Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Иммунологиялық анамнез



Бұрын ауырған аурулары (жұқпалы ауруларына көңіл бөлу, қай жаста болғаны). Жасына сәйкес жүргізілген алдын-алу егулері (туберкулезға, дифтерияға, көкжөтелге, полиомиелитке, қызылшаға, паротитке қарсы). Сіздің науқасыңызға қатысты алдын-алу егулерінің күнтізбегі. Егулер мен дәрілік заттардан кейін байқалған реакциялары мен асқынулары.

Ауырған аурулары, қай жаста (мүмкіндігінше аурудың басталу және аяқталу күнін көрсету).

Емдеу сипаты (мүмкіндігінше алған дәрі-дәрмектері мен олардың мөлшерін көрсету), қайда емделген.

Туыстарында тұқымқуалаушылық және аллергиялық аурулармен науқастарды ерекше белгілеу.

STATUS PREASENS:

Дене температурасы, ЖЖЖ, ТЖ (ауру тарихына температураның графикалық көрінісі бар температуралық парақ тіркелген, науқас нәжісінің сипаты мен негізгі емдеу шаралары шартты белгілермен көрсетілген.

Науқастың жалпы жағдайы – ауырлық, ол немен негізделген (қндай жетекші синдромдармен).

Қарау кезіндегі науқастың жағдайы (ауыр, орташа ауырлықта, қанағаттанарлық), ояу, ұйықтап жату. Есі (анық, анық емес, ступор немесе сопор жағдайы, ессіз жағдай, кома, сандырақтау, галлюцинациялар). Көңіл-күйі. Тәбеті. Шөлдеу. Лоқсу, құсудың болуы, тәулігіне қанша рет, тамақ ішумен байланысты ма.

Баланың қалпы (белсенді, пассивті, қиналған жағдай), жүріс-тұрысы (мазасыз, психикалық қозу, құрысу), бет әлпеті.

Науқастың жүріс-тұрысы: қоршаған ортаға реакциясы, науқаспен қатынасқа түсу мүмкіндігі. Жоғары қимылды қозушылық, құрысулар – тоникалық, клоникалық, тұрақты немесе ұстамалармен, эйфория, агрессиялық, тежелу – тұйықтық, әлсіздік, апатия, ұйқышылдық, естімеушілік.

Науқастың сыртқы көрінісі (бет әлпеті, мимикасы, домбығу, конъюнктива, склера тамырларының инъекциясы, склералардың иктериялығы, склераларға қан құйылу).

Тамақтануы, тері асты шел майы. Конституциясы.

Тері: боялуы (бозару, цианоз, гиперемия, сарғаю болған кезде оның қарқындылығы мен біркелкілігі), ылғалдылығы, ұстағанда жылы не суықтығы, серпімділігі мен тургоры, ісінулердің болуы, микроциркуляция бұзылыстарының көрінісі: түсі, сипаты (папулалар, везикулалар, қабыршақтар, пустулалар және т.б.) терінің қандай аясында, жаңа бөртпулердің болуы, айқындылығы, элементтердің морфологиясы, телеангиэктазиялар, «медуза басы», тыртықтар, қасу іздері, қабыршақтану (егер науқаста болса).

Шел майы клетчаткасы: дамыған, ісінулер.

Сілекей бездері: паротитті инфекция кезінде барлығы екі жақтан сипатталынып, ұлғайғандарына ерекше көңіл бөлінеді.

Лимфа түйіндері. (орналасуы, өлшемдері, қозғалуы, консистенциясы, ауырсынуы).

Сүйек-буын жүйесі (ауырсыну, пальпация кезінде ауырсыну, деформация, конфигурация, ісінуі, қызаруы, белсенді және пассивты қозғалыстары).

Көздің шырышты қабаттарының жағдайы, конъюнктивиттің, склериттің, қанқұйылудың болуы.

