Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Астана 2015



Кредит

5В050900 – Қаржы мамандығына арналған

Астана 2015

Құрастырушы: «Қаржы және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Керимбек А.К.

Пікір беруші:

э.ғ.к, доцент Булакбай Ж.М.__________________

Оқу бағдарламасы «Қаржы және менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды.Экономикалық үрдісі бойынша пайдалануға ұсынылған.

Хаттама №_____ «___» ________ 2015ж

Оқу бағдарламасы Бизнес және менеджментфакультетінің оқу әдістемелік бюросымен қарастырылды.

Хаттама №____ «_____» _______ 2015ж

Оқу бағдарламасы «Тұран-Астана» университетінде ОӘБ-мен қарастырылып бекітілген.

Хаттама №___ «___» ___________ 2015 ж


Пән «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған оқу бағдарламасы негізінде жасалынды.

КІРІСПЕ

Оқытылатын пәннің мінездемесі:

Бұл пән қаржылық талдау мазмұнын жан – жақты ашады: қаржылық талдау туралы білімдер кешенін құрайды.

Пәннің бағытталауы:

экономикалық саясат бағдарламасы жоғары білімді және кәсіби мамандарды дайындауға арналған.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымданғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Бұл пән қазіргі қоғамда сақтандырудың экономикалық мәнін, қызметтерін, ролі мен қолдану саласын қамтитын сақтандыру теориясының мәселелерін ашады; ол маңызды сақтандыру терминологиясының мазмұнын; сақтандырудың сыныпталуын және сақтандыру ұйымдарының ұйымдастыру принциптерін зерттейді; сақтандыру түрлерінің әртүрлі жағдайларын қарастырады; сақтандыру қызметтерінің қаржылық негіздерін ашады; медициналық сақтандыру мәселелерін, рентаны (аннуитет) сақтандыруды, зейнетақыны сақтандыруды, кәсіпкерлік тәуекелді және жауапкершілікті сақтандыру; сақтандыру компанияларының аудит мәслелерін; қайта сақтандыру; шет мемлекеттерінің сақтандыруы және біздің республиканың сыртқы мүдделерін сақтандыруы қарастырылып, зерттеледі, сонымен қатар 18.12.00. шыққан ҚР "Сақтандыру қызметі туралы" заңына сәйкес Қазақстанның сақтандыру компанияларының қазіргі жағдайдағы қызметі қарастырылып, талданады.

Мақсаты: Сақтандыру мәселелері бойынша студенттерді теориялық және практикалық дайындығын қамтамасыз ету, себебі сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бірі болып табылады; студенттерді Қазақстанның сақтандыру рыногымен таныстыру; оны ұйымдастыру ерекшеліктерін зерделеу; сақтандыру түсінігінің аппаратын меңгеру; сыныпталу сипаттарын зерттеу; сақтандырудың түрі, әдісі және формалары бойынша жүйелі білім беру; сақтандыру бойынша тиімді басқару шешімдерін практикалық машықта қолдана білу.
Міндеті: Қазіргі кездегі экономикалық жағдайдағы Қазақстандағы сақтандырудың қызмет ету туралы кешенді теориялық ұғым беру. ҚР-ның сақтандыруын сыныпталуының негізгі мазмұнын ашу, жақын және алыс шет мемлекетерінің сақтандыру сыныпталуының жалпы және айрықша белгілерін ашу және осы негізге сүйене отырып ҚР-ның сыныпталуының жағымды және жағымсыз жақтарын және оны жетілдіру жолдарын табу. Қазақстанның рыноктық экономика жағдайы мен процесінде сақтандыру қатынастарының ерекшеліктерін көрсету, оның ішінде сақтандыру заңнамалары.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Тақырып 1. Сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы

Сақтандыру түсінігі: қазіргі қоғамдағы оның қажеттілігі, мәні, функциялары, принциптері. Сақтандырудың экономикалық табиғаты. Жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін сақтандыруды пайдаланудың объективті қажеттілігі. Сақтандырудың қаржы және несиемен өзара байланысы. Сақтандыру қатынастарының жүйесі. Сақтандыруда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер.

Тақырып 2. Сақтандырудың сыныпталуы

Сақтандыру сыныпталуының қажеттілігі. Сақтандыру сыныпталуының негізі. Қауіп түрі және сақтандыру объектісі бойынша сыныптау. Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың сыныптамасы: салалары, сыныптары, түрлері. Міндетті әлеуметтік сақтандыру: жүргізу жағдайлары. Әлеуметтік сақтандыру мен жеке сақтандырудың жалпы және өзгеше белгілері. Сақтандыру жүргізудің нысандары және әдістері.

