Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

D) Берше-Дубов жансыздандыруы



E) Егоров жансыздандыруы.

33. Клиникаға ауырғаны үш күн болған, жұтынғанда қатты ауыратынына, ауызының шектеліп ашылатынына, әлсіздікке, дене қызуының 38 С қа дейін көтерілгеніне шағымданған еркек келді. Тексеру барысында оң жағынан төменгі жақсүйегінің бұрышы аймағының тіндері ісінген, ауырмалы сіңбе анықталады. Ауыздың қарысуы 2 дәріжелі. Ауыз қуысында оң жағынан ретромоляр аймағы мен қанат жақ қатпары ісініп, қанталап қызарған. 4.8- тістің медиалды бұдырлары ғана байқалады.

Төмендегі нақтамдардың қайсысын алдын ала қоюға болады?

A) 4.8-тістің қиналып жарып шығуы, жедел перикоронорит

B) 4.8-тістің қиналып жарып шығуы, созылмалы перикоронорит.

C) 4.8-тістің қиналып жарып шығуы, ретромолярлық үшбұрыштың абсцессі.

D) +4.8-тістің қиналып жарып шығуы, қанат төменгі жақ кеңістігініңфлегмонасы.

E) 4.8-тістің қиналып жарып шығуы, төменгі жақсүйегінің жедел остеомиелиті.

34. Ер кісі оң жағынан төменгі жақсүйегі асты аймағының қатты ауырып ісінгеніне, әлсіздікке, ұйқысының қанбағанына шағымданып келді. 7 күн бұрын оң жағынан төменгі жақсүйегі аймағында домалақ ауыратын ісік пайда болды. Осы аймақтың жұмсақ тіндері ісінген. Терең сипап тексергенде көлемі 3х3,5х3см шекарасы анық ортасында былқылдағы бар сіңбе анықталады. Ауызы еркін ашылады. 4.6- тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар. Қаққанда аздап ауырады.

Төмендегі алдын ала қойылатын нақтамдардың қайсыс сай келеді?

А) Төменгі жақсүйегі асты аймағының жедел сарысулы лимфадениті.

В) +Төменгі жақсүйегі асты аймағының жедел іріңді лимфадениті.

С) Төменгі жақсүйегі асты аймағының аденофлегмонасы.

D) Төменгі жақсүйегі асты аймағының қабыну сіңбесі.

Е) Төменгі жақсүйегі асты аймағының одонтогендік абсцессі.

35.Айел кісі үш күн бұрын жұлынған төменгі тісінің орны ауыратынына, ауыру сезімнің құлаққа берілетініне, ауызынан жағымсыз иістің шығатынына шағымданып келді. Төменгі жақсүйегі асты лимфа бездері ісінген ауырады. Ауызы еркін ашылады.Жұлынған 3.8 тістің ұяшығындағы қан шіріп кеткен, ұяшық маңындағы шырышты қабық қызарған, сипағанда ауырады.

Төмендегі алдынала қойылатын нақтамның қайсысы сай келеді деп ойлайсыз?

А)Ұяшықтың созылмалы остеомиелиті.

В) Ұяшықтың жедел остеомиелиті.

С) Ұяшықты нервтің невриті

D)Тіс плексалгиясы

Е) +Ұяшықтың қабынуы

36. 25 жасар жас жігіт жақ бет аймағыніздың хирургиясы бөлімшесінде емделіп жатыр.3 күн бұрын себетші тісі жұлынып, төменгі жақасты аймағынан тілініп іріңдң ошақ ашылды. Клиникалық тексеру кезінде науқас төс сүйегінің асты ауыратынын, әлсіздігіне,

Жөтел мен ентігудің пайда болғанына шағымданды. Науқас мәжбүр жағдайда отыр. Тахикардия, беткей тыныс алу, терісі салқын әрі бозғылт.

Төмендегі асқынулардың қайсысы дамыған деп есептейсіз?

А)Жедел бронхит

В) Септикалық шок

С) Септикалық пневмония

D)Ауыз қуысы түбінің флегмонасы.

Е) +Алдыңғы медиастинит

37. Дәрігерге келген әйел кісі мойынында түзілістің барына шағымданып келді. Тексеру барысында мойын мен төменгі жақсүйегі аймағындағы лимфа бездері ісінген бірақ ауырмайды. Ауыз қуысында патологиялық өзгерістер байқалмады. Шырышты қабығы ақшыл қызыл түсті. Тістері сау. Флюрографияда өкпесінде өзгерістер жоқ. Цитологиялық зерттеулер нәтижесінде Пирогов – Лангенхан жасушалары анықталды.

Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?

А)ЖИТС

В) Мерез

С) Лимфогрануломатоз

D) Актиномикоз лимфадениті

Е) +Туберкулез лимфадениті.

38.Жақ бет хирургиясы бөлімшесіне жас өспірім жеткізілді. Дене қызуы 39ºС. Оң жағындағы көз асты аймағының терісі қатты қызарған, аздап көтерілген. Сары су толған күлдіреуіктер бар.

Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?

A) Тілме қабынуының эритроматозды түрі.

В) Тілме қабынуының буллезді түрі.

С)+Тілменің эритроматозды-буллезді түрі.

D) Тілме қабынуының флегмоналық түрі.

Е) Тілме қабынуының өліеттенген түрі.

39. Еркісіні тексеру барысында оң жағынан төменгі жақсүйегінің денесі маңында жыланкөз анықталды. Ауыз ішінде айтарлықтай өзгерістер жоқ. 4.6 тісі тісжегімен бұзылған. Басып тексергенде 4.6 тістің түбір ұшынан басталып, жыланкөзді байланыстырып тұрған тартпа бар.

Осы клиникалық жағдайға қандай рентген көрінісі сәйкес келеді деп ойлайсыз?

A) 4.6 тістің түбір ұшында шекарасы анық сүйектің сорылған ошағы.

В) +4.6тістің түбір ұшында шекарасы анық емес сүйектің сорылған ошағы.

С) 4.5, 4.6,4.7 тістердің маңындағы ұяшықты өсіндіде сүйектің деструкцияланған аймағы.

D) 4.5, 4.6, 4.7 тістердің маңындағы ұяшықты өсіндіде қанық көлеңкеленген аймақ.

Е) Төменгі жақтың денесінің шетіне қарай орналасқан деструкция ошағы.

40.Науқас жарақат алған соң 2 айдан кейін тістерінің дұрыс қабыспайтынын, шайнаудың бұзылғанын шағымдап келді. Рентген суретінде кіші сынықтың жоғары ығысып дұрыс бітпегендігінен тістемнің бұзылғаны анықталды. Шырышты қабығында өзгерістер жоқ. Сынық бөліктерінде патологиялық қозғалыс байқалмайды.

Төмендегі алдын ала нақтамның қайсысы сай келеді?

A) Шықшыт тасбуыны

В) Төменгі жақсүйгінің денесіндегі жалған буын.

С)+Төменгі жақсүйегінің дұрыс бітпеген сынығы.

D) Төменгі жақтың жарақаттан кейінгі остеомиелиті.

Е) Шықшыт буынының жарақаттан кейінгі сорбуыны.

41.Тексерілуге келген еркісінің төменгі жақсүйегінің бұрышы мен бұтағының қалыңдағаны анықталды. Ауыз қуысында 4.6, 4.7, 4.8- тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістелген, аталған тістер қозғалмалы. Ортопантомографияда патологиялық ошақ аймағындағы сүйек тінінде жіңішке сүйек перделерімен бөлінген бірнеше қуыстың көлеңкесі анықталды. Патогистологиялық зерттеу ісіктің негізінен шаршы және цилиндр тәрізді жасушалардың қабатымен қоршалған жұлдыз тәрізді жасушалардың аралшықтарынан тұратынын анықтады.

Төмендегі алдынала қойлатын нақтамның қайсысы сай келеді?

A) +Амелобластома

В) Остеома

С) Остеид-остеома

D) Хондрома

Е) Миксома

42. Жоғарғы жақсүйегі нервін Вайсблат бойынша жансыздандыру кезіндегі бағдар болып не табылады?

А) Буын өсіндісінің ішкі беті.

В) Самай асты қырының ортасы.

С) Бетсүйегі ұяшықты қырының артқы беті.

D ) +трагоорбита сызығының ортасы.

Е) Сына сүегінің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы беті.

43.Тіс жұлу операциясы кезіндегі кездессетін асқыну.

А) гаймориттің өршуі

В) іріңді периоститтің өршуі

С) Тіс ұяшығының жедел қабынуы.

