Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халі ауыр науҚасты мҰрын-асҚазан сҮҢгісі арҚылы тамаҚтандыру



Мақсаты: сүнгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операңиядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

Дайындаңыз: залалсыздандырылган, 8-10 мм диаметрдегі жіңішке асқазан сүнгісін, 200 мл қүйғыны немесе Жане шприңін, салфеткаларды, фураңилин ертіндісін, қасқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сүйық тамақты 600-800 мл мөлшерінде, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жэне туыстарына емшаранын барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

3. Енгізетін сүнгінің үзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз немесе төменгі күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүнгіге белгі салыңыз.

4. Фураңилин ертіндісін лотокқа қүйыңыз және оған сүнгіні белгіге дейін салыңыз.

5. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басынын және мойыннын астына жастықты салып, басын қырына қарай бүрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

6. Қолғапты киіңіз, мүрын жолдарын қараңыз.

7. Төменгі мүрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүнгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз, науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз, сол қолдың саусағымен оның қалпын мүрын-жүтқыншақтан анықтаңыз жэне жүтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, жүтынуын сүраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз), сүнгінің белгіленген белгісіне дейін.

8. 30-40 мл ауаны жане шприңіне сорып алып жэне оны сүнгіге жалғастырыңыз.

9. Фонендоскоптын басын асқазан аймағынын үстіне қойыңыз. Ю.Фонендоскоптын бақылаумен ауаны сүнгі арқылы асқазанға енгізіңіз

(дыбысты естіңіз).

11.Сүнгіге қысқышты салып, шприңті алыңыз. Сүнгінін сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

12.Сүнгіні кесінді бинтпен бекітіңіз жэне оны науқастын бетінің айналасына жэне басына байлаңыз (немесе жабысқыш пластырьмен мүрынның қырына). Жане шприңіне даярланған жылы сүйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

13.Сүнгіден қысқышты алыңыз, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне поршенсіз жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

14.Құйғыны немесе Жане шприңін сәл енкейтіп, оған даярланған тамақты қүйыңыз, ақырындап қүйғыны көтеріңіз, тек қана қүйғынын ауызында тамақ қалмағанша.

15.Асқазан деңгейіне дейін күйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

16.Тамақтандырғаннан кейін сүнгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

17.Сүнгінің шетіне қысқыш салыңыз, қүйғыны алыңыз. Сүнгінін шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, келесі тамақтанганга дейін науқастын мойынына ілгекті бинтпен бекітіңіз(немесе оны науқастын киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

18.Қолгапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кегітіріңіз.

Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде сүнгіні 2-3 аптадай

қалдырады, шырышты қабықтын ойылуының алды алуын жүргізеді:

- 1-38-40° су моншасында тамақты жылытады;

- егерде қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;

- егерде науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бүрылган, жатқан қалыпта болады;

- сүнгі кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бүл жағдайда сүнгіні жылдам шығару қажет.

Гастростома - асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.

Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.

Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке үқсас тесік - еюностома салынады.

Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына - тігіспен немесе үзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.

Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.

Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жаранын арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден оң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт откен соң үлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.

Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан жэне ішек ішіндегі заттар өтеді.

Тану проңесінде түтіктін қалпын үқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында үстап түруды. Егерде түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4411 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...