Тақырып 3. Тәуекел ұғымы және оның экономикалық зардаптары

Тәуекел: түсінігі, функциясы, қайнар көздері, сыныптамасы. Тәуекелді бағалау. Тәуекелді басқару негізі. Тәуекел- менеджмент. Залалды өтеу үшін қорлар мен резервтердің құрылымының экономикалық қажеттілігі. Сақтандыру қорын ұйымдастыру нысандары. Сақтандыру қорларының мемлекеттік резервтік қорларынан айрықша ерекшеліктері. Сақтандыру тәуекел менеджментінің негізгі тәсілі.

Тақырып 4. Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттеуі

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңнамаларының құрылу және даму кезеңдері. 18.12.00ж. Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" заңының негізгі мәселелері. Қазіргі нарық жағдайында заңды пайдаланудың әдістері мен тәсілдері. Сақтандыру қызметтерін реттейтін заңнамалық және нормативтік кесімдер. Сақтандыру шарты: түсінігі, негізгі элементтері, негізгі жағдайлары және ерекшеліктері. Сақтандыру бойынша заң базасын жетілдірудің негізгі бағыттыры. Сақтандыру ісін мемлекеттік реттеу. Сақтандыру компанияларының қызметін мемелекеттік қадағалау. Сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау.

Тақырып 5. Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногының иститутционалдық құрылымы

Сақтандыру рыногының құрылымы. Сақтандыру міндеттемесі, оның мазмұны. Сақтандыру қызметі ерекше тауар ретінде. Сақтандыру қызметінің бағасы. Сақтандыру қызметінің бағасына әсер етуші факторлар. Сақтандыру брокерлері мен агенттерінің қызметі. Қазақстанның сақтандыру рыногының қазіргі жағдайы. Қазақстан Республикасында сақтандыру рыногын дамыту проблемалары. ҚР-да 2004-2006 жылдарында сақтандыруды дамытудың перспективалары.

Тақырып 6. Сақтандыру компанияларының қызметін ұйымдастыру

Сақтандыру ұйымдарының түрлері. Сақтандыру компаниясының жұмысын ұйымдастыру. Сақтандыру ұйымдарының құрылымы. Сақтандыру компаниясының қызметінің экономикалық негізі. Сақтандыру компаниясын басқарудың негізгі принциптері. Сақтандыру компанияларының инвестициясын басқару. Сақтандыру компаниясының инвестициялық портфелін басқаруда әдістерді қолдану.

Тақырып 7. Актуарлық қызмет

Сақтандыру тарифінің құрылу міндеттері және мәні. Тарифтік ставканың құрамы мен құрылымы. Сақтандыру статистикасының көрсеткіштері. Сақтандыру жарнасының мәні. Сақтандыру компаниясының қызметін қаржыландыру көзі ретіндегі сақтандыру сыйақысы.

Тақырып 8. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құрудың қажеттілігі. 03.06.2003 жылғы ҚР “Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры” заңының негізгі ережелері Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушылардың типтік шартының негізгі ережелері. Шартқа қатысушылардың міндетті және төтенше жарналарының арналымы.

Тақырып 9. Жеке сақтандыру

Жеке сақтандырудың пайда болу тарихы. (Ежелгі Рим, Франция, Англия). Экономикалық зерттеудің объектісі ретіндегі жеке сақтандыру, оның сыныптамасы. Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру қызметтерін ұйымдастыру және оның нормативтік –құқықтық базасы. Жеке сақтандырудың негізгі категориялары: сақтандыру қатынастарының субъектілері, сақтандыру тәуекелі, түрлері. Ұзақ мерзімді жеке сақтандырудың түрлері. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сомаларын төлеу және анықтау.

Рентаны сақтандыру түсінігі. Өмірді сақтандыру “мерзіміне дейін” шартының рентаны сақтандыру шартынан айырмашылығы. Сақтандыру тәуекелі, сақтандыру сомасы, сақтандыру сыйақысын төлеу тәртібі, сақтандыру сыйақысының мөлшерін анықтау. Рентаны сақтандыру шартының нұсқалары - шұғыл, өмірлік аннуитет, мерзімі ұзартылған аннуитет, мерзімді аннуитет. Зейнетақыны сақтандыру - жеке сақтандырудың түрі. Зейнетақыны сақтандыруда келісім шарт жасасқандағы негізгі жағдайлары, зейнетақы мөлшері және оның төленуіне әсер ету жағдайы. Зейнетақыны сақтандырудың нұсқалары: отбасылық сақтандыру, рентаның жоғарлауымен байланысты келісім шарт, кепілдендірілген өмірлік рента, полис редукциясы, редукцияланған полисті қалпына келтіру.

