Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оректік тізбектің қарапайым сызбасын құру негізінде өндірушілерді, тұтынушыларды және ыдыратушыларды анықтау



Негізгі ұғымдар: Түзушiлер (продуценттер), тұтынушылар (консументтер), бүлдi-
рушiлер (редуценттер), экожүйе, биоценоз, экотоп, қоректік
тізбек (трофическая цепь).

Экожүйе мен зат айналымын қолдау үшiн ағзалардың мынадай үш тобы қажет: түзyшiлер, тұтынушылар, ыдыратушылар.

Түзушi.лep ( продуценты) дегенiмiз - фотосинтездi жүзеге асыратын автотрофты өсімдіктер (негізінен алғанда жоғары сатыдағы өciмдiктер). Қалған ағзалардың барлығы ағзалық заттарды өсімдіктерден және басқа автотрофты ағзалардан алады (4-сурет).

Тұтынушылар дегенiмiз - бұл гетеротрофты ағзалар. Бірінші және екiншi қатар тұтынушылары болады. Бiрiншi қатар тұтынушылары (мысалы, қой және жылқы) өciмдiктepмен қоректенеді. Eкiншi қатар тұтынушылары немесе тұтынушылары өсімдіктерді жемейдi, жануарлармен қоректенеді. Әдетте бұлар қасқыр, жолбарыс, шиебөрi тәрiздi жыртқыштар болып келедi.

Ыдыратушылар немесе бүлдірушілер бейағзалы қосылыстарға ауыстырып, өлi ағзалы заттарды тұтынады. Бүлдiрyшiлер негізінен алғанда саnpomрофmaр болып саналады. Оған ұсақ ағзалар, саңырауқұлақтар және кейбiр жануарлар жатады. Табиғатта зат айналымы қызмет істеу үшiн энергия үнемі түсiп тұруы қажет. Энергия көзі - Күн. Күн энергиясы жарық синтездеушi ағзалар арқылы ағзалық қосылыстардың химиялық байланыс энергиясына айналады.

5-суреm. Далалы орман аймағындағы қоректену тiзбегi.

Бiрiмен-бiрi қоректік қатынас арқылы байланысқан тiршiлiк иелерi қоректену тiзбегi түрiнде дайындалады және ол үшiн энергия алмасу өте маңызды болып саналады. Бұған мысал ретiнде қарапайым қоректену тiзбегiнен егістік тышқаны (мыши-полевки) жайылып жүрген шабындықты және соларды аулайтын түлкiнi келтiруге болады. Бiрлестiктегi қоректік байла-ныс дегенiмiз - бұл бiр ағзадан екiншi ағзаға энергия беру тетігі. Бiрлестiктiң әрқайсысында қоректік байланыс күрделi торапта шырмалып жатады (5-сурет). Қорекпен бiрге тұтынылатын энергияның негiзгi бөлiгi ағзалардың тiршiлiк әрекетін қолдауға кетедi де, тек аздаған бөлiгi дене құрылысына, өсуге және көбеюге жұмсалады.

Басқаша айтқанда энергияның үлкен бөлiгi тiршiлiк әрекетінің үдерiсiнде жойылып, тек энергияның аздаған бөлiгi ағзада жиналады. Энергетикалық өзара қатынас түзушiлер, тұтынушылар және тұтынушылар мен тұтынушылар арасындағы энергетикалық өзара қатынас экологиялық пирамида түрінде өте жақсы көрiнедi (6-сурет). Осы пирамидаға сәйкес қоректік қабат деп аталатын әрбір төменгі қабаттан, әрбiр жоғарғы қабаттарға бүкiл энергияның 10-ға жуығы ауысады.

6-суреm. Экологиялық пирамида.

Егер энергия көп ауысса, бұл төменгі қоректік қабатты бүлдiруге апарып соғады. Бұл заңдылық он пайыздар ережесi деп аталады. Экологиялық шаралар өткiзу кезiнде он пайыздар ережесiн бiлу өте-мөте қажет.

Экожүйе қасиеті. Негiзгi қасиеті - өздiгiнен реттелу.Ол әр түр дарақтары санының белгiлi, салыстырмалы тұрақтылық деңгейде сақталуынан көрінеді.Экожүйенің негiзгi көрсеткiштерi мыналар:

1) түр алуантүрлілігі - бұл тап осы экожүйеде түзiлетiн өсімдіктер мен жануарлар түрінің саны;

2) попиляция тығыздығы- тап осы түр дарақтарының аудан өлшем бiрлiгiндегi немесе көлем өлшем бiрлiгiндегi (мысалы, планктондар үшiн) мөлшерi;

3) биомасса - энергиясы бар дарақтардың толық жиынтығындағы ағзалық заттардың жалпы мөлшерi. (әдетте биомасса аудан немесе көлем өлшем бiрлiгiмен құрғак затқа шығып, масса өлшем бiрлiгiнде көрсетiледi.) Жер биосферасы жиынтығында қалыптасқан барлық нақтылы экожүйелер ашық жүйеге тән. Экожүйе - бұл қозғалысты жүйе. Оның даму барысында тipi зат массасы бiртiндеп баяу жинақталады және оның құрылымы күрделене түceдi.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 8235 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...