Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрігер төмендегі жансыздандырудың қайсысын жасады?



А) Иек жансыздандыруы;

В) + Үстірттік жансыздандыру;

С) Инфильтрациялық;

D) Мандибулалық (саусақ тәсілі);

Е) Мандибулалық (саусақсыз тәсіл).

Тісті жұлу үшін дәрігер науқастың оң жағынан мандибулалық жансыздандыру жасады. Жансызданудың белгілері пайда болған соң дәрігер тісті жұлуға кірісті. Тегістегішпен қызыл иекті сыдырған кезде ұрт жағынан ауру сезім пайда болды.

Төмендегі нервтердің қайсысы жансызданбай қалды?

А) Тіл нерві;

В) +Ұрт нерві;

С) Иек нерві;

D) Төменгі ұяшықты нерв.

Е) Дабыл шегі нерві.

92. Әйел кісі бір апта бұрын жұлынған тісінің орны ауыратынын шағымдап келді. Алдында сыздап ауырып, кейін ауыру сезім күшейіп, құлаққа самайға беріле бастаған. Бет әлпеті симметриялы, төменгі жақ асты лимфа бездері ісінген ауырмалы. 4.7 тістің ұяшығы іріңдеген, 4.7, 4.6 тістердің тұсындағы қызыл иек қызарғарып ісінген. 4.6 тіс сау тек қаққанта аздап ауырады.

Төмендегі нақтамдардың қайсыс сай келеді?

А) 4.7тістің ұяшығының қабынуы;

В) 4.7 тістің ұяшығының остеомиелиті;

С)4.7 тістің ұяшықты нертің невриті.

D)4.6 тістің созылмалы периодонтиті;

Д) 4.7 тістің тұсындағы абсцесс.

93. Тісін жұлдыруға келгенжігіттің жансыздандыру жасалған соң 1-2 минуттан кейін көкірегі қысылып, өлім қатері пайда болды. Беті бозарып, ерні көгере бастады, көздері шүңірейіп, қарашығы кеңейіп кетті. Сұрақтарға жауап бермейді. Тамыр соғысы әлсіз, сирек А/Қсн.бағ. 50/10 мм. Жиі әрі беткей тыныс алады.

Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді.

А) Естен тану;

В) Талықсу;

С) Ауырмалы шок;

D) идиосинкразия;

Е)+анафилактикалық шок.

94. Ер кісінің 2.4 тісін жұлу кезінде ұрт түбірі сынып кетті. Тіс жұлу операциясының қай кезең дұрыс орындалмады?

А) 1-кезеңі;

В) 2-кезеңі;

С) 3-кезеңі;

D) +4-кезеңі;

Е) 5-кезеңі.

95.2.7 тісін жұлғаннан кейін науқас ауызынан мұрнына және кері бағытта ауаның шығатынын байқады. Тексеру барысында ұяшықтан қанды ірің көп мөлшерде ағып тұрғаны анықталды. Мұрын ауыз және ауыз мұрын сынақтары оң.

Осы жағдайға төмендегі емдердің қайсысы шипалы болады?

А) 2.7 тістің ұяшығын тігу;

В) 2.7тістің ұяшығын қыру;

С) +2.7 тістің ұяшығын таза сушыққанша жуу.

D) 2.7 тістің ұяшығын трапеция тәрізді қиықпен жабу;

Е) 2.7 жоғарғы жақ қуысын ұяшық арқылы жуу.

96. 20 жасар жігіт ауызын санациялау мақсатымен келді. 4.7 тіс толығымен бұзылған. Сондықтан оны мандибулалық және инфильтрациялық жансыздандырулармен жұлу жоспарланды. Тісті жұлу кезінде медиалды түбірі сынып кетті. Оған қысқыш салу мүмкін болмады.

Төмендегі құралдардың қайсымен сынған түбірді алуға болады?

А) Тік элеватор;

В) Леклюз элеваторы;

С) Бұрыштық «өзіме» элеватор;

D) + Бұрыштық «өзімнен» элеватор;

Е) Шар тәрізді бормен алу.

97. Төмендегі бұлшық еттердің қайсысы артқы шайнау еттердің тобына жатады?

