Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Биосфераның жанды затының (биомассасының) негізгі бөлігін организмдердің қай тобы құрайды?



1. жануарлар;

2. саңырауқұлақтар;

3. өсімдіктер;

4. планктон;

5.бактериялар.

7. Урбанизация дегеніміз – бұл:

1. қала халқының ауылды жерлерге көшуі;

2. қала халқының санының өсуі;

3. салауатты өмір салтың уағыздау;

4. ауылды жерлерде қатынас пен байланыс жүйелерін дамыту;

5. Қазақстан экономикасының дамуы.

8.Популяцияның негізгі статикалық сипаттамаларының бірі (неғұрлым дұрыс жауапты таңдап алыңыз):

1. тыныс алу қарқыны;

2. фотосинтез қарқыны;

3. саны мен тығыздығы;

4. өмір ұзақтығы;

5. зат алмасу қарқыны.

9.Сулық экожүйеде редуценттер қызметін қандай организмдер атқарады:

1. бір жасушалы балдырлар;

2. жыртқыш балықтар;

3. жіпше балдырлар;

4. бактериялар;

5. гүлді өсімдіктер.

10. Далалық экожүйеде екінші қоректік деңгейді қандай организмдер құрайды:

1. қояндар;

2. қасқырлар;

3. селеу;

4. жыртқыш құстар;

5. түлкілер.

Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы паразитизм құбылысын түр аралық қатынастар тұрғысынан қарағанда неғұрлым дәл және толық сипаттайды?

1. паразитизм деп бір түр екінші түрді азық көзі ретінде пайдаланатын, бірақ бір сәтте өлтірмейтін түр аралық қарым-қатынас формасын (түрін) айтады;

2. паразитизм деп бір түр екінші түрмен тіршілікке жарамды орын үшін бәсекелесетін түр аралық қарым-қатынас формасын (түрін) айтады;

3. паразитизм деп бір түр екінші түрді азық көзі ретінде пайдалана отырып жемтігін бір сәтте өлтіретін, түр аралық қарым-қатынас формасын (түрін) айтады;

4.паразитизм деп бір түр екінші түрге пайда келтіретін түр аралық қарым-қатынас формасын (түрін) айтады;

5. празитизм деп бір түр екінші түрдің ықпалына еш жауап қайтармайтын түр аралық қарым-қатынас формасын (түрін) айтады.

12. Бастапқы сукцессия – бұл қандай процесс:

1. тыңайған жерлерде климакстық қауымдастықтың қалыптасуы;

2. жер бедерінің өзгеруі;

3. қорым тастарда өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуы;

4. өзен арнасының өзгеруі;

5. зиянкестер популяциясының қауыр көбеюі.

13. Биосфераның тірі затының деструкциялық (ыдыратушылық) қызметінің мәні:

1. организмдердің денесінде әртүрлі химиляқ элементтердің жинақталуы;

2. органикалық заттардың бейорганикалық заттардан синтезделуі;

3. өлі органикалық заттардың және минаралдық таукен жыныстарының ыдыратылуы;

4. жарық энергиясының химияляқ байланыстар энергиясына айналуы;

5. өсімдіктер дүниесінің түр әралуандылығының артуы.

14. Жердегі тіршілік пионерлері:

1.құстар;

2.балықтар;

3.алғашқы өсімдіктер;

4.шөптесін өсімдіктер;

5.бактериялар.

15. Сулық экожүйелерді мекендейтін организмдер үшін бастапқы энергия көзі ол:

1.жел энергиясы;

2.жер қойнауының жылуы;

3.күн нұры;

4.изотоптардың радиоактивті сәулелері;

5.мұхит суының толысуы мен қайтуының энергиясы.

Вариант

1. Аутэкология – экологияның мына мәселелерді зерттейтін бөлімі:

1. популяция санының өздігінен реттелу процестерін;

2. популяциялардың негізгі сипаттамаларын;

3. жеке бір организмнің қоршаған орта факторларына бейімделуін;

4. тірі организмдер қауымдастығындағы түр аралық қарым-қатынастарды;

5. тірі заттың биосферадағы таралуын.

2. Көне адам биосферада қай эрада пайда болды:

1. Кайнозой;

2. Мезозой;

3. Архей;

4. Протерозой;

5. Палеозой.

3. Мөлшері түрдің төзімділік шектерінен шығып кететін экологиялық фактор қалай аталады:

1. қосалқы фактор;

2. оңтайлы (оптималды) фактор;

3. қажетті фактор;

4. лимиттеуші (шектеуші) фактор;

5. тұрақтандырушы фактор.

4. Популяция саны дегеніміз, бұл:

1. популяция құрамындағы әртүрлі жынысты дара организмдердің ара салмағы;

2. аудан бірлігіне шаққандағы дара организмдердің орташа саны;

3. популяция құрамындағы дара организмдердің жалпы саны;

4. популяция құрамындағы әртүрлі жастық топтарға жататын органимдердің саны;

5. бір аналықтың бүкіл өмірі бойында берген ұрпақтарының саны.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 941 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...