D) Жақ сүйегінің жедел одонтогенді остеомиелиті

Е)+ тіс түбірінің ұшынан сынуы

44. Алдын алу тексеру кезінде еркісінің 1.6- тісінің тұсындағы шырышты қабығының астында ауырмайтын, қатты тығыз консистенциялы, шектелген түзілістің барлығы анықталды. Мұқият бексеру барысында оның көпір тәрізді протезге тірек болып тұрған 1.6- тіспен тығыз созылмалы тартпамен байланысып тұрғаны анықталды. Шырышты қабықтың түсі өзгермеген№

Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?

А)Ұрт фибромасы

В) Ретенциялық киста

С)Биш түйіршігі

D)+Одонтогендік гранулема

E) Созылмалы лимфаденит.

45. Еркісі сол жақ ұртында ыңғайсыздықтың барын, сол жағындағытөменгі тістерінің анда санда сыздап ауыратынын, кейде ұртының да ауыратыны шағымдап келді. Ауыз қуысын тексеру барысында сол жақ ұртының тыртықтанғаны, ісініп қызарып тұрғаны анықталды. Ұрттың осы жері 2.8 және3.7 тістермен үнемі жарақаттанатыны, ал 2.8 тістің сауыты бұзылмағанымен ұрт бағытта жарып шыққаны белгілі болды. 3.7 – тіс пломбаланған, қаққанда қатты ауырады.

Төмендегі ем шаралардың қайсысы осы науқас үшін шипалы болады?

A )+2.8 тісті жұлу, 3.7 тісті емдеу.

B) 3.7 тісті жұлу, 2.8 тістің өткір қырын тегістеу.

C) 2.8 және 3.7-тістерді жұлу.

D) Ұрттың шырышты қабығына май таңбаларын таңу.

E) 2.8 тісті жұлып ұрттың осы жеріне УВЧ тағайындау.

46. Еркісінің төменгі жақсүйегіне секвестрэктомия операциясын жасау жоспарланды.Бірақ дәрігер бір күн бұрын науқасты қайта тексеріп, бұл операцияны жасауға әлі ерте деген шешім қабылдады.

Төмендегі қай клиникалық белгілер секвестрдің қалыптасуының басты белгісі болып табылады?

A) Операциядан кейінгі жарадан іріңнің тоқтауы.

B) Көптеген секвестрлердің қалыптасунан жақсүйегінің сыну қауіпінен.

C) Тістердің қозғалысының артуы, жара мен жыланкөзден іріңнің көп бөлінуі.

D) +Жыланкөзден грануляцияның шығу, рентген суретінің нәтижесі.

E) Жыланкөздің көбеюі, іріңнің көп бөлінуі, тістердің қозғалуының күшеюі.

47.Жарақат алғанына үш күн болған ер кісіні клиникаға «Төменгі жақсүйегінің сол жақ бұрышынан ауытқи сынуы» деген нақтаммен жеткізілді. Анамнезінде науқастың диспансерлік есепте «шизофрения» ауруымен тұратыны анықталды.

Осы кісіге төмендегі емдердің қайсысы шипалы болады деп ойлайсыз?

А) +Ауызіші остеосинтезі.

В) Тек консервативтік ем ғана.

С) Аппараттық және консервативтік ем.

Д) Психикалық аурудың басылуын күту.

Е) Киршнер инлерімен сынықты бекіту.

48.Еркісі сол жақ ұртының ауырып ісінгенін шағымдап келді. Тексеру барысында 2.6-2.8 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар ісініп қызарған. 2.7 тістің сауыты толық бұзылған, консервативтік емдеу мүмкін емес.

Осы тісті жұлу үшін төмендегі жансыздандырулардың қайсысы шипалы болады?

А) +Төмпешіктік және таңдай.

B)Таңдай және инфильтрациялық.

C)Таңдай және көзасты.

D)Күректістің және таңдай.

E) төмпешіктік және инфильтрациялық

49. Әйел кісінің рентгенсуретінде 2.1 тісінің тұсында терең сүйек қалтасы анықталады. Гингивотомия операциясы жасалу жоспарланды. Дәрігер 2.2, 2.1,1.1 тістердің тұсынан өтпелі қатпарға жансыздандырғыш дәрі енгізді, ал таңдай жағынан күректіс емізікшесінің негізіне инені шаншып, ол жер бозарғанша дәрі жіберді.

Дәрігер қандай жансыздандырулар жасады?

A)Үстірттік және таңдай жансыздандырулары.

B)Көзасты жансыздандыруының ішкі тәсілі.