А) +Самай еті;

В) Жауырын-тіласты;

С) Жақ -тіласты;

D) Иек- тіл;

Е) Тіл асты-иек.

98. Төмендегі шайнау еттерінің қайсысы алдыңғы топқа жатады?

А) Ұрт;

В) Самай;

С) Шұлғу;

D) + Жақ - тіласы;

Е) Меншікті шайнау.

99. Клиникаға жағдайы ауыр науқас жеткізілді. Тексеру барысында дәрігер науқастың дауысының қырылдап шығып тұрған көріп флегмонаның орналасу жерін нақты анықтады. Төмендегі флегмоналардың қайсысы кезінде науқастың дауыс қырылдап шығады?

А) Тіл түбірі флегмонасы;

В) Ауыз қуысы түбінің флегмонасы;

С)+Жұтқыншақ маңы флегмонасы;

D)Баспа маңы абсцессі;

Е) Қанат тәрізді кеңістіктің флегмонасы.

100. Әйел кісі төменгі жақсүйегінің сол жақ тісінің оқтын оқтын бірнеше ай бойы қатты ауыратынын шағымдап келді. Тексеру барысында 3.6 ашасы ашылып қалған. 3.6 тістің шайнау бетінде плоба бар. Қаққанда аздап ауырады. Ауыз қуысының шырышты қабығы ақшыл қызыл түсті. Ренген суретінде тістің ашасы маңында шекарасы анық сүйек тінінің сорылған ошағы анықталады. Екі өзегі де пломбаланған.

Төмендегі операцилардың қайсысы шипалы болады?

А) Тісті жұлу.

В) Тіске реплантация жасау;

С) Тіс түбіріне ампутация жасау;

D) Түбір ұшын кесу;

E) + Сауыт пен түбірді кесіп ажырату.

101.Әйел кісі жоғарғы жақ сүйегіндегі тісінің бір жыл бойы сыздап ауыратынына шағымданып келді. Тексеру барысында 1.6 тіс пломбаланған, мықты, тек осы тістің тұсындағы ұяшықты өсіндіде аздаған сему байқалады. Қаққанда аздап ауырады. Шырышты қабық ақшыл қызыл түсті. Рентген суретінде дисталды түбірінің ұзына бойында шекарасы анық емес сорылу ошағы анықталады. Барлық түбірлері пломбаланған.

Төмендегі операцилардың қайсысы шипалы болады?

А) Тісті жұлу.

В) Тіске реплантация жасау;

С) + Тіс түбіріне ампутация жасау;

D) Түбір ұшын кесу;

E) Сауыт пен түбірді кесіп ажырату.

102.Әйел жоғарғы жақ сүйегінің оң жаңындағы тісінің жарты жыл бойы сыздап ауырып жүргеніне шағымданып келді. Тексеру барысында 2.3 тіс пломбаланған, мықты, тісті қаққанда қатты ауырады. Шырышты қабық ақшыл қызыл түсті. Рентген суретінде тіс түбірінің ұшы маңындағы сүйек тінінде шекарасы анық пішіні домалақ диаметрі 1,5 см сүйек тінінің сорылған ошағы анықталды. Түбір өзектері пломбаланған.

А) Тісті жұлу.

В) Тіске реплантация жасау;

С) Тіс түбіріне ампутация жасау;

D) +Түбір ұшын кесу;

E) Сауыт пен түбірді кесіп ажырату.

103.25 жастағы жігіт тілінің үлкейгеніне, тілді қозғағанда сөйлегенде ауыру сезімнің үдейтініне, сөзі түсініксіз. Объективті беті симметриялы, төменгі жақасты лимфа түйіндері аздап ұлғайған ауырады, сілекейі ауызынан ағыт тұр, тілдің арқасын басқанда ауыратын сіңбе анықталады.

Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?

А) Тіл обыры;

В) Қатты шанкр;

С) +Тіл абсцессі;

D) Тіл флегмонасы;

E) Тіл актиномикозы.

104. Клиникаға «Қанат төменгі жақсүйегі аймағының 3.7 тістен дамығанодонтогендік флегмонасы» деген нақтаммен түскен әйел келіп түсті. Дәрігер себепші тісті жұлып, флегмонаны төменгі жақтың төменгі қырынан 2 см іш жағына қарай әрі оған паралелльді тілік жасап ашты да жараға қашыртұы қойды. Антибактериалық, десенсибилизациялаушы, дезинтоксикациялық емдер тағайындады.

