Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экологиялық факторлардың тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін сипаттау



Негізгі ұғымдар: Максимум, минимум, оптимум. Экологиялық факторлар, абиотикалық факторлар, биотикалық факторлар, антропогендік факторлар, лимит факторлар,
бейiмделу (адаnтацuя).

Тiршiлiк ортасы дегенiмiз - тап сол ағза өмip сүретін тipi және өлi табиғат жағдайларының жиынтығы, Тiршiлiк ортасы ұзақ уақыт өзгерiссiз қалады немесе үнемі өзгерiп, ол өзгерiстерге ағзаны бейiмделуге мәжбүр етеді.. Тipi агзаларга тікелей де, жанама да ықпал ететін тiршiлiк ортасының құрамбөліктері мен факторлары экологиялық факторлор деп аталады. Олар мынадай үш топқа бөлiнедi: абиоздық, биотикалы және антропогендi факторлар.

Абиоздық факторлар дегенiмiз - жарық, температура, ьшгалдық, топырақтың ахуалы, сулы ортасының қасиеттері мен құрамы және басқалар тәрізді өлi табиғат факторларының ЖИЫНТЫFЫ.

Биотикалық факторлор дегенiмiз - тipi табиғат факторлары, яғни тipi ағзалардың өзара әсерлесуі және олардың өлi табиғатқа ықпал жасауы.

Антропогендік факторлар дегенiмiз - бұл адамның іс әрекеті және тiршiлiк әрекеті нетижесінде пайда болып қоршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар. Кез келген дарақ, популяция немесе бiрлестiк бiр мезгiлде осы факторлардың көптеген әрекетіне ұшырайды, алайда олардың кейбіреулерiнiң ғана өмірлік маңызы болады. Ортаның мұндай факторлары
шекmеушi(лимитирующий) фактор деп аталады, Кез келген түр үшiн экологиялық факторлардың әрқайсысынан өзiне қажетті барынша көп, ең аз және қолайлы әрекет ету қарқыны болады.

Барынша көп және ең аз шама дегенiмiз - бұл тап сол ағзаның әліде тiршiлiк әрекетін жалғастыру мүмкіндігі бар орта факторының барынша және аз мөлшерде әрекет ету шамасы. Дарақтардың немесе популяциялардың өмір cүpyiнe ең қолайлы факторлар әрекетін қарқындылығы ең қолайлы немесе оңтайлы факторлор деп аталады.

Факторлардың ағзаға іс-әрекеті. Ағзаға бiр мезгiлде қоршаған ортаның көптеген факторлары ықпал етеді.Бұл ретте ағзаның алуан түрлi факторларға бейiмделгiштiгi сан түрлi болады.Бiр факторлардың қатысында ағзалар барынша шамадагы фактор әсерінің күшiнен едәуір ауытқып, кең ауқымды көндігуге (бейiмделгiштiк) ие болады.Басқа факторларға ағзалардың өзгеру бейiмдiлiгiнің онша ауқымды болмауы да мүмкін. Мұндай факторлардың барынша мол қолайлы
әрекеттен ауытқуы онша көп болмаса да ағзаның тiршiлiк әрекетін қыспаққа алады (7-сурет).

Кейбiр жағдайларда сан алуан факторлар бiр мезгiлде әрекет еткен кезде ағзаның бейiмделyiне оң әсері тиетiнi байқалады.Мысалы,белгiлi шамадағы оңтайлылыққа дейiн температураны және ылғалдықты бiр мезгiлде көтеру өсімдіктердің өcyiнe және дамуына өте қолайлы болады, сондай-ақ ол өз кезегiнде осы өсімдіктерді пайдаланатын ағзаларға да жағымдылық көрсетеді.Кей жағдайларда теріс әсер де байқалады. Мысалы, бiр мезгiлде жауын-шашын болмаған кезде
оңтайлылық жоғары температураның көтерiлуi тipi ағзаларға өлтiре әсер етеді.Осының барлығы,әр түрлi факторлардың сан алуан тұрғыда әсер ететінін көрсетеді.

Ағзаға әсер ететін негiзгi абиоздық факторлар. Tipi ағзаларға әсер ететін абиоздық факторлар ортасында жарық, температура, ылғалдық, радиацияның маңызы зор.

Жарық. Күн энергиясы - шешушi экологиялық факторлардың бiрi. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретiндердiң барлығына дерлiгiн фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен
қамтамасыз етеді, Tipi ағзалар үшiн сәуле толқынының ұзындығы оның қарқындылығы және сеулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сәулесінің спектрі үш аймаққа бөлiнедi, олар: ультракүлгiн, көрінетін және инфрақызыл сәуле шығару аймағы.

Ультракүлгін аймақ. Толқын ұзындығы 300 нанометрден (нм, 10-9м) аз күн сәулесі тірі ағзаларды өлтiрiп жiбередi.Алайда озон қабатының болуы арқасында бұл сәуленің негiзгi бөлiгi атмосферада
тұтылып қалады. Ультракүлгiн сәуле толқыны ұзынырақ болса (300- 400 нм), жер бетiне жете алады. Олардың мөлшерi (дозасы) үлкен болса, тірі жасушаларды зақымдайды. Солай болғанымен азғантай мөлшердегi ультракүлгiн сәулелендiру адамға да, жануарларға да қажет.

7-суреm. Суық климатқа бейiмделген пингвиндер.

8-суреm. Геренук киiктерi - жылуды сүйетiн жануарлар.

Атап айтқанда,ультракүлгiн сәуленің әрекетінен адам ағзасында D витаминінің белсендi формасы түзiледi.

