Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Астана, 2015 5 страница



Несиелік тәуекел- бұл кредиторға тиісті болатын негізгі қарыз бен пайыздарды қарызгер адамның төлемеу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар борыштық бағалы қағаздарды шығарған эмитент олар бойынша пайыздарды неемесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмаған жағдайға ұшыраған кездегі тәуекел жатады.

Несиелік тәуекел сонымен қатар тікелей қаржылық шығындар, тәуекелдердің әр түрлілігі болуы мүмкін.

Тікелей қаржылық шығындардың тәуекелдері келесідей жіктеледі:

- биржалық тәуекел;

- селективті тәуекел;

- банкроттық тәуекел;

- несиелік тәуекел.

Биржалық тәуекелдер биржалық мәмілелерден болатын шығындар қаупін білдіреді. Оларға коммерциялық мәмілелер бойынша төлемеушілік тәуекелі, брокерлік фирманың комссилық сыйақыны төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақыны төлемеу тәуекелі және тағы сол сияқты жатады.

Селективті тәуекелдер-бұл капиталды салу түрлерін, инвестициялық қаржынды жасау кезінде бағалы қағаздардың басқа түрлерімен салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздар түрін теріс теңдау тәуекелдері.

Банкроттық тәуекелі капиталды салуды теріс таңдау, кәсіпкердің өз капиталы толық шығынға ұшырау нәтижесіндегі қауіпті білдіреді. Кәсіпкер өзіне алған міндеттемелер бойынша есеп айырысуға қабілетсіз, сөйтіп ол банкротқа ұшырайды.

Бірлік пен өзара әрекеттесуде алынған барлық нарықтық жағдайлар ахуал немесе тәуекелдің жалпы мөлшерлемесі деп аталатын жағдайды анықтайды. Тәуекел ахуалы сақтандыру объектілерінің жағдайы мен олардың сол кездегі күйін сипаттайды. Тәуекелдің жалпы мөлшерлемесі жеке тәуекелдердің сомасы ретінде анықталады.

Сақтандыру мүддесін мүліктік, біреумен жанама түріндегі жасалған ақшалай балама, яғни бұл мүддеге сәйкес келетін ақша сомасы ретінде қарастыру қажет.

Тәуекелді сақтандырудың бар болуын ескеру қажет, яғни тәуекелдің сақтандыру компанияларға мұндай тәуекелді жабуды ұсынуға мүмкіндік беретін өзіне тән белгілері болуы қажет, атап айтқанда:

- тәуекелге ұшыраған бірліктердің үлкен санының болуы;

- шығындардың кездейсоқ сипаты;

- шығындардың апатты емес сипаты;

- шығындардың ықтималдығын есептеу мүмкіндігі;

- төмен сақтандыру сыйлығы.

Осы көзқарастар тұрғысынан қандайда бір мүлікті мүдделердің сақтандырушылық қорғауын қамтамасыз етуді қамтитын кез келген жобаларды қарастыру қажет.

Сақтандырудың тәуекелді түрлерінің өзіне тән ерекшелігі болып олардың өткіншілігі мен шығын көлемінің алдын ала болжанбауы табылады. Мысалы, туристтерді сәтсіз оқиғалардан, сырқаттан немесе өлімнен сақтандыру кезінде туристпен алда не болатынын және сақтандыру жағдайының салдары қандай бола алатындығын алдын ала айту қиын болып табылады.

Алайда, сақтандырудың тәуекелдік түрлерімен қатар тәжірибеде жинақтаушы (ұзақ мерзімді немесе жинақтық) түрлері жиі қолданылады.

Жинақтаушы түр кезінде сақтандыру ұзақ мерзімге жасалады және ереже бойынша, келісім-шарт мерзімі аяқталған кезде немес сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтандырушы немесе сақтандырылған адам алатын сақтандыру сомасы алдын ала анықталады. Мысалы, зенет ақыны, өлім болған жағдайда сақтандыру және т.б кезінде келісім-шартта сақтандырудың барлық шарттары бірден ескертіледі, содан кейін олар белгілі сақтандыру жағдайы пайда болған кезде немес келісім-шарттың әркет ету мерзімі аяқталған кезде сақтандырушымен қамтамасыз етіледі.

