Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы №24Тірек-қимыл аппаратының жарақаты кезіндегі реабилитация



7.2. Мақсаты: Студенттерге тірек-қимыл аппаратының жарақаты кезіндегі реабилитацияны үйрету.

7.3. Оқыту нәтижесі:

Тақырыпты оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

1. Реабилитация негіздері.

2. Медициналық реабилитация кезендері – өмірдің сапалы категориясы.

3. Реабилитациялық көмектің денгейі.

4. Физикалық тәуелсіздіктің шектеу деңгейі.

5. Сүйек, бұлшықет, жүйке, жүрек- қантамыр жүйесінің анатомия – физиологиялық негіздері.

6. Жамбас, аяқ – қол сүйектерінің жаралары, тірек – қимыл аппаратының аурулары кезінде күім принциптері және қалпына келтіру.

7. Аяқ – қол ампутациясынан кейінгі пациент реабилитациясы.

ДДСҰ(ВОЗ)(1980)анықтамасы бойынша медициналық реабилитация ауру немесе функция трамвасы нәтижесіндегі зақымдануды толық жазу егер ол мүмкін болмаса науқастың физикалық, психикалық және қоғамдық потенциалын оптимальды реализациясы, неғұрлым адекватты қоғамға инеграциялауға бағытталған активті процесс (McLellan DL.., 1997 Wade D.Б 1992).

Реабилитацияның жүйесі екі кезеңге жүктеледі.

1. Аурудың дамуының ескертуін және белсенді еңбекке жарамдылығын сақтауын жүргізу, яғни профилактикалық.

2. Жеке және толық қоғамдық-еңбек өмірлеріне ертеде еңбекке жарамсыз адамдарды оңалтып оралдыру, яғни бұл қорытындылық.

Реабилитация процесі үш кезеңмен шектеледі:

1. оңалту терапиясы;

3. реадаптациясы;

3. реабилитациясы.

I-кезеңнің басты мақсаты - ауруды белсенді емделуіне физикалық және психологиялық дайындау.

II-кезеңі - ауруды сыртқы жағдайының ығғайларына үйрету.

III- кезеңі - тұрмыстық дамуы.

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) қаңқадан және бұлшықеттерден тұрады. Қаңқаның атқаратын қызметтері: қан жасау, қорғаныш ету, тірек болу. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофизгармоны соматотропин ықпал етеді.

Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%) тұрады. Ағзалық заттар (оссеин нәруызы) сүйекке - серпінділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамында майлар (15%) және су (50%) да болады.

Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ(қабырғалар, жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде «дене» және «бас- кішкене бас» болып бөлінеді. Сүйек денесі сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты) сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.

Қаңқа сүйектері бірімен-бірі үш амалмен: қимылсыз (бітісу, сүйек тігісі); жарым-жартылай қимылды немесе аз қимылды (сүйектердің аралығындағы шеміршекті қабатшалары) және жылжымалы буындар жолымен байланысады. Бассүйек (астыңғы жақсүйек буынынан басқа), жамбас және омыртқа бағанының сегізкөз- құйымшақ бөлімдерінің сүйектері жылжымай, қимылсыз байланысқан. Жартылай байланысқан сүйектерге омыртқалардың, қол ұшы және аяқ басы (білезік, алақан, табан қоспасы, аяқ басы), қабырғалар және төс сүйек (10 жұп) сүйектерінің өзара байланысы; жаңа туған (шақалақ) және нәрестенің (еңбек) милық бөлігінің сүйектері жатады. Еркін қозғалатын қол-аяқ сүйектері және олардың белдеулері (иық, шынтақ, көрі жілік-білезік, жамбас-ортан жілік, тізе, сирак-аяқ ұшы), омыртқа бағаны мен бассүйек және саусақ башпайларының сүйектері қозғалмалы сүйектер болып саналады.

Қаңқа бөліктеріпе: бассүйек (омыртқа бағаны жөне кеуде торы) және аяқ-қол (аяқ-кол белдеулері және еркін қозғалатын қол және аяқ) сүйектері жатады. Олардың кұрамына енетін ірі сүйектерді жатқа біліп, суреттен көрсете білу кажет. Бассүйектің екі бөлімі бар, сүйектері жұп және так болып келеді.

Милық бөлімде: шүйде және маңдай сүйектері - так, ал төбе және самай сүйектері жұп орналасқан. Бет бөліміндегі бетсүйек пен үстіңгі жақ сүйектер — жұп, төменгі жақсүйек так болып келеді. Бұл сүйектердің барлығы, астыңғы жақ-сүйектен басқасы (буын), жалпақ және тігіс арқылы байланысқан.

Кеуде торы бір тәссүйектен және 12 жұп қабырғадан тұрады. Омыртқа бағаны 33-34 омыртқадан құралады. Омыртқа бағанының мынадай бөлімдері бар: 7 мойын; 12 кеуде; 5 бел; 5 сегізкөз; 4-5 құйымшақ омыртқалардан тұрады. Жалпақ сүйектердің барлығы жартылай қозғалмалы байланысқан, қабырғалар омыртқа бағанына буын арқылы байланысады.

