Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Эпидемиологиялық анамнез



Жұқпалы ауру науқасымен үйде, көршілес, балалар ұжымында қатынас болу мүмкіндігі. Қайда тұрады: пәтерде, жатақханада, бөлмеде; тұрмыс жағдайы (коммуналды жағдайдың болуы), тұратын жердің санитарлық жағдайы.

Науқастың өмір салты мен жағдайы (эпидемиялық қолайсыз жерде немесе қандай-да бір инфекцияның ошағында тұру, қоршаған жерде жұқпалы аурулар жағдайының туындауы), жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау; үйде үй жануарларының, құстардың, аквариумның, сонымен қатар кеміргіштердің және т.б. болуы.

Жұқпалы аурулар науқастарының (соның ішінде туберкулез, вирусты гепатит, венерологиялық аурулар, баспа, мұрыннан су ағу, диарея және т.б. жедел инфекционды науқастарды көрсету.) жанұяда, үйде болуы; олармен қатынас болды ма.

Қоршаған ересектер арасында аурудың болуы.

Осы аурудың пайда болуымен немен байланыстыруға болады: инфекцияның болу мүмкін берілу механизмін анықтау:

- Шикі су, шикі сүт ішу, жуылмаған жемістер жеу, сапасы нашар тамақ өнімдерін пайдалану;

- Темір жолмен жол жүру, моншаға, шаштаразға, маникюр және педикюр кабинеттеріне, базарға бару; парентеральді араласуларды алу (инъекциялар, қан және оның компоненттерінің трансфузиясы, аспапты тексеру, оперативті араласулар, стоматологиялық манипуляциялар және т.б.) ауру басталғанға дейінгі соңғы 6 ай ішінде (қай жерде және қашан);

- Жарақаттардың, жануарлардың тістеуінің, соғылып-жығылудың, қажау орындарының болуы;

- Эктопаразиттердің болуы. Жол жүріп келгендерден келген жердің эпиджағдайы мен қатынасы анықталады.

Балада аурудың дамуын немен байланыстырасыз.

Жүргізілген алдын-алу егулері (мерзімдері, асқынулары), мед.әкетулердің болуы.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1) Инфекцияның болу мүмкін көзі.

2) Инфекция берілуінің болу мүмкін механизмі мен жолы (жолдары).

3) Инфекция берілуінің болу мүмкін факторы (лары).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 3179 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...