Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бейорганикалық қосындылардан органикалық зат түзе алмайтын организмдер қандай топқа жатады?



1. продуценттерге;

2. автотрофтарға;

3. гетеротрофтарға;

4. хемотрофтарға;

5. фототрофтарға.

4. Қандай популяцияларда пострепродуктивтік жастағы организмдер популяцияның басым бөлігін құрайды:

1. шапшаң өсіп келе жатқан популяцияларда;

2. саны біршама тұрақталған популяцияларда;

3. саны кеміп келе жатқан популяцияларда;

4. санының өзгеруінде айқын заңдылық байқалмайтын популяцияларда;

5. өсу жылдамдығы нольге тең популяцияларда.

5. Ыстық климат жағдайында егістік жерлерді шамадан тыс суарудың салдары қандай болады:

1. Топырақты сор басады;

2. Атмосферадағы СО2 мөлшері өзгереді;

3. Атмосферадағы оттегінің мөлшері артады;

4. Қазба байлықтардық қоры жинақталады;

5. Топырақ құнарлығы артады.

6. Ноосфера дегеніміз – бұл:

1. организмдердің Жердегі тіршілік ету сферасы;

2. жағымсыз антропогендік әсердің сферасы;

3. адамның саналы әрекетінің сферасы;

4. Жердегі өткен дәуірлердегі тіршіліктің сферасы;

5. адамның тіршілік ету сферасы.

7. Синэкология нені зерттейді:

1. климаттық факторлардың орман қауымдастығының түр құрамына ықпалын;

2. температураның табиғаттағы заттар айналымына әсерін;

3. күн ұзақтығының жануарлардың азықты қажет етуіне әсерін;

4. жеке бір организмнің зат алмасу қарқынына ауаның химиялық құрамының әсерін;

5. сүтқоректі жануарлардың терісінің құрылыс ерекшеліктерін.

8.Экологиялық өлім-жітім дегеніміз -бұл:

1. дара организмдердің ең қолайлы (идеалды) жағдайларда опат болуы;

2. организмдердің өздерінің физиологиялық жағдайының нәтижесінде ғана опат болуы;

3. организмдердің ортаның нақты жағдайларында опат болуы;

4. организмдердің ортаның экстремалды (төтенше) жағдайларында ғана опат болуы;

5. организмдердің табиғи апаттар нәтижесінде қаза болуы.

Жыл сайын миллиондаған уылдырық шашатын бекіре тұқымдас балықтарға тірі қалу қисық сызықтарының қандай пішіні (формасы) тән?

1. ойық;

2. дөңес;

3. тік көлбеу сызық;

4. сатылы;

5. аталғандардың қисық сызық формаларының бірі де сәйкес келмейді.

10. Ормандық экожүйенің екінші қоректік деңгейін қандай организмдер иеленеді:

1. еліктер;

2. шөптесін өсімдіктер;

3. бұта тәріздес өсімдіктер;

4. ағаштар;

5. жыртқыш аңдар.

Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы симбиоз құбылысын түр аралық қатынастар тұрғысынан қарағанда неғұрлым дәл және толық сипаттайды?

1. бір түр екіншісін азық көзі ретінде пайдаланатын түр аралық қарым-қатынас формасы (түрі).

2. қандай-да бір шектеулі ресурс үшін бір түр екінші түрмен бәсекелестікке түсетін түр аралық қарым-қатынас формасы (түрі);

3. бір түр екіншісін өлтіріп, азық көзі ретінде пайдаланатын түр аралық қарым-қатынас формасы (түрі);

4. әсерлесуден екі түр де пайда көретін түр аралық қарым-қатынас формасы (түрі);

5. бір түр екінші түрдің ықпалына еш жауап қайтармайтын түр аралық қарым-қатынас формасы (түрі).

12. Биоценоз ненің құрамдас бөлігі:

1. жердің озон қабатының;

2. экожүйенің;

3. химия өндірісінің;

4. автомибильдер шығатын газдардың;

5. минеральды тыңайтқыштардың.

13. Биосфераның тірі затының жинақтаушылық (концентрациялаушы) қызметінің арқасында:

1. химиялық элементтер организмдерден босап шығады;

2. органикалық заттардың құрамындағы энергия босап шығады;

3. жерге жауын-шашын түседі;

4. шөгінді тау жыныстарының кендері түзіледі;

5. фотопериодизм құбылысы іске асады.

14. Биосферадағы ең өнімділігі жоғары экожүйе болып табылатын:

1.шөл;

2.тундра;

3.тропикалық орман;

4.тайга;

5.жартылай шөл.

15. Биосферадағы тірі заттың қызметін анықтаған:

1.А.Гумбольт;

2.Э.Зюсс;

3.В.И.Вернадский;

4.Дж.Бернал;

5.А.Тенсли.

Вариант

1. Төменде өкрсетілгендердің қайсысы дәстүрлі энергия көздеріне жатпайды:

1. Мұхиттың толысу және қайту энергиясы

2. Мұнай және газ;

3. Таскөмір және ағаш отын;

4. Жел энергиясы және таскөмір;

5. Күн энергиясы және газ;

2. “Экожүйе” терминін алғаш енгізген:

1. А.Тенсли;

2. Ю.Либих;

3. Ч.Дарвин;

4. Э.Геккель;

5. В.Сукачев.

3. Стенобионттарға қандай организмдер жатады:

1. судың тұздылығына толеранттылық ауқымы тар организмдер;

2. судың тұздылығына толеранттылық ауқымы кең организмдер;

3. ауа температурасына толеранттылық ауқымы тар организмдер;

4. ауа температурасына толеранттылық ауқымы кең организмдер;

5. барлық экологиялық факторлар бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер.

4. Қандай популяцияларда репродуктивтік жастағы организмдер популяцияның басым бөлігін құрайды:

1. шапшаң өсіп келе жатқан популяцияларда;

2. саны біршама тұрақталған популяцияларда;

3. саны кеміп келе жатқан популяцияларда;

4. санының өзгеруінде айқын заңдылық байқалмайтын популяцияларда;

5. өсу жылдамдығы нольге тең популяцияларда.

Бір популяция немесе организм пайда табатын, ал екінші популяция бұдан пайда да таппайтын, зиян да шекпейтін популяция аралық қарым-қатынас түрі қалай аталады?

1. комменсализм;

2. мутуализм;

3. бәсекелестік;

4. протокооперация;

5. паразитизм.

6. Адамның саналы еңбегі біздің планетамыздың дамуының басты (анықтаушы) факторына айналатын Биосфераның даму сатысы қалай деп аталады?

1. техносфера;

2. антропосфера;

3. витасфера;

4. ноосфера;

5. экосфера.

7. Демэкология нені зерттейді:

1. бауырымен жорғалаушылардың эпителий ұлпаларының құрылысындағы ерекшеліктерді;

2. амфибиялардың ми жасушаларының құрылыс ерекшеліктерін;

3. популяциялардың жастық және жыныстық құрамын;

4. кеміргіштердің жекелеген дараларының жыныстық пісіп-жетілу мерзімін;

5. сүтқоректілер мен омыртқасыз жануарлардың зат алмасуындағы айырмашылықтарды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 965 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...