Осы жасалған әрекеттердің ішінде қайсысын дәрігер дұрыс жасамады?

А) Остеоперфорация жасалынуы керек еді.

В) Пироцетам тағайындалуы керек еді;

С) +Тілік дұрыс жасалмады;

D) Физио ем тағайындалуы керек еді.

Е) 3.7 тісті сақтау әрекеттері жасалмады.

105. «3.8 тістен дамыған сол жақ массетер асты аймағының одонтогендік флегмонасы» деген нақтаммен түскен 30 жасар еркектің флегмонасын дәрігер төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра төменгі жақсүйегінің қырынан 2 см іш жағынан тіліп, іріңін шығарған соң, жараға қашыртқы қойды. Антибактериалық, десенсибилизацилаушы, дезинтоксикациялық емдер тағайындалды.Дәрігер қандай қателік жіберді.

А) +Себепші тісті жұлмады.

В) Трентал тағайындалуы керек еді;

С) Дұрыс тілінбеді;

D) Физиотерапия тағайындалмады.

E) Тісті сақтау әрекеттері жасалмады.

106. Қанат төменгі жақ қатпарының флегмонасын ашудың дұрыс жолын таңдаңыз.

А) Қанат төменгі жақсүйегі қатпарымен тілу;

В) Тіласты білігінің қырынан 45о та тілу.

С) Төменгі жақ сүйегінің төменгі қырына параллельді 1,5 см іш жағынан;

D)+Төменгі жақсүйгінің бұрышын айналдыра, оның қырынан 1,5-2,0см іш жағынан;

E) Жақсүйегі тіл астаушасынан төменгі жақсүйегінің денесіне қарай.

107. Төменгі жақсүйегі асты кеңістігінің флегмонасын ашу үшін қай жерден кесу керек?

А) Қанат тәрізді төменгі жақ қатпарынан;

B) Тіласты білігінің қырынан 45о та тілу.

C) + Төменгі жақ сүйегінің төменгі қырына параллельді 1,5 см іш жағынан;

D) Төменгі жақсүйгінің бұрышын айналдыра, оның қырынан 1,5-2,0 см іш жағынан;

E) Жақсүйегі тіл астаушасынан төменгі жақсүйегінің денесіне қарай.

108.Жедел сиалоадениттің лимфадениттен ең басты клиникалық белгісі болып табылады.

А) + Ісіну, қызару, шығару өзегінің ашылуы;

В) басқан кездегі ауыру және гипосаливация;

С) Дене қызуының көтерілуі және басқан кездегі ауыру;

D) Терінің түсінің өзгеруі және гипосаливация;

Е) Өзек боймен қатты ауыратн сіңбенің болуы.

109.Gаренхиматоздысиалоаденит кезінде қандай тіндер зақымданады?

А) Бездің стромасы;

В) Бездің қапшығы;

С) +Бездің паренхимасы;

D) Шығару өзектерінің жүйесі;

E) Без ішіндегі лимфабездері.

110.Интерстициалдық сиалоаденит кезінде қандай тіндер зақымданады?

А) + Бездің стромасы;

В) Бездің қапшығы;

С) Бездің паренхимасы;

D) Шығару өзектерінің жүйесі;

E) Без ішіндегі лимфабездері.

111.78 жастағы ер адамда жас және барлық сілекей бездерінің жүйелі ұлғаюы анықталды. Ауыз қуысы, көз құрғақ емес. Сілекей бездері өзекшелерінің саңылауы өзгеріссіз.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы мүмкін?

А) Шегрен синдромы

Б) +Микулич ауруы

В) Герценберг ауруы

Г) Созылмалы паренхиматозды паротит

Д) Созылмалы интерстициальды паротит

112. 45 жастағы ер адамды қараған кезде төменгі жақ асты аймағында ағаш тәрізді тығыздықтағы инфильтрат анықталды.

Ағаш тәрізді тығыздықтағы инфильтрат төменде көрсетілген қай ауруға тән?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 565 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...