Қол белдеуінде екі-екіден жауырын және бұғана сүйектері бар. Еркін қозғалатын қолдың тоқпан жілік және жілік пен шынтақ сүйектерінен құралған білек сүйегі; білезік, алақан және саусақтың бақайшағынан (бас бармақтан басқа саусақтардың барлығында үш-үштен бақайшақ болады) құралатын қол басы сүйегі бар.

Аяқ белдеуінде екі жамбас сүйегі болады. Олардың әрқайсысы бітісіп кеткен үш сүйектен: мықын сүйек, шонданай сүйек, қасаға сүйектерден құралған. Еркін қозғалатым аяқтың ортан жілік, сирақ сүйектері - асықты жілік және кіші жіліншік сүйектерінен; аяк ұшының сүйектері табан қоспасының сүйектерінен, табан сүйектерінен, саусақ бақайларынан құралады.

Адам қаңқасы құрылысы, химиялық құрамы және сүйектер байланысы, қаңқа бөлімдерінің бірдейлігі жағынан приматтарға ұқсас. Адам қаңқасындағы айырмашылық тік жүруге және еңбектену өрекетіне байланысты қалыптасқан. Бұл айырмашылықтарға омыртқа жотасының 8 пішінді болуы (4 иілімі бар: бірінші, үшіншісі - алға қарай; екінші және төртіншісі артқа қарай иілген), аяқ ұшының күмбезденуі, кеуде торы қабысып, жамбасы астауша тәрізденген, бассүйектің милық бөлігінің, бетсүйектен үлкен болуы, қарақұс тесігінің артқа қарай ығысуы жатады.

Қаңқа бұлшықеттері - тірек-қимыл жүйесінің пәрменді бөлігі. Қаңқаның бұлшықеттері қолдонеңжолақты болып келетіндіктен, қоза да (жүйке козу толқынына жауап қайтарып), жиырыла да және қажи да алады. Адам денесінде пішіні сан алуан және бірнеше қабатты 600-ден астам бұлшықет болады. Бұлшықеттердің әрқайсысы бұлшықет талшықтары деп аталатын жасушалардан (миоциттерден) тұрады. Талшықтар будаланады да, будалар жалпы дәнекер түптекті қабықшаға - шандыр бұлшықеттеріне бірігеді. Әрбір бұлшықеттің ішінде жасушаларды қоректендіретін, оларға тыныс алғызатын тармақталған қантарату тамырлар, сондай-ақ бұлшықеттердің жиырылуын басқаратын жүйкелер бар. Бұлшықеттер сүйектерге сіңірлердің көмегімен бекінеді. Олар екі немесе одан да көбірек сүйектерге бекініп, жиырылған кезде сүйекті өзіне қарай тартады. Өйткені бұлшықеттер босаңсу арқылы сүйекті өзінен алшақтата алмайды, бұлшықеттердің әрқайсысында қарсы әсерлі зат (антогонист) - қарама-қарсылық бар. Мысалы, екібасты бұлшықет (бицепс) - шынтақ буынын бүккіш. Ал үшбасты бұлшықет (трицепс) - шынтақ буынын жазғыш. Сезім билейтін бұлшыкеттері бір ұшымен — бассүйек сүйектеріне, екінші ұшымен теріге бекінеді. Оттегі жетіспегенде және сүт қышқылы жинақталғанда, сіңірлер созылғанда, жүйкелік орталықтар «қажығанда», бұлшыкеттер де қажиды.

Кезеңдеп реабилитациясының жүйесінің бастапқы және аяқтаушысы болып диспансеризация саналады.

Диспансеризация - дегеніміз көмек емінің және бақылаудың, анықтаудың әдісі деп түсінуге болады. Ауруларды диспансерлік топқа үйде қатынауымен, тұрғындарды амбулаториялық қабылдауында медициналық тексеріспен қабылдау арқылы іріктеледі. Неврологиялық бөлімшелерінде жіті кезеңде түскен қозғалуларының және тілдерінің бұзылыстарымен науқастарды емдеуден соң реабилитациялық стационарға түседі. Оның ішінде науқастардың өмір істеріне және еңбекке дамытуын үйретеді, өзін-өзі қамтуға икемдендіреді, айналасындағылардан әлеуметтік тәуелсіздікке үйренеді. Олар әлеуметтік шараларға жатады. Еңбекке және тұрмыстыққа орналастыру, әлеуметтік және еңбектік сараптамалық сұрақтарды шешеді.

Реабилитациялық емдердің әдістері:

1. психотерапия,

2. емдік физмәдениет,

3. физиотерапия,

4. еңбек терапия.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Реабилитация негіздері?

2. Медициналық реабилитация кезендері – өмірдің сапалы категориясын атаңыз?

3. Реабилитациялық көмектің неше денгейі бар?

4. Физикалық тәуелсіздіктің шектеу деңгейін атаңыз?

5. Сүйек, бұлшықет, жүйке, жүрек- қантамыр жүйесінің анатомия – физиологиялық негіздерін атаңыз?

6. Жамбас, аяқ – қол сүйектерінің жаралары, тірек – қимыл аппаратының аурулары кезінде күтім принциптері және қалпына келтіру.

7. Аяқ – қол ампутациясынан кейінгі пациент реабилитациясы қандай?

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 15242 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...