Тақырып 10. Мүлікті сақтандыру. Рентаны сақтандыру (аннуитетті, зейнетақыны сақтандыру)

Мүлікті сақтандырудың экономикалық және қаржылық арналымы. Мүлікті сақтандырудың негізгі түрлері, тарифтері. Мүліктік сақтандыру бойынша негізгі шарттары және төлемді ұйымдастыру. Регрессивтік талап. Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін сақтандырудың ерекшелігі. Андеррайтингтің стратегиясы. Сюрвейер. “Барлық тәуекелден” сақтандыру.

Тақырып 11. Азаматты-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (АҚЖС)

"Жалпы сақтандыру" саласына жататын жауапкершілікті сақтандырудың мәні мен мағынасы. Жауапкершілікті сақтандырудың ерікті және міндетті негізгі түрлері. Көлік құралдары иелерінің АҚЖС-ның сыныпталу белгілері және өзгеше ерекшеліктері. Шаруашылық және кәсіпкерлік процесінде зақым келген жағдайда жауапкершілікті сақтандыру. Қарыз алушының өтелмеген несиесінің жауапкершілігін сақтандыру.

Қр-ғы АҚЖС дмуының перспективасы.

Тақырып 12. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты объектілердің сипаттамасы. Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру - инвестиция, табыс немесе пайда. Банктік тәуекелді сақтандыру, оның түрлері.

Қаржылық тәуекелді сақтандыру. Биржалық және валюталық тәуекелдерді сақтандыру. Биржалық және валюталық тәуекелдерді сақтандырудағы хеджирлеудің ролі. Кредит тәуекелін сақтандыру. Экспорттық коммерциялық кредитті сақтандыру. АҚ “Экспорттық кредит және инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы”-ның қызметі.

Тақырып 13. Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету

Сақтандырушылардың қаржыларын ұйымдастырудың жалпы принциптері. Сақтық қорғауды қамтамасыз ететін, ақша қаражаттарының айналымының ерекшеліктері. Сақтандыру қорының қалыптасуы. Сақтандыру резервтерінің түрлері және оларды қалыптастыру тәртібі.

Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары. Активтер және қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің нормативтік ара қатынасы. Сақтандырушылардың төлем қабілеттілігінің проблемасы. Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі. Сақтандырушылардың қаржылық жағдайын бағалау. Сақтандыру операцияларының салық салу ерекшеліктері.

Тақырып 14. Қайта сақтандыру – сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығының құрамдас бөлігі

Ортақ сақтандыру және қайта сақтандырудың мәні және теориялық негіздері. Қайта сақтандыру сақтандыру операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретінде. Активті және пассивті қайта сақтандыру. Қайта сақтандыруға тәуекелді көшіру әдісі бойынша қайта сақтандыру операциялары. Қайта сақтандыру шарты - пропорционалды және пропорционалды емес. Қайта сақтандыру пулдарының қызметтері: мәні мен маңызы. Қайта сақтандыру облсындағы негізгі терминдер.

Тақырып 15. Шет мемлекеттеріндегі сақтандыру

Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру. Сақтандырудың негізгі түрлері және формасы. Сақтандыру қызметінің даму тенденциясы. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметтеріндегі сақтандыру сферасы. Халықаралық сақтандыру рыногының қалыптасу проблемалары. Халықаралық сақтандырудың сыныпталуы. Шетел мемлекеттері мен Қазақстанның сақтандыру рыногының дамуындағы жалпы және өзгеше белгілері.

Негізгі әдебиеттер

1. Азаматтық кодекс. Алматы. Жеті жарғы. 2010ж.

2. ҚР-сы Президентінің Жарлығы «Сақтандырурыногын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдық - құқықтық шаралар туралы» № 1658, 16.04.94 ж.

3. «ҚР-ның сақтандыру туралы» заңы 03.10 2015ж.

«ҚР-ның сақтандыру қызметі туралы» Заңы 18.12.00 ж.

4. Маянлаева Г.И. Сақтандыру ісінің теориясы және тәжірибесі. – Алматы. Экономика. 2011ж.

5. А.О. Базарбаев. Сақтандыру. Оқу құралы. Алматы: ТОО «LEM», 2013 ж.

6. Г.И. Джемпеисова, О.Н. Чикунов, С.Н. Сүйеубаева. 7. Сақтандыру. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2010 ж.

8. Страхование: принципы и практика. Составитель Дэвид Бланд. – Москва, Финансы и статистика, 2013.

Қосымша әдебиеттер

1. Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства, Санкт-Петербург, 1999

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1999

3. Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 2005 № 23-24

4. Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

5. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы, 2014

6. Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2007


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ

«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ

«Сақтандыру»

«5B050900 – Қаржы», 5В051000 «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандықтарына арналған

пәннің жұмыс оқу бағдарламасы





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1033 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...