C)Төмпешіктік және таңдай жансыздандырулары.

D) Вейсбрем бойынша жасалған жансыздандыру.

E)+ Инфильтрациялық және күректістік жансыздандыру.

50.Жол апатына түскен жас жігіт жақ бет аймағы хирургиясына жеткізілді. Үшкіл нервтің II және III бұтақтарын орталықтан жансыздандыру арқылы остеосинтез операциясы жасалу жоспарланды.

Осы жансыздандыру үшін қандай анатомиялық құрылым бағдар болып табылады?

А) +Сына сүйегінің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы беті.

В) Меншікті шайнау етінің алдыңғы қыры.

С) Самай асты қырының алдыңғы беткейі.

D) Трагоорбиталық сызықтың орта тұсы.

Е) Жоғарғы жақсүйегінің төмпешігінің артқы беткейі.

51. Еркісінің үшкіл нервінің IIжәне III бұтақтарына орталықтан жансыздандыру жасау жоспарланды. Ине шаншитын жерді көрсетіңіз.

А) Бет сүйегі доғасының астынан құлақ кекілінен 2 см алға.

В) Сына сүйегінің қанат тәрізді өсіндісі.

С) + Трагоорбиталық сызықтың ортасы.

D) Буын өсіндісінің ішкі беткейі.

Е) Самай асты қырының алдыңғы беткейі.

52. Ер кісі сол жақ ұртының ауыратыны мен ісінгеніне шағымданады.Тексеру барысында 2.6-2.8 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тесітелген және қызарған. Себепші2.7 тіс. Оның сауыт бөлігі толық бұзылған, емдеп қалыпқа келтіруге жарамсыз.

Осы тісті жұлу үшін қандай жансыздандырулар жасаған тиімді деп ойлайсыз?

А) +Төмпешіктік және таңдай.

B)Инфильтрациялық және таңдай.

C)Көзасты және таңдай.

D)Күрек тістік және таңдай.

E)Төмпешіктік және инфильтрациялық.

53. Клиникаға төменгі жақсүйегінің сол жағынан ауырғанына, сол жақ ұртының ісінгеніне шағымданған еркісі жеткізілді. Ауызы шектеліп ашылады. 3.8-3.6 тістердің сырт жағындағы шырышты қабық ісініп қатты қызарған. 3.8 тістің үстіндегі бүркенішті басқан кезде астынан ірің шығып тұр. Ақыл тістің тек екі шайнау бұдырлары ғана шығып тұр. Рентген суретінде 3.8 тіс көлденең орналасқан, медиалды бұдырларымен 3.7- тістің мойын бөлігіне жанасып тұр.

Тісті жұлып, периостотомия жасау үшін қандай жансыздандыру тиімді болады?

A) Төмпешіктік және таңдай.

B) Мандибулалық және инфильтрациялық.

C)Иек және инфильтрациялық.

D)+Берше-Дубов жансыздандыруы.

E)Үшкіл нервтің 2 бұтағын орталықтан.

54.Жас жігіт жоғарғы жақ сүйегінің сол жағынан қатты ауыратынын және сол жақ ұртының ісінгенін шағымдап келді. 2.6 тістің сауыты толығымен бұзылған. Оны жұлып периостотомия операциясын жасау керек.

Қандай нервтерді жансыздандырған дұрыс болады?

A)Жоғарғы ортаңғы ұяшықтық нервтерді.

B)Жоғарғы ортаңғы ұяшықтық және мұрынтаңдай нервтерін.

C)Жоғарғы ортаңғы ұяшықты және таңдай нервтерін.

D)Жоғарғы алдыңғы ұяшықтық және күректіс нервтерін.

E)+Жоғарғы артқы ұяшықтық және таңдай нервтерін.

55. Жас жігіт ауызын жаба алмайтынына, ауыздан сілекей ағуына, ашық тістемге шағымданады. Қатты есінегеннен кейін осы айтқан шағымдар пайда болғанын науқастың өзі айтып отыр.

Клиникалық көрініс қай аурудың белгілеріне ұқсайды?

A)Төменгі жақсүйегінің бір жақты артқа шығуы.

B)Төменгі жақтың екі жақты бұрышынан сынуы.

C)Буын өсіндісінің бір жақты сынуы.

D)Төменгі жақсүегінің біржақты алға шығуы.

E) +Төменгі жақсүйегінің екі жақты алға шығуы.