Тәуекел мүмкін болатын нәтижеге деген сенімсіздікті білдіреді. Біз тәуекелмен күн сайын кездесеміз. Тәуекелдің барлық түрлері үшін белгісіздік факторы тән болып табылады. Тәуекел жағдайын сезіну арқылы адамда тәуекел жағдайын максималды шектеуге немесе жоюға бағытталған шешімдер пайда болады.

Осы сұрақтар экономикалық мәселелерді шешуде ерекше мәнге ие болады.

Адамның өндірістік қызметі қолайсыз жағдайлармен теріс салдардың пайда болу мүмкіндігімен жиі байланысты. Осы объективті ақиқаттан шыға отырып, қоғамдық санада теріс құбылыстар мен нәтижелердің пайда болу ықтималдығын төмендететін немесе олардың зиянды теріс салдарын болдыртқызбайтын әдістер мен құралдарды жасау қажеттілігі пайда болады.

Экономикалық қатынастар жүйесінде тәуекелді шектеу немесе минимизациялау бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекеттер тәукелді басқару (тәуекел-менеджмент) деп аталады.

Сақтандыруда тәуекел-менеджментті пайдаланудың концептуалды ынғайына үш негізгі жайғасым кіреді:

- тәуекел жағдайында экономикалық субъектілер қызметінің салдарын анықтау;

- бұл қызметтің мүмкіндіктің теріс салдарына жауап қайтару іскерлігі;

- шараларды жасау және жүзеге асыру, олардың көмегімен қолданылатын іс-әрекеттердің ықтималды теріс нәтижелері бейтараптандырылады және орны толтырылады.

Сақтандырудағы тәуекел-менеджментті маңызды жағына келесі негізгі элементтер кіреді:

- тәуекел менджменттің дайындық кезеңі тәукелді талдау мен бағалау нәтижесінде алынған тәуекелдердің сипаттамалары мен мүмкіндіктерін салыстыру қарастырады. Дайындық кезегінде баламалар анықталады, мұнда тәуекел мөлшері әлеуметтік қолайлы болып қала береді. Басымдықтар белгіленеді, яғни бірінші кезектегі назарды талап ететін мәселелер мен сұрақтар шеңбері көзге түседі. Сөйтіп, жарамдылық қағидасы бойынша қолдағы баламаларды, олардың құрамына кіретін тәуекелді маңызына қарай бөлу мүмкіндігі объективті түрде пайда болады: тәуекел толығымен қолайлы, жартылай қолайлы, мүлдем қолайлы емес;

- тәуекелдің мүмкін теріс салдарын минимизациялауға немесе жоюға мүмкіндік туғызатын нақты шараларды таңдау. Бұл кезеңге сақтық сипаттағы үйымдастырушылық және операциялық процедураларды жасау кіреді. Сақтандырушы жағынан берілген кезең тәуекелдік шешімдерді қабылдайтын немесе жүзеге асыратын тұлғалар үшін нақты кепілдемелерде құралуы мүмкін.

Тәуекел жағдайында теріс салдарға уақытында жауап қайтаруға мүмкіндік беретін нұсқаулардың бірі болып арнайы жасалған жағдайлық жоспар табылады. Мұнда әрбір адам қандай да бір болмасын жағдайда не істеуі керектігі және қандай салдарды күту қажет екендігі туралы алдын ала жазылған. Тәуекел - менджмент шенберінде жағдайлық жоспардың артықшылығы келесіде: тәуекелдік шешімдерді жүзеге асыратын тұлғалар қолайсыз жағдайларды тез әрекет ете алады. Жағдайлық жоспарға сүйіне отырып, адамдар онда болмаған оқиғалар іс-әрекеттер жасауға аса дайындалған болып табылады. Жағдайлық жоспарлар- бұл тәуекел жағдайларында субъектілер қызметіне оң әсерін тигізетін белгісіздікті азайту құралы.

