Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экологиялық-эконмикалық тұрғыдан алғанда күн радиациясы қандай табиғи ресурстар тобына жатқызылады?



1. сарқылмайтын (таусылмайтын);

2. қалпына келетін;

3. сарқылатын (таусылатын);

4. қалпына келмейтін;

5. салыстырмалы түрде қалпына келетін.

12. Биосфераның тірі затына қандай қызмет (функция) тән:

1. вулкандық;

2. тектоникалық;

3. климатық;

4. энергетикалық;

5. бұзушылық.

13. Биосфераның тірі затының қызметінің негізінде не жатыр:

1. күн мен түннің ауысуы;

2. табиғи апаттар;

3. әлемдік мұхит суының химиялық құрамы;

4. атмосфераның химиялық құрамы;

5. заттардың биотикалық айналымы.

14. Экологиялық сукцессия нәтижесінде:

1.таулар түзіледі;

2.климакстық қауымдастық қалыптасады;

3.материктердің пішіні өзгереді;

4.найзағай разрядтары пайда болады;

5.жауын-шашын түседі.

15. Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

1. Биосферада жүретін процестердің бәрі термодинамика заңдарына бағынады;

2. Биосфера ашық жүйе;

3. Биосфераның тірі заты Жердің бүлінген территорияларын қалпына келтіре алмайды;

4. Биосфераның тірі заты энергетикалық пайдалы қазбаларды түзген;

5. Биосфераның тірі заты Жер эволюциясы барысында атмосфераны қалыптастырды.

Вариант

1. «Адамның қоршаған ортасы» ұғымы қандай, бір-бірімен байланысты, екі бөлімнен (компонеттен) құралады:

1. Табиғи және қоғамдық ортадан;

2. Атмосферадан және гидросферадан;

3. Атмосферадан және литосферадан;

4. Жанды және жансыз ортадан;

5. Материалдық және рухани ортадан.

2. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын және жоғарғы географиялық ендіктерге қарай жылжыған сайын, өсімдік жамылғысының ұқсас сипатта өзеруінің бір себебі:

1. таулардың басын және жоғарғы географиялық ендіктерді үнемі бұлт басып жатады;

2. теңіз деңгейінен биіктеген сайын және жоғарғы географиялық ендіктерге қарай жылжыған сайын қоршаған ортаның температурасы төмендейді;

3. теңіз деңгейінен биіктеген сайын және жоғарғы географиялық ендіктерге қарай жылжыған сайын қоршаған ортаның температурасы өзгермейді;

4. теңіз деңгейінен биіктеген сайын және жоғарғы географиялық ендіктерге қарай жылжыған сайын қоршаған ортаның температурасы артады;

5. теңіз деңгейінен биіктеген сайын және жоғарғы географиялық ендіктерге қарай жылжыған сайын қоршаған ортаның температурасы күрт өзгереді;

3. Эврибионттарға қандай организмдер жатады:

1. тек судың тұздылығына ғана толеранттылық ауқымы кең;

2. тек атмосфералық қысымға ғана толеранттыдық ауқымы кең;

3. негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы кең;

4. тек азыққа байланысты ғана толеранттылық ауқымы кең;

5. негізгі факторлардың көпшілігі бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер.

4. Популяция гомеостазисы дегеніміз, бұл:

1. популяция санының белгілі бір деңгейде сақталуы;

2. популяцияның өсімталдығының төмендеуі;

3. популяция санының өсуі;

4. популяция санының реттелуі;

5. популяцияның қоршаған ортамен әсерлесуі.

Бір организм басқа түрге жататын организмнің қоректік заттары есебінен қоректенетін, немесе ұлпаларымен қоректенетін популяция аралық байланыстардың түрі қалай аталады?

1. жыртқыштық;

2. паразитизм;

3. мутуализм;

4. комменсализм;

5. антибиоз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 590 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...