56. Еркісі 3.8 тісін жұлдырғаннан кейін үш күннен кейін ауызының нашар ашылатынын шағымдап келді. Тексеру барысында ауызы 2- дәрежеде шектеліп ашылатыны анықталды. Қабыну үрдісінің белгілері көрінбейді. Дәрігер бұл асқынуды жансыздандырумен байланысты деген шешімге келді.

Осы науқас үшін төмендегі емдердің қайсысы шипалы болып табылады?

A) Антибактериялық ем мен ЕДШ.

B) +Физиоем мен механотерапия, ЕДШ.

C) Новокаин тосқауылдары мен физиоем.

D) Антибактериялық және сәулелік емдер.

E) Антибактериялық және физиоемдер.

57. Стоматологиялық емхананың хирургиялық бөлмесінің көлемі қандай болуы керек?

А) 5 ш.м. бір креслоға және 2 ш.м. әрбір келесі креслоға.

В) 7 ш.м.бір креслоға және 5 ш.м.әрбір келесі креслоға.

С) +14 ш.м.бір креслоға және 7 ш.м. әрбір келесі креслоға.

D) 10 ш.м. бір креслоға және 7 ш.м. әрбір келесі креслоға.

E)25 ш.м. бір креслоға және 10 ш.м. әрбір келесі креслоға.

58. Иек тесігі төменгі жақсүйегінің төменгі қырынан қандай қашықтықта (мм)орналасқан?

А) 6-8

B) 10-11

C) +12-13

D) 15-17

E) 9-21

59. Стоматолог дәрігерге келген әйел кісі оң жағынан төменгі жақсүйегінің сыздап ауыратынын шағымдап келді. Ренген суретінде 4.8 тістің түбір ұшы маңында шекарасы анық сүйектік деструкцияланған ошағы анықталды. Тісті жұлу керек деген шешім қабылданды. Тісті жұлу қиын болды, жұлу кезінде сауыт бөлігі толық сынып кетті.

Осы тістің түбір бөлігін жұлу үшін қандай құрал аса тиімді болып табылады?

А) Істік тәрізді қысқышпен.

В) Құстұмсықтық қысқышпен.

С) Байонет тәрізді қысқышпен.

D)+ Леклюз элеваторымен.

E) Бұрыштық өзіме элеваторымен.

60. Жақ бет аймағының қабылдау бөліміне өзін мәжбүрлі жағдайда ұстап отырған жігітті алып келді.

Осы клиникалық белгі қай ауруға тән деп есептейсіз?

А) Ауыз түбінің флегмонасы.

В) Жұтқыншақ маңы флегмонасы.

С) Баспа маңы абсцессі.

D)+Алдыңғы медиастинит.

E) Жақ тіл астаушасының абсцессі.

61.35 жастағы әйел жақ бет аймағының хирургиясы бөлімшесіне жұтынудың қиындағанын, жұмсақ тіндердің ісінгенін, басының ауыратынын шағымдап келді. Саусақпен басып тексеру барысында ауыз қуысының түбін толық алып жатқан тығыз, қатты ауыратын сіңбе анықталды. Сіңбені ашқан соң жарадан газ көпіршіктері аралас лайлы қанды сұйықтық шықты.

Осы клиникалық көрініске төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?

A) Тіл түбірі мен тіласты аймағының флегмонасы.

B) Жұтқыншақ маңы кеңістігінің флегмонасы.

C) Тіл асты аймағының аденофлегмонасы.

D) +Ауыз түбінің іріңді өліеттенген флегмонасы.

E) Иек асты аймағының флегмонасы.

62.40 жастағы еркісі жақ бет аймағының хирургиясына ауызын шайқаған кезде сұйықтықтың мұрнынан шығатынына, ұртын үрлеген кезде мұрнынан ауаның шығатынына шағымданып келді.

Төменгі нақтамдардың ішінен осы клиникалық есепке сай келетінін таңдаңыз.

A) Жоғарғы жақ қуысының жедел іріңді қабынуы.

B)Жоғарғы жақ қуысының риногендік қабынуы.

C)+ Жоғарғы жақ қуысының түбінің тесілуі.

D) Жоғарғы жақ қуысының сары сулы қабынуы.

E) Жоғарғы жақ қуысының одонтогендік қабынуы.