Көрінетін сәуле. Ағзаға толқын ұзындығы 400-750нм көрінетін жарық өте көп әсер етеді. Оның энергиясы Жер бетiне жететiн күн сәулесінің жалпы энергиясының 45пайыз шамасындай болады. Жасыл өсімдіктер атап айтқанда спектрдің осы бөлiгiнiң энергиясын пайдаланып, органикалық зат синтезiн іске асырады. Көрінетін жарық тығыз бұлт және су арқылы өткен кезде азырақ сiңірілетiн болғандықтан, бұлыңғыр күнде, сондай-ақ белгiлi қалыңдықтағы су қабатында да фотосинтез жүре бередi.

Инфрақызыл(жылу) сәулелер. Бұл сәуле толқынының ұзындығы 750 нм шамасында болады. Жерге түсетін сәулелi энергияның жалпы мөлшерiнiц шамамен 45 пайызы жылу үлесiне тиедi. Адам инфрақызыл сәуленi көзбен көре алмайды, бірақ өсімдіктер мен жануарлар ұлпасының температурасын көтеретін болғандықтан, маңызы зор. Сан алуан тipi ағзалардың жарық түсу тәртiбi де сан алуан. Көртышқан, құрттар т.б. күн жарығын қажет етпейді.Түнде және iңip
қараңғысында өмip сүретін жануарлар да болады. Оларға жапалақ, жарғанат, шатырқанат (мотылек) сияқты жануарлар жатады. Жалқауаң, мүк, қырықжапырақ, iнжугүл, шегiргүл және т.б. табиғаттары көлеңкені ұнататын ағзалар болып саналады. Жарықты ұнататын ағзаларға далалық тасбақа, жолжелкен, қараған, т. б. жатады.

Температура т iршiлiк әрекетін қолдауда маңызды рөл атқарады. Өйткені ағзадағы физиологиялық үдерiстердiң барлығына осы фактордың қарқындылығы қажет. Жоғары температураға, әcipece өсімдіктер және салқынқанды жануарлар өте тәуелді, өйткені олар
дененің тұрақты температурасын сақтай алмайды. Жылықанды жануарлар (құстар, сүтқоректілер)қоршаған орта температурасының ауытқуына онша тәуелдi емес, өйткені олар дененің қажетті температурасын сақтай алады (8-сурет). Кейбір ағзалар төтенше температуралық жағдайларда өмip сүре алады. Мысалы, кейбір ұсақ ағзалар - 200"С-ге дейiнгi салқындыққа
төтеп бередi, ал бактериялардың, балдырлардың жеке түрі 80-90"С температура кезiнде ыстық қайнарда өмip сүре алады. Ағзалардың көпшілігінің жылу мөлшерi едәуiр аз ортадағы тiршiлiкке бейiмделгeнiн атап көрсеткен жөн. Кейбір ағзалар суық климатта өмір сүруге бейiмделген. Оған салқынды қалайтын жануарлар (морж, ақ аю және т. б.) және салқынды қалайтын өсімдіктер (бұғымүк және т.б.) жатады. Жануарлар мен өсімдіктердің көпшiлiгi қолайлы ортада өмip cүpeдi (аю, қоян,қайың және т.б.). Жылылық қалайтын ағзалар да бар, олар: пiл, маймыл, жайлаң, киік, пальма, какао, ананас, т. б.

Ылғалдық. Су-тірі ағзалар жасушаларына аса қажетті құрамбөлiк. Ол біқатар аса кажетті қызметтер атқарады. Сондықтан өсімдіктер мен жануарлар үшiн тiршiлiк ортасында судың жетiспеуiн шектеушi факторға айналды. Берілген орындағы флора және фауна сипаты қолайлы су мен жауын-шашынның мөлшерiне тәуелдi.Мысалы,ылғал көп болса,батпақ түзiледi де, сонымен бiрге флора және фауна өзгередi,ал көп мөлшерде ылғалдық жетiспесе, шөлге айналады.

Тipi ағзаларда эволюция үдерiсiнде ылғал тауып алуға, сақтауға және тиiмдi жұмсауға әр түрлi бейiмделу пайда болады. Мәселен, шөл жануарлары тiршiлiк әрекетіне қажетті ылғалдың барлығын қоректен алады, ал көпжылдық өсімдіктердің топырақ қабатынан ылғалдық алатын
ұзын, қуатты тамыры болады, сондай-ақ шөлде өсетін өсімдіктердің жапырақтары ылғалдықты аз буландыру үшiн күштi өзгерген.Үнемі сулы ортада мекендейтін, суда тiршiлiк ететін жануарлар: киттер, дельфиндер, балдырлар, тұңғиықтар, лотос және т. б. өмip cүpeдi.

Сондай-ақ табиғатта ылғалдықты ұнататын ағзалар да, мысалы, суда тiршiлiк ететін батпақ жануарлары мен өсімдіктері:бақа, көкқұтан, үйрек, бірқазан, ондатра, кәмшат, қамыс, қога, күрiш, т.б. өceдi. Ағзалардың көпшiлiгiне: қасқыр, түлкi, жөке, үйеңкі, қарағаш, бидай, т.б. орташа ылғалдьлық қажет. Сондай-ақ құрғақшылыққа төзiмдi ағзалар: қыршаян, жылан, кесіртке, дуадақ, түйе, өсімдіктерден сексеуiл, жантақ, жыңғыл, шеңгел және басқа да ағзалар ылғалдықтың
жетiмсiздiгiне бейiмделген.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 8321 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...