Сақтандыру жиынтығында тәуекел-менеджменттің тиімділігі шешімді дайындау мен қабылдауда көбінесе ұжымның қатысу дәрежесінен байланысты. Осы үдерістің маңызын айқындайтын жалпы заңдылық келесіде: құбылыстарға адамның қатысу дәрежесі неғұрлым аз және ол өзінің шешімдерінің салдары туралы неғұрлым аз білсе, онда ол теріс нәтижелі болатын шешімді қабылдауға көбірек икемделеді.

Тәжірибелік қолдануға жағымды тәуекелділік жағдайдағы тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтері:

- тәуекелдің баламаларында оның тек әлеуметтік жағынан қолайлы деңгейде бола алатынын табу;

- тәуекелдің жағымсыз болуы мүмкін салдарын жою немесе азайту үшін нақты нұсқауларды жасау;

- тәуекелді шешімдерді атқаратын немесе бұл үдерісті басқаратын адамдарға қиын жағдайда іс-әрекет жасау үшін арнаулы жобаларды жасау;

- таңдаған баламаны жасау үшін нормативтік актілерді дайындау және қабылдау;

- тәуекелді шешімдер мен программаларды психологиялық жағынан қабылдауды ескеру.

Айтылған теорияларға негізделіп, қоғамдық тәжірибе тәуекелді басқарудың 4 тәсілін жасады:

- ыдырату;

- шығындарды болдырмау және бақылау;

- сақтандыру;

- жұту.

Ыдырату. Бұл тәуекелді басқару тәсілі тәуекелді ыдыратуға негізделеді. Тұлғаға бұл темекі шегуге, ұшақпен ұшу және т.б. әректтерді істемеуді білдіреді; ал фирмаға ол бір тауарды сатуға дейін оның қолдануын қауіпсіз болатындай ойластыру.

Ыдырату – бұл шығындарды болдырмаудың ең тиімді әдісі. Бірақ тәуекелді ыдырату кезінде кіріс те ыдыратылады.

Шығындарды болдырмау және бақылау. Шығындарды болдырмау өзін күтпеген жағдайдан қорғауды білдіреді. Оларды бақылау – шығындар болған жағдайда шығындардың мөлшерін қысқартуды білдіреді.

Сақтандыру. Тәуекел – менеджмент жағынан бұл біртиптік тәуекел жағдайда бола алатын физикалық және заңды тұлғалар, шығындар болған жағдайда компенсацияны алатын мүшелері бар компанияға қаражатты салатын үдерісті білдіреді. Сақтандырудың негізгі мақсаты - біртипті тәуекел жағдайында бола алатын жеке және заңды тұлғалардың (сақтандыру жиынтығы) шығындарын жіктеу.

Жұту. Бұл тәсілдің мазмұны шығынды сақтандырудың жіктеуінсіз бақылауында. Жұту туралы басқару шешім 2 себептен қабылданады. Біріншіден, тәуекелді басқарудың басқа тәсілдерін қолдануға болмайтын жағдайда. Бұл әдетте болу мүмкіндігі төмен тәуекелдер болады (мысалы, метеориттің құлауы). Екіншіден, жұту өзін-өзі сақтандыру арқылы өтеді.

Тәуекелді басқару 6 деңгейден өтеді:

- мақсатты анықтау;

- тәуекелді анықтау;

- тәуекелді бағалау;

- тәуекелді басқару тәсілін таңдау.

Мақсатты анықтау. Адам үшін мақсат болып денсаулықтың жақсы деңгейін сақтау, өлім немесе кіріс көздерін жоғалтқан кезде отбасы өмірінің қалыпты деңгейін ұстап тұру, үй мүлігін, көлік құралдарын, жеке меншігін сақтандыру, және т.б. табылуы мүмкін. Кәсіпкерлік құрылымның ең негізгі мақсаты - фирманың күтпеген жағдайда (от, тонау,т.б.) қызмет етуін қамтамасыз ету.

Тәуекелді анықтау - шаруашылық субъектінің немесе индивидтің тәуекелдің бар болуын түсінуінде көрінеді, ол әрқашан әлеуметтік ортада жүреді де, қоғамдық тәжірибеге сүйенеді.