63. Жақ бет аймағының қабылдау бөлімінде ауыз қуысының түбінің одонтогендік флегмонасы ашылды. Операция кезінде науқас бірден тұншыға бастады.

Тұншығудың қай түрі дами бастады?

А) Обтурациялық.онная

В) Клапан дық.

С) +Стенотикалық.

D) Аспирациялық.

E)Дислокациялық.

64.37 жасар ер кісі ауызын ашқанда, тамақ жегенде, сөйлегенде құлақ маңы аймағының ауыратынын шағымдап келді. Объективті тексеру барысында құлақ алды аймағының ауыратыны, ауыздың 1,5 см ғана ашылатыны анықталды. Шықшыт буынын сипап тексергенде ауырады.

Төменгі нақтамдардың ішінен осы клиникалық есепке сай келетінін таңдаңыз.

A) Сыртқы есту жолының абсцессі.

B)Жедел іріңді паротит.

C) Құлақ маңы шайнау аймағының флегмонасы.

D)+ Шықшыт буынының қабынуы.

E) Герценбергауруы.

65. Жақ бет аймағының хирургиясы бөлімшесіне шықшыт буыны аймағы ауызды ашқанда, тамақ шайнағанда, сөйлегенде қатты ауыратынын және аурудың самай мен шүйдеге берілетінін шағымданған 27 жасар еркісі келді.Шайнау еттерін сипап тексергенде ауырады. Ауызы 2,5 см ашылады. Ауызын ашқан кезде төменгі жақ сүйегі оңға ығысады. Ауыз қуысында төменгі азу тістері екі жағынанда жоқтығы анықталды.

Объективно определяется боль при пальпации жевательных мышц. Рот открывается на При открывании определяется девиация нижней челюсти вправо.В полости рта отсуствует большие коренные зубы нижней челюсти с обеих сторон..

Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?

A) Төменгі жақсүйегінің қарысуы.

B)Шықшыт сорбуыны.

C) Шықшыт шорбуыны.

D) +Шықшыт буынының ауырмалы дисфункциясы.

E) Төменгі жақсүйегінің буын өсіндісінен сынуы.

66. Төменгі жақсүйегі нервіне орталықтан жансыздандыру кезінде нысана көзі болып табылады.

А) Ұйқы тесігі;

B) Домалақ тесік;

C) Біз тәрізді өсінді;

D) + Сопақ тесік;

E) Көзасты тесігі.

67. Төмендегі тесіктердің қайсысы жоғарғы жақсүйегі нервін орталықтан жансыздандыру кезінде нысана көзі болып табылады?

А) Ұйқы тесігі;

B) +Домалақ тесік;

C) Біз тәрізді өсінді;

D) Сопақ тесік;

E) Көзасты тесігі.

68. Төмендегі қай жансыздандыруларды жасаған кезде тіл, төменгі ұяшықты, ұрт нервтері жансызданады?

А) Берше жансыздандыруы.

B)+Үстірттік жансыздандыру.

C) Иек жансыздандыруы.

D)Мандибулалық жансыздандыру.

E) Инфильтрациялық жансыздандыру.

69. Төмендегі қай жансыздандыруларды жасаған кезде төменгі ұяшықты нервтің қозғалтқыш бұтақтары жансызданады?

А) Берше жансыздандыруы.

B)+Үстірттік жансыздандыру.

C) Иек жансыздандыруы.

D) Мандибулалық жансыздандыру.

E) Берше Дубов жансыздандыруы.

70. Төмендегі анатомиялық құрылымдардың қайсысы төмпешіктік жансыздандыру кезінде негізгі бағдар беруші болып табылады?

А) Буын өсіндісі;

B) Қанат таңдай шұңқыры;

C) Трагоорбиталық сызық;

D) +Бетсүйегі ұяшықты қыры.

E)Екінші азудың тұсындағы өтпелі қатпар.

71. Көз асты жансыздандыруын жасаған кезде қай ұяшықты нерв жансызданады?

А) Жоғарғы артқы ұяшықтық.

B) Жоғарғы ортаңғы ұяшықтық.

C) Жоғарғы бүйір ұяшықтық;

D) Төменгі ұяшықтық нерв.

E) +Жоғарғы алдыңғы ұяшықтық.

72. 40 жастағы әйел 3.8 тісін жұлғаннан үш күннен кейін ауызының шектеліп ауырып ашылатынына шағымданып келді. Ине шаншыған жер мен жансыздандырған аймақта қабыну үрдістерінің белгілері жоқ.

