлар пайда болуының тәтижесінде белгілі бір мерзімде сыртқы төлемдердің мерзімін ұзартуды еңгізу;

- төлем валютасына ұлттық валютасының конверсиясына шек қою немесе тыйым салу.

Бұл кезде экспорттаушы алдындағы міндеттеме қолданудың шектелген сферасына ие ұлттық валютада орындалуы мүмкін.

Көлік тәуекелдер бұл жүктерді автомобиль, теңіз, өзен, темір жол, ұшақ және т.б көліктері арқылы тасымалдаумен байланысты тәуекелдер.

Коммерциялық тәуекелдер қаржы-шаруашылық қызмет үдерісіндегі шығындар қаупі болып табылады. Олар берілген коммерциялық мәміледен нәтиженің белгісіздігін білдіреді.

Құрылымдық белгісі бойынша коммерциялық тәуекелдер келесідей бөлінеді:

- мүліктік;

- өндірістік;

- саудалық;

- қаржылық.

Мүліктік тәуекелдер-бұл ұрлық, диверсия, ұқыпсыздық, техникалық және технологиялық жүйенің сынуы және т.б себептер бойынша азамат-кәсіпкер мүлігінің шығындарға ұшырау мүмкіндігімен байланысты тәуекелдер.

Өндірістік тәуекелдерге әртүрлі факторлардың әсер етуінің және ең алдымен негізгі және айналым қорларының (құрал-жабдық, шикізат, көлік т.б) зақымдануының немесе жойылуының нәтижесінде өндірістің тоқтап қалуынан болатын шығындармен байланысты болатын тәуекелдер, сонымен қатар өндірістке жаңа техника мен технологияны еңгізуімен байланысты пайда болатын тәуекелдер жатады.

Саудалық тәуекелдерге төлемдердің тоқтауы, тауарларды тасымалдау кезеңде төлемдерден бас тарту, тауарларды жеткізбеу және т.б. себептері бойынша шығындардың пайда болуымен байланысты тәукеледер кіреді.

Қаржылық тәуекелдер қаржы ресурстарының, яғни ақшалай қаражаттардың шығындарының ықтималдығымен байланысты. Қаржылық тәуекелдер екі түрге бөлінеді:

-ақшаларын сатып алушылық қабілетімен байланысты тәуекелдер;

-капитал салумен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).

Ақшалардың сатып алушылық қабілетімен байланысты тәуекелдерге келесілер жатады:

-инфляциялық және дефляциялық;

-валюталық;

-өтімділік тәуекел.

Инфляция ақшаның құнсыздануы және сәйкесінше бағалардың өсуі болып табылады. Дефляция – бұл инфляцияға қарама-қарсы үдеріс, бағалардың төмендеуінде және сәйкесінше ақшалардың сатып алушылық қабілетін жоғарлауында көрініс табады.

Инфляциялық тәуекелдің мәні келесідей: инфляцияның өсуі кезіңде алынатын ақшалай табыстар нақты сатып алушылық қабілетінің көз қарас тұрғысынан тез құнсызданады. Мұндай жағдайларда кәсіпкер нақты шығындарға ұшырайды.

Дефляциялық тәуекелді келесідей анықтауға болады: дефляцияның өсуі кезінде бағалар деңгей төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайлары нашарлайды және табыстар төмендейді.

Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды өткізу кезіңде бір шетелдік валютаның басқасына қарағанда бағамының өзгеруімен байланысты валюталық шығындардың қаупін білдіреді.

Өтімділік тәуекелдер-бұл бағалы қағаздар мен басқа да тауарларды жүзеге асыру кезіңде оларды сапасының бағасының өзгеруі есебінен болатын шығындардың мүмкіндігімен байланысты тәуекелдер.

Инвестициялық тәуекелдерге келісілер кіреді:

- айырылып қалған пайданың тәуекелі;

- табыстылықтың төмендеу тәуекелі;

- тікелей қаржылық шығындар тәуекелі.

Айырылып қалған пайданың тәуекелі – бұл қандайда бір шараның (мысалы, сақтандыру, хеджирлендіру инвестициялау және т.б) жүзеге асырылмауының нәтижесінде жанама қаржылық шығынның пайда болу тәуекелі.

Табыстылықтың төмендеу тәуекелі қоржындық инвестициялар, салымдар мен несиелер бойынша пайыздар мен дивиденттердің көлемінің төмендеуімен байланысты пайда болу тәуекелі.

Қоржындық инвестициялар инвециялық қоржының пайда болуымен байлансты және бағалы қағаздар мен басқа активтерді иемденуді білдіреді.

Табыстылықтың төмендеу тәуекеліне келесілер кіреді:

- пайыздық;

- несиелік.

Пайыздық тәуекелдерге жұмылдырылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелердің ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден артып кетуінің нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелердің инвестициялық институттар, селингтік компаниялар шығындарының қаупы жатады.

Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар инвесторлардың акциялар бойынша дивиденттердің облигациялар, сертификаттар мен басқа да бағалы қағаздар бойынша нарықтағы пайыздық мөлшермелердің өзгеруімен байланысты ұшырайтын шығындар тәуекелі жатады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсуі құнды қағаздардың, әсіресе белгіленген пайыздағы облигациялардың бағамдық құнның төмендеуіне әкеліп соқтырды. Пайыздың жоғарылауы кезінде эмитентпен мерзімінен бұрын кері қабылданатын шығарылым шарттары бойынша және аса төмен белгіленген пайыздар бойынша шығарылған бағаны қағаздардың жаппай жойылуы басталу мүмкін. Белгіленген деңгейге қарағанда орташа нарықтық пайыздың нарықтағы жоғарылуы кезінде белгіленген пайызы бар орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға қаражаттарды салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырайды. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылуы есебінен табыстардың өсімін алар еді, бірақ жоғарыда аталған жағдайларда салған қаражаттарын босата алмайды. Белгіленген деңгейге қарағанда орташа нарықтық пайыздың ағымдағы төмендеу кезінде белгіленген пайызы болатын орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналымға шығаратын эмитент пайыздық тәуекелге ұшырайды.

Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан аса төмен пайыз бойынша қаражаттарды жұмылдыра алар еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздардың шығарылымымен байланысты болады. Инфляция жағдайларында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде тәуекелдің бұл түрінің қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де маңызы бар.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 741 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.021 с)...