Тәуекелді бағалау – бұл болуы мүмкін залалдың мөлешрі мен оның мүмкіндігі тұрғысынан оның салмақтылығын анықтау.

Тәуекелді басқару тәсілдерін таңдау: ыдырату, шығындарды болдырмау және бақылау. Айтылған тәсілдердің нақтысы тәуекелдің түріне байланысты таңдалады.

Тәжірибеде тәуекелді басқарудың бірнеше тәсілдерін қолдану кездеседі.

Таңдаған тәсілді қолдану. Егер, мысалы тәуекелді басқару тәсілі cақтандыру болса, онда келесі адым - сақтандыру келісімін ресімдеу (сақтандыру полисін сатып алу). Сақтандырудан басқа, әр тәуекелді басқару өзіне болдырмау бағдарламасын және шығындарды бақылауды қосады.

Нәтижелерді бағалау бар шығындарды және оларды болдырмауға бағытталған шараларды көруге мүмкіндік беретін нақты ақпараттың жақсы үйлесімді жұмыс істейтін жүйесінің негізінде жүргізіледі.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Тәуекелдің экономикалық мәні. Тәуекелді басқару.

2. Тәуекелдің сыныпталуы. Оның негізгі түрлеріне сипаттама.

3. Тәуекелді шектеу формалары.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. ҚР-ның Заңы «Сқтандыру қызметі туралы» 18.12.00 ж.

2. Архипов А.П. Страхование: Современный курс / А. П. Архипов, В. Б. Гомелля, Д. С. Туленты. - М.: Финансы и статистика, 2006 ж. - 416 б.

3. Никулина Н.Н. Страхование: теория и практика: учеб. пособие / Н. Н. Никулина, С. В. Березина. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 ж- 511 б.

4. Страховое дело. Учебник под ред. проф. Рейтмана Л.И. – Москва, 2012 ж.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Алматы, 2001 ж.

6. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (В схемах и таблицах). ТОО «LEM», Алматы 2005 ж.

7. Гостенко Л.Н. Страхование. Учебное пособие. Алматы, типография ЧП «Мертенов Р.А», 2003 ж.

Тақырып 4. Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттеуі

Дәрістің мақсаты – сақтандыру саласы бойынша заңнамалық кесімдерді оқып тану.

Дәріс сұрақтары:

6. 3 шілде 2012 жылғы «Сақтандыру туралы» заң ерекшеліктері.

7. 16 сәуір 1994 жылғы алдыңғы заңға өзгірістер мен толықтырулар енгізу.

8. 3 қазан 1995 жығы «Сақтандыру туралы» заң ерекшеліктері.

9. 16 шілде 1999 жылы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу.

10. 18 желтоқсан 2014 жылы «Сақтандыру қызметі туралы» заң ерекшеліктері.

Дәріс мазмұны. 3 шілде 2012 жылғы «Сақтандыру туралы» заңның ерекшеліктері

1. Жалпы жағдайлар қарастырылған, яғни жақтардың өзра қары қатынасын реттеу

2. Тәуекел міндеттерін орындау. Жарғылық қоры 100 мың рубль.

3. Әр түрлі ұйымдық құқықтық формаларда сақтандыру ұйымын құру.

4.Сақтандырушының барлық қызмет түрлерімен айналысуы, яғни делдалдық, коммрециялық, кредиттік.

5. Шетел сақтандыру компанияларының еркін қызмет етуі.

6. Сақтандыруды қадағалау органының болмауы.

16 сәуір 1994 жылы «Сақтандыру одағының «1 съезі болды. Осы съездің қорытынды нәтижелері бойынша Үкімет мынандай шешім қабылдады» Сақтандыру рыногын қалыптастыру мен даму бойынша ұйымдық құқықтық шаралар туралы». Осы шешімге сәйкес 3- шілде 2012 жылы заңға өзгерістер енгізілді. Оның ерекшеліктері:

1. теориялық аспектілер бұрынғы қалпында қалды.

2. жарғылық қор сақтандырушылар үшін 2 млн. теңге, қайта сақтандырушылар үшін 20 млн. теңге.