Тыныс алу жүйесі: мұрын арқылы дем алу. Мұрыннан ағатын бөліністер, қанкетулер. Аденоидит болған кезде – көріністердің толық сипаты. Кеуде қуысы: формасы, симметриялығы, деформациясы. Ентігу, бір минуттағы тыныс алу саны, оның сипаты (инспираторлы, экспираторлы, аралас), мұрын қанаттарының делдиюі, кеуде қуысының жұмсақ жерлерінің ішке тартылуы. Тыныс алу жиілігі мен ырғағы, стридор, дауыстың реңі (қарлыққан, маңқылдаған, афония). Жөтел – оның сипаты: сипаты, жиілігі, қарқындылығы, бір тәуліктегі саны, қай мезгілде болуы, қақырық түсе ма жоқ па және қандай, қызару бар ма жоқ па, жөтел кезіндегі беттің цианозы, (көкжөтел кезінде – жөтелдің толық сипаты). Кеуде клеткасының перкуссиясы (сонымен қатар шекаралары), өкпенің аускультациясы: пуэрильді тыныс, везикулярлы, қатқыл, сырылдар – құрғақ, ылғалды (ірі, орташа, ұсақкөпіршікті), крепитация.

Жүрек-тамыр жүйесі: пульстың жиілігі, оның сипаты, жүрек ұшының түрткісі, оның орналасуы, жүректің салыстырмалы тұйықтық шекаралары, аускультативті мәліметтер.

Асқорыту мүшелері: ауыз бен еріннің шырышты қабаттары, саливация. Ауызжұтқыншақ: шырышты қабаттардың гиперемиясы, энантема. Бельский-Филатов симптомы. Таңдай бадамша бездері – өлшемдері, гиперемиясы, сонымен қатар доғашықтардың, бадамша бездерде жабындының болуы, оның сипаттамасы: сипаты, түсі, бадамша бездерде орналасуы. Тілі (қалыңдауы, жабындының болуы, түсі). Тістердің болуы.

Ішті қарау және құрсақ қуысы мүшелерін пальпациялау: іштің пішіні, тыныс алу актісіне қатысуы, іштің үрілуі немесе ішке тартылуы, іштік қабырғасының керілуі мен ауырсынуы, шұрылдау, спастикалық жағдай мен сигманың ауырсынуы, анус жағдайы. Бауыр мен көкбауырдың пальпациясы (олардың өлшемдері, жиегтері, консистенциясы мен сезімталдығы). Бауыр өлшемдері см-мен Курлов бойынша (ортаңғы бұғана және орта сызық, қабырға доғасы бойынша). Пальпаторлы: бауыр өлшемдері қабырға доғасынан төмен см-мен сызықтар бойынша, тығыздығы, жиегі, ауырсынуы; өт қабы. Нәжісі – (сипаты және нәжістің жиілігі, түсі, қоспалар).

Жүйке жүйесі: Интеллекті, көңіл-күйі. Жоғары қозушылық (эйфория, шектентыс көп сөйлей беру, агрессивтілік), тежелу (әлсіздік, апатия, ұйқышылдық, естімеушілік). Бас ауру, бас айналу, ұйқы, ес, сөйлеуі. Менингеальді симптомдар: шүйде бұлшықеттерінің тартылуы, Керниг, Брудзинский, Лессаж симптомдары. Қимылдау сферасы, сезімталдық сферасы. Жүрісі. Рефлекстер: қарашықтардың жарыққа реакциясы, корнеальді, коньюнктивальді, жұтыну, тізе, ахиллов, іштіктік және т.б. Патологиялық рефлекстер. Тілдің, қабақтардың және қол бастарының треморы.

Көру мүшелері.

Көз алмасы, экзофтальм, нистагм, стробизм, птоз, анизокория, көру өткірлігі, «тұманның» болуы, көз алдындағы «торлар», диплопиялар.

Есту мүшелері.

Құлақтан бөліністердің ағуы, құлақ шеміршегін басқан кездегі немесе еміздікше тәрізді өсіндіні басқан кездегі ауырсыну.

Зәршығару жүйесі: Пастернацкий симптомы, тәулігіне зәр шығару жиілігі, дизуриялық көріністер, диурез. Зәр түсі, саны.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 718 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...