Науқаста қандай асқыну дамыған деп ойлайсыз?

A) Шықшыт буынының сорбуыны.

B) Қабыну дан болған қарысу.

C) Төменгі ұяшықты нервтің қабынуы.

D) + Инъекциядан кейінгі қарысу.

E) Бет нервінің невропатиясы.

73. Хирургиялық стоматологиядағы жансыздандырулар кезінде инъекциядан кейінгі ауыру сезімдердің дамуына төмендегілердің қайсысы себеп бола алмайды.

А) Нерв талшығының инемен жарақаттануы.

В) + Анестетикті жұмсақ тіндерге егу.

С) Иненің кесігімен сүйек қабын жарақаттау.

D) Инемен бұлшық еттердің сіңірін жарақаттау.

Е) Сүйек қабы астына көп мөлшерде дәрі жіберу.

74.Төмендегі жергілікті жансыздандырғыштардың қайсысы күрделі эфирлер тобының өкілі болып табылады?

А) Лидокаин;

В) + Новокаин;

С) Тримекаин;

D) Септанест;

Е) Ультракаин.

75.75 жастағы ер кісінің 3.7 тісін жұлу мақсатымен жергілікті өткізгіштік жансыздандыру жасалды. Бір минуттай уақыт өтісімен науқас бозарып, салқын жабысқақ тер басып, еріндері көгеріп, қан қысымы сн.бағ.70 те 40 мм төмендеп, тамыры жиі әлсіз соғып жағдайы нашарлай бастады. Науқас қойған сұрақтарға жауап береді.

Қандай асқыну дамыды деп ойлайсыз?

А) Естен тану.

B) +Талықсу;

C) Диабеттік кома.

D) Анафилактикалық шок.

E) Гипертониялық криз.

76. 50 жастағы әйел кісі стоматологиялық емханаға ауыз қуысын санациялау мақсатымен келді. Көрсеткішіне байланысты сау 3.3 және 3.4 тістерін жұлу керек.

Қандай нервтерді тежеу керек?

А) Иек нервін.

В) Төменгі ұяшықты нервті.

С) Иек және тіл нервтері.

D)+Төменгі ұяшықты және тіл нервтері.

Е) Төменгі ұяшықты, ұрт, тіл нервтері.

77. 50 жасар еркісінің протез салу мақсатымен бұзылған 3.5, 3.6 тістері жұлыну керек. Қандай нервтер жансыздануы керек?

А) Иек нервін.

В) Төменгі ұяшықты нервті.

С) Иек және тіл нервтері.

D)+Төменгі ұяшықты және тіл нервтері.

Е) Төменгі ұяшықты, ұрт, тіл нервтері.

78. Еркісінің жоғарғы жақ сүйегіннің 2.1 тіснен дамыған радикулалық кистасы деген нақтам бойынша, тістің түбір ұшын кесіп, цистоэктомия операциясын жасау керек.

Операция дұрыс жасалу үшін қандай жансыздандырулар жасалуы керек?

А) Күрек тістік;

В) Көзасты жансыздандыруы;

С) Инфильтрациялық және күрек тістік;

D) + Көз асты және күрек тістік;

Е) Көз асты және инфильтрациялық.

79.Ер кісіге Төменгі жақсүйегінің 4.3 тістен дамыған радиулалық кистасына операция жасалуы керек. Тіс бұрын бірнеше рет емделген және сауыты қатты бұзылған.

Осы тістіжұлып түбір ұшы кистасын алу үшін қандай нервтерді жансыздандыру керек?

А) Төменг ұяшықтық;

В) Иек жансыздандыруы;

С) Иек және тіл жансыздандыруы;

D)+Төменгі ұяшықтық және тіл;

Е) Төменгі ұяшықтық, ұрт, тіл.

80. 44 жастағы еркісінің 2.3 тістен дамыған жоғарғы жақ сүйегінің радикулалық кистасы дамыған. Түбір ұшын кесіп, кистасын алу үшін жасалған мандибулалық жансыздандыру кезінде қандай нерв талшықтары жансызданады?

А) Жоғарғы алдыңғы альвеолалық нервтер.

В) Жоғарғы ортаңғы альвеолалық нервтер.

С) Жоғарғы алдыңғы альвеолалық және таңдай нервтер.

D) Жоғарғы ортаңғы альвеолалық және таңдай нервтері.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 620 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.049 с)...