3. әр түрлі құқықтық – ұйымдық формада қызметпен айналысу.

4. шетелдік сақтандыру компанияларының қызметіне тыйым салынды.

5. қаржы министрлігінің қарамағында қадағалау департаменті құрылды.

6. сақтандыру қызметін лицензиялау енгізілді.Ал қызмет еткен компаниялар қайта тіркелді.

3 қазан 1995 жылғы заңның ерекшелігі:Біріншіден 2 жақтаң өзара қарым- қатынасын реттейді. Теориялық аспект 5 тараудан тұрады.

а)жалпы ержедер- онда сақтандыру, сақтандыру қызметі туралы түсінік, сақтандыру салалары, түрлері, формалары қарастырылады.

б) сақтандыру қатынасына қатысушылар- онда сақтанушы, сақтандырушы, сақтандырылғандар, пайда алушылар қарастырылады.

в) сақтандыру шарттары- онда шарттарға қойылатын талаптардың мазмұны қарастырылған.

г) сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Онда өзіндік қаражаттың төлем қабілеттігінің нормативтік талаптары қарастырылған.

д) сақтандыру қызметін мемлекеттік қадағалау. Онда оның құқықтары мен міндеттері қарастырлыған.

Екіншіден, жарғылық қор 40 мың ең төменгі минималды есептік көрсеткішті құраған. Үшіншіден, әр түрлі ұйымдық- құқықтық формада қызмет етеді, бірақ ұйымның аталуында «Сақтандыру» деген сөз міндетті болуы шарт. Ары қарайда, тек қана сақтандыру қызметімен, шетел сақтандыру компанияларының қызмет еті мүмкіншілігі болады, бірақ капиталдың 50%- тен аспйтын үлестік қатытысуымен, сақтандыруды қадағалау органы дербес қызмет етті, сақтандыру қызметін лицензиялау тәртібі күшейді.

16 шілде 1999 жылғы сақтандыру заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізілген ерекшеліктер:

1. теориялық аспект сол қалпында қалды.

2. жарғылық қор:

а) қайта сақтандыру қоры үшін 200 млн. теңге

б) мүлікті сақтандыру үшін 100 млн. теңге

в) ұзақ мерзімді өмірлік сақтандыру үшін 150 млн. теңге.

3. жеке және акционерлік қоғам түрінде қызмет атқарады.

4.Тек қана сақтандыру қызметімен айналысады. Бірақ сақтандыру компаниялары қызмет атқаруында мүлікті және өмірді сақтандыру деп ажыратылады.

5. Шетел компаниялары 50% -тік үлеспен қызмет атқарады.Бірақ ҚР-ның сақтандыру рыногының 25% -тінен аспауы керек.

6. Мемлекеттік уәкілетті орган ҰБ-тің қарамағандағы «Сақтандыру қадағалау департаменті» қызмет етті.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Сақтандыру саласындағы заңнамалардың ерекшелігі.

2. Сақтандыру ісін мемлекеттік реттеу.

3. Қолданыстағы заңның ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. ҚР-ның Заңы «Сқтандыру қызметі туралы» 18.12.00 ж.

2. Архипов А.П. Страхование: Современный курс / А. П. Архипов, В. Б. Гомелля, Д. С. Туленты. - М.: Финансы и статистика, 2006 ж. - 416 б.

3. Никулина Н.Н. Страхование: теория и практика: учеб. пособие / Н. Н. Никулина, С. В. Березина. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 ж- 511 б.

4. Страховое дело. Учебник под ред. проф. Рейтмана Л.И. – Москва, 2012 ж.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Алматы, 2001 ж.

6. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (В схемах и таблицах). ТОО «LEM», Алматы 2005 ж.

7. Гостенко Л.Н. Страхование. Учебное пособие. Алматы, типография ЧП «Мертенов Р.А», 2003 ж.

Тақырып 5. ҚР-ның сақтандыру рыногының институтционалдық құрылымы

Дәрістің мақсаты – сақтандыру рыногының құрылымын, оның қалыптасуы мен дамуын оқып тану.

Дәріс сұрақтары:

4. Сақтандыру рыногының мәні, оның құрылым.

