Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Биогеоценоз», «биосфера» , «экосистема» , терминдеріне түсінік беру



Негізгі ұғымдар: Популяция, тұқымтоп, табын, үйiр, тұрақты үйiр (прайд), бiрлестiк.Селбесу,мутуализм,серіктестік(комменсализм) пәтерлестік антибиоз (келемсiз қатынастар),бәсекелестік,жыртқыштық, арамтамақтық.

Бiрлестiк (биоценоздар).«Биоценоз» терминiн (грекше «koinos», қазақша оқығанда «ценозь -жалпы) ең алғаш Солтүстiк теңіз қайраңындағы (устрицалы қайран) устрицаның ұрпақ қалдыруын зерттеген неміс зерттеушiсi Карл Мебиус ұсынды. Ол осы терминмен устрицалы қайраңда өмip сүрiп, бiрiмен-бiрi өзара тығыз байланыста болған сан алуан тірі ағзалардың жиынтығын белгiледi (1-сурет).

Биоценоз дегенiмiз - нақтылы кұрлық немесе су үлескiсiнде мекендейтiн барлық тipi ағзалардың (жануарлар,өсімдіктер, саңырауқұлақтар және ұсақ ағзалардың) жиынтығын көрсететін бiрлестiк. Сонымен бiрге бipлесmiк - бұл түрлердi тузетiн жай ғана жинақ емес,солардың арасындағы өзара әрекеттестік жиынтығы. Популяция сияқты бiрлестiктiң өзiндiк қасиеттері (мысалы, түрдің саналуандығы, қоректік тор құрылымы, биомасса,өнiмдiлiк) болады. Әрбiр ағза көптеген өзге ағзалардың қоршауында өмір сүрiп, олармен алуан түрлi қатынаста болады. Бұған қоса бұл қатынастың ағза үшiн жағымды және жағымсыз салдарының да болуы мүмкін. Өзге ағзалармен байланыста қоректену және көбеюге қажетті жағдайларды қорғау, қолайсыз орта жағдайларын жеңiлдету, екiншi жағынан
алғанда - бұл байланыстың қауіптілігі және көбінесе тiптi дара дарақтың өмip cүpyiнe тiкелей қауіп-қатер туғызады. Тiршiлiк иелерінің бiрiне-бiрiнiң әсер ету жиынтығы қоршаған ортаның биотикалық факторлоры деп аталады. Барлық биотикалық факторларды ағзаға әсер ету бағыты бойынша оң, келеңсіз және бейтарап факторларға бөлуге болады.

Оң қатынастар, селбестiк - екі серіктес немесе солардың бiреуi өзара қарым-қатынас кезiнде пайда келтiрiп, бiрлесiп өмір сүру түрі. Мәселен,өгізшоқы (волоклюн - енеке қараторғайы) ipi жануарлардың (енеке, керік, жайлаң, киік, жолат жене ipi қаралардың) денесiндегi
қансорғыш бунақденелілерді және кенелердi жеуге бейiмделген. Африкада таралған. Солтүстiк Америкада егістіктер мен шабындықтар- жиi кездеседi.

1-суреm. Жануарларда топтык бiрлестiк

да өгізшоқы құстар өмip cүpeдi (2-сурет). Ол тұқымдарды және бунақденелiлердi жейді, кебінесе сиырдың жонындағы бунакденелілер мен кенелерді шоқып жейдi. Желайдаршыл балықтар теңiз анемонының өте қауіпті кармалауыштарының ортасында паналайды, теңіз аноменасы осы балық жемiнiң қалдықтарымен қоректенеді.

Көптеген сағырауқұлақтар жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырымен селбесiп, микориза түзедi.

Муmуализм (нақты селбестік ) -ортақтастар арасында өзара пайдалылығымен сипатталатын қатынас кезiндегi селбесу түрі. Таңқы шаянның жұмсақ денелi маржан полиптерi - актиниялармен селбесyi жалпыға мәлiм. Шаян ұлудың (моллюска) бос бақалшағына жайғасады да, оны полиппен бiрге арқалап жүредi. Мұндай бiрге өмip сүру өзара пайдалы әрекет. Шаян су түбiмен бiр орыннан екiншi орынға жылжып, кеңістігін ұлғайтады, сөйтiп актинияның қорегін аулауына пайдалы боладьr. Актиния аулаған жемнiң бiр бөлiгi суға түскен кезде оны шаян жейді.

Сонымен қатар мутуализмге тазқарында - күйiс қайыратын жануарлар қарнының ерекше бөлiгiнде тұрақты өмip сүретін ұсақ ағзалар да мысал бола алады. Бұл ұсақ ағзалар жасунықты (целлюлоза) глюкозаға дейiн ыдыратады. Соның нәтижесiнде ыдыраған глюкозаны, ал ұсақ ағзалар қажетті заттарды, тұздар мен суды пайдаға асырады.

Қыналар - бұлар саңырауқұлақтар мен балдырлардың өте тығыз бiрге өмір сүру нәтижесі, соның негiзiнде жаңа бiрегей ағза түзiледi. Саңырауқұлақтың жiпөрімi (гифа) қына жасушаларын
орап торлайды да, балдырлардың жiпшесi енiп, соратын арнайы өскіндер түзедi. Солар арқылы саңырауқұлақ балдырлар түзген фотосинтез өнімін алады. Ал балдырлар саңырауқұлақ жiпөрiм-
дерiнен су жене минералды тұздарды шығарып пайдаланады.

2-суреm. Селбестік - оң қатынастардың көрінісі
(анемон және өгізшоқы (волоклюн).

Соның арқасында бiрлесiп өмір сүрген қына өте қатал жағдайларда, тiптi тастар да да өмір сүре алады.

Серіктестік (комменсализм - французша - дастарқандастық) -селбесудiң бiр түpi. Бұл бiрге өмip сүрген түрдің бiреуi пайда тауып, екiншiсi оған мән бермейтiн өзара қатынас. Мұнда бiр түр екiншiсiне ешқандай зиян келтірмей, қоректі біржақты пайдаланады.Мысалы, арыстан мен қорқау қасқыр осылай өмip cүpeдi. Қорқау қасқыр арыстанның қоректенуінен қалған қалдықты жейді.

Пәтерлестік (квартиранство). Ағзалардың кейбiреyiне өзге жануар түрінің денесi немесе солардың мекен орны (құрылысы) баспана болады. Балық шабақтары ipi медузалар шатыршасының астына жасырынады.Құстардың ұясында, кемiрyшiлердiң iндepiндe буынаяқтылар өмip cүpeдi. Саңырауқұлақтар көбінесе өсімдіктерді тiршiлiк орнына
пайдаланады, олар ағаш діңіне жабысып өседi. Саңырауқұлақтар иесiнiң шiрiген ұлпасы және бөлiндiлерi есебiнен қоректенеді.

Келеңсіз қатынастар (антибиоз). Бұл - популяцияда өзара әрекеттесушілердің екеуі немесе бiреуi келеңсіз әсерге ұшырау арқылы журетін өзара қатынас түpi.

Бәсекелестік. Бұл экологиялық талаптары ұқсас түрлер арасында туындайтын өзара қатынас. Мұндай түрлер бiр аумақта өмip сүрсе, олардың ресурстар және тiршiлiк орындары үшiн бәсекелесyiне тура келеді. Бәсекелестік дегенiмiз - бұл өзара әрекеттесетін ортақтастардың екеуіне келеңсіздік көрсететін экологиялық қатынастардың бiрден- бiр формасы. Бәсекелестiк өзара әрекеттесу формаларының неше түрлi: тікелей қақтығысудан бiрге өмip сүруге дейiн болуьr мүмкiн. Солай бола тұра ерте ме, кеш пе бәсекелестің бiреуi үстемдiк жасап,
екiншiсiн ығыстырып шығарады. Мысалы, планктонмен және балдыр-
лармен қоректенетін әр алуан балық түрлерi бiр суқоймада қорек үшiн
бәсекелеседі. Сөйтiп, соның нәтижесiнде балықтардың бiр түpi екiншiсiн ығыстырады. Бiздiң суқоймалардағы табан балық балықтардың өзге түрлерiн ығыстырып шығаруда.

3-суреm. Табиғатта жыртқыштық жиi кездеседi.

Жыртқыштық - биоценоздың өздiгiнен реттелуiнде маңызы зор өте кең таралған түрлерiнiң бiрi. Жыртқыштар дегенiмiз - өзге жануарларды аулап, өлтiрiп, солармен қоректенетін жануарлар (сондай-ақ кейбiр өсімдіктер). Оған қасқырлар мен жабайы тұяқты аңдар по-
пуляциясын мысалға алуға болады. Қасқырлардың саны төтенше көп болса, тұяқты аңдар санының кемуінее душар етеді (3-сурет).

Арамтамақтық. Ағзалардың өзге түpдi тiршiлiк орны ретінде ғана емес, тұрақты қоректену көзi ретінде де пайдалана алады. Арамтамақтық түрлердiң бiрнеше он мыңдаған түрлерi белгiлi. Олар зкзопа- разиттер (сыртқы арамтамақтар), мысалы, қан сорғыштар: кене,қандала, бит, бүрге және масалар, сондай-ақ эндопаразиттер (iштiк арамтамақтар), мысалы ағза ішінде өмip сүретін ішқұрттар (ішексорғы, бөсiр (үшкірқұрт), солитер), сондай-ақ ауыр науқас туғызатын бiржасушалы қауiптi паразиттер: трипаносома, хламидия жене плазмодия болып бөлiнедi.

Биогеоценоз туралы ұғымды бiртұтас түзiлiм ретінде баяндалған өсімдіктер бiрлестiгiн (фитоценоз) зерттеген кезде белгiлi орыс экологы В. Н. Сухачев (1940) енгiздi. Алайда бұл термин негiзiнен алғанда отандық әдебиеттерде таралды. Ал шетелдерде көбiнесе ұқсас мәнді «экожүйе: терминi пайдаланылуда.

Экологuялық жүйе дегенiмiз - бұл тұрақты байланыста және өлi табиғаттың құрам бөлiктерiмен (атмосфера, гидросфера жене литосферамен) тiкелей ұласатын тipi ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар және ұсақ ағзалардың) үдемелi және тұрақты бiрлестiгi. Экожуйе биотикалық (биоценоз) жене абuomuкалық (экотоп) бөлiктерден тұрады. Олар үздiксiз болатын зат алмасу және энергиямен байланысты. Оған Күн энергиясы, топырақтың минералды заттары, атмосфера газы, су түсiп тұрады. Одан жылу, оттегі, көмiрқышқыл газ, су арқылы келетiн биогенді заттар, ылғал, бөлiндiлер бөлiнiп шығады.

Мысал ретінде екі қарама-қарсы экожуйенi келтiруге болады. Өте селдiр экожүйелер - шөл экожүйесi, онда өсе алатын өciмдiктep тым тапшы. Ең бай экожүйе - тропиктiк орман экожүйесi.

4.суреm. Жоғары сатыдағы өciмдiктep - ғаламшардың
негiзгi түзушiлерi.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2875 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...