5. Сақтандыру делдалдары.

6. Қазіргі кездегі сақтандыру рыногын жетілдіру жолдары

Дәріс мазмұны

1. Сақтандыру рыногы дегеніміз- сақтандыру өнімі мен қызметін сату және сатып алу ортасы. Сақтандыру рыногын қалпптастырудың объективті негізі болып ұлғаймалы ұдай өндірісті қамтамасыз етуде кездейсоқ жағдайдан болған жәбірленушіге ақшалай көмек көрсету мүмкіншілігі. Сақтандыру рыногының қалыптасуының экономикалық заңы болып құн және сұраныс пен ұсыныс заңы болып табылады.

Сақтандыру рыногын салалық белгісі бойынша былай ажыратады:

1. өмірді сақтандыру рыногы

2. мүлікті сақтандыру рыногы

3. жауапкершілікті сақтандыру рыногы

4. жазатайым жағдайдан сақтандыру рыногы

Масштабы бойынша:

1. ұлттық

2. аймақтық

3. халықаралық

Ұлттық- жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет ету сферасы. Аймақтық- ұлттық сақтандыру рыногы мен жеке аймақтардың өзара тығыз интеграциялық байланыстағы сақтандыру ұйымдарының бірлестігі. Халықаралық- ұлттық және аймақтық сақтандыру рыногының жиынтығы.

2. Сақтандыру ұйымдарының арасында делдалдық қызметті сақтандыру брокері мен сақтандыру агенті атқарады. Сақтандыру брокері- сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Қызметі: ерекше қызмет түрі болып табылады және мемлекеттік органнан лицензия алуы тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру шарты бойынша уәкілеттігі мен жауапкершілігін сақтандырушының талаптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді. Сақтандыру брокерінің жарғылық капталы ең аз мөлшеріне және оның қызметінің өзге де жағдайларына қойылатын талаптар ҚР-ның заңдарымен белгіленеді. Сақтандыру ұйымының төлеу қабілеттігі болмаса, органдарға хабарлау керек. Сақтандыру агент берілген өкілетіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру агентінің сақтандыру рыногында делдалдық қызметті жүзеге асыруға сақтандыру ұйымының құжаттарымен белгіленеді. Сақтандыру ұйымының өзінің атынан сақтандыру агенті, сақтандыру ұйымынан алған өкілеттік негізінде жасаған шарты бойынша қабылданған міндетерді сақтандыру ұйымының өзі қабылдаған тікеелей міндеттемелері ретінде қабылдайды.

3. Сақтандыру рыногын дамытудың негізгі проблемалары:

1. жеке сақтандыру, оның ішінде өмірлік сақтандыруды дамыту.

2. сақтандыру қызметтеріне таңдаудың жоқтығы және шектеулілігі(бұрынғы сақтандыру түрлерінің болуы)

3. халықтың сақтандыру мәдинетінің төмендігі

4. сақтандыру статаистикасындағы интегралдық жүйелердің жоқтығы

5. міндетті сақтандыру жүйесін дамытуға мүмкіндік беру.

6. сақтандыру рыногы жаңа инфрақұрылым құру мүмкіндігі

7. кәсіби мамандардың жетіспеушілігі

8. сақтандыру қызметтерін реттеу және қадағалау принциптерін жетілдіру мүмкіндіктері.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Сақтандыру рыногының құрылымына сипаттама.

2. Сақтандыру брокері мен агентінің қызметі.

3. Сақтандыру рыногын жетілдіру жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. ҚР-ның Заңы «Сқтандыру қызметі туралы» 18.12.00 ж.

2. Архипов А.П. Страхование: Современный курс / А. П. Архипов, В. Б. Гомелля, Д. С. Туленты. - М.: Финансы и статистика, 2006 ж. - 416 б.

3. Никулина Н.Н. Страхование: теория и практика: учеб. пособие / Н. Н. Никулина, С. В. Березина. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 ж- 511 б.

4. Страховое дело. Учебник под ред. проф. Рейтмана Л.И. – Москва, 2012 ж.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Алматы, 2001 ж